Cағиятолла, сау бол!
Мәжілістегі «Ақжол» партиясы фракциясының депутаты Сағиятолла Сәрсенов депутаттық мандатын өз еркімен тапсырып, Парламентпен қош айтысатынын мәлімдеді.
«Ақжолға» алатайдай бүлінетіндей не күн туды? Әлде сол күнді тудырып отыр ма?
Мәжіліс сайлауынан өткен соң, қасына өңшең кәсіпкер, экономисттерді ертіп кірген Перуашев «дағдарыс кезінде Мәжілістен елдің жайын жоғарыға жеткізеді» деген партияластарынан бір-бірлеп айырылып жатыр. Әуелі, Аманжан Рысқали кетті. Енді міне, Сағиятолла Сәрсенов те сырғып барады.
«Елдегі экономикалық мәселелерде тегеруінді күш болып, халықтың сойылын соғамыз» деп, Амангелді Айталы, Қазыбек Иса секілді ұлт мәселесінде табандылық танытқан тұлғаларды ысырып тастап, Мәжіліске бизнесмендерді жетектеп барған Азат мырзаның партиясы соңғы уақыттағы жаппай қымбатшылықта да бір ауыз сөз айтпады. Сонда әуелде айтқан сөз қайда? Бәлкім, Сағиятолла партияның сөзі мен ісі екі басқа екенін көрген соң кетіп бара жатқан шығар. Әлде «Нұр Отанның» кезектен тыс депутаттарына орын қажет болып, «Сағиятолла, сау бол!» деді ме?
Жұрт білетіндей, «нұротандықтардың» Мәжілістегі қатары Ольга Шишигина, Серік Сейдумановпен толыққан болатын.

Мәселенің мән-жайын нақтылай түсейік деп Сағиятолла мырзаның қалтателефонына қоңырау шалғанбыз, «байланыс аясынан тыс жерде» болып шықты. Содан Орталық сайлау комиссиясымен байланысқа шығып мынандай «тіл-хат» алдық.
Бақыт Мелдешев, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
- Бізге Cағиятолла Сәрсеновтің депутаттық мандатын тоқтату жөнінде «Ақжол» партиясынан және депутаттың өзінен арыз түскен жоқ.
Орталық сайлау комиссиясы арыз түскен соң, оны қарап қажетті құжаттарды түзіп, депутаттың мандатын тоқтату жөніде Парламенттің төменгі палатасының қарауына жібереді. Шешімді Мәжіліс депутаттары қабылдайды.
Іргесі сөгіле бастаған «ақжолдықтарға» қарап отырып, енді Мәжіліс депутаттығының мандатын қайсысы қайтарып береді екен деп ойға қалатын жағдайға жеттік. Расында қарай жүрейікші. Мәжілісте «Ақжолдан» кімдер бар еді өзі?
Abai.kz
«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракциясы
ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы
Депутаттық фракцияның жетекшісі
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
ӘБІЛДАЕВ Азамат Рахатұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
ЕРҒАЛИЕВ Талғат Файзуллаұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
ЖАЗЫЛБЕКОВ Нұрлан Әбдіжапарұлы
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
ҚАЗБЕКОВА Меруерт Айтқажықызы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы
НИКИТИНСКАЯ Екатерина Сергеевна
Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы
САРСЕНОВ Сағиятулла Өмірзақұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
ТҰРТАЕВ Алмас Ұзақұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі