Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3124 2 пікір 16 Желтоқсан, 2022 сағат 12:10

Отарлаудан қалған жараны жазу үшін...

Джеймс Камеронның әлем жұрты көптен елеңдей күткен кезекті туындысы көрерменге жол тартты. “Аватар: Су жолы” фильмнің қазақша дыбысталған нұсқасын көрдік. Үлкен еңбек. Басы-қасында жүргендердің қазақ дубляжын жаңа деңгейге көтеруге тырысқандары байқалады.

Тілі жатық, ұлттық қабылдауға үйлесімді. Осы қалпымен ілгерлей берсе, даму болмақ. Игі іске мұрындық болып жүрген Мәдениет және спорт министрлігі жақсы дәстүрді ары қарай жалғастырамыз деп отыр.

Енді ана тіліміздегі көрсетіліміне бәріміз барып, сұраныс бар екенін көрсетсек жақсы болар еді. Тиімсіз уақытқа қойылғаны туралы да айтылып жатыр. Егер ондай мәселе болса, заңдық я қоғамның белсенділігі арқылы реттеуге болады деп ойлаймын.

Картинаны арнайы барып көріп, әсерді сезінудің өзіндік ләззаты бар. Бюджеті ең қымбат туындының бірі. Салли отбасының басынан кешкендері туралы эпикалық ғылыми фантастикалық фильмнен жаңа анимациялық құралдардың әсері мен визуальдық эффектілер бірден байқалады.

Түйгеніміз: өркениеттер қақтығысы, ресурс үшін күрес. Жаңа өріс іздеген агрессорлардың өзге жерлерге көз алартып, озбырлық жасап, отарлауға ұмтылуының соңы басқыншылардың көмусіз қалуына әкеледі. Табиғат пен адам үйлесімді өмір сүріп жатқан ортада агрессорлармен күреске шыққан жергілікті тайпаларға табиғат та, хайуанат та көмекке келеді... Туған жер қашан да тірек.

Алда демалыс күндері. Қазақша дубляжды нұсқасына барайық, шыққанын айналамызға айта жүрейік. Отарлаудан қалған жараны жазу үшін күресіміздің бір амалы осы болсын!

Ержан Төлек

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522