Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2800 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 11:38

БАҚ-тағы қасаң жүйені қалай өзгертеміз?

02.03.2013

Image

Әмбебап журналистен бас тартып, салалық журналистикаға көшу керек пе? Қазақстанда ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының екпіні неліктен күн сайын күшейіп барады? Елдегі баспасөз бен телеарна ескі жүйеден неге шыға алмай отыр? Аймақтық журналистиканың қордаланған мәселелерін қалай шешеміз? Астанада «Риксос» қонақүйінде «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында әріптестер осындай сауалдарды талқыға салды.

Басқосуды жүргізген журналист Берік Уәли жақында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпарат­тық саясаттың өзекті мәселелері турасында қозғалған тақырыпқа орайластырып ұйымдастыруды жөн санапты. БАҚ-тың бұрыннан қалыптасып қалған таптаурын жүйеден шығып, жаңа медианарық тала­бымен жұмыс істеуге көшуі жоғарыдағы жиында көтерілгенімен алдымен жүзеге асатын қадамдар әзірге анықталмаған секілді. Сондықтан да әріптестер қауымы әркімнің көкейінде жүрген мәселелерге орай пікір өрбітті.

02.03.2013

Image

Әмбебап журналистен бас тартып, салалық журналистикаға көшу керек пе? Қазақстанда ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының екпіні неліктен күн сайын күшейіп барады? Елдегі баспасөз бен телеарна ескі жүйеден неге шыға алмай отыр? Аймақтық журналистиканың қордаланған мәселелерін қалай шешеміз? Астанада «Риксос» қонақүйінде «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында әріптестер осындай сауалдарды талқыға салды.

Басқосуды жүргізген журналист Берік Уәли жақында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпарат­тық саясаттың өзекті мәселелері турасында қозғалған тақырыпқа орайластырып ұйымдастыруды жөн санапты. БАҚ-тың бұрыннан қалыптасып қалған таптаурын жүйеден шығып, жаңа медианарық тала­бымен жұмыс істеуге көшуі жоғарыдағы жиында көтерілгенімен алдымен жүзеге асатын қадамдар әзірге анықталмаған секілді. Сондықтан да әріптестер қауымы әркімнің көкейінде жүрген мәселелерге орай пікір өрбітті.

Қонақ ретінде қатысқан ҚР Прези­дент жанындағы Орталық коммуника­циялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев­тың қазақ журналистикасына қатысты ойларын орынсыз дей алмайсыз. Үш тілді еркін меңгерген азамат кезінде шетелде білім алып, дамыған мемлекет­тегі баспа­сөз­дің жұмыс тәсілдеріне үнемі зер салып жүріпті. Нәтижесінде, біздегідей әмбебап журналиске қарағанда, салалық журна­лис­тикаға көшу керек дейтін тоқ­тамға келген. Айталық, Еуропа елдерінде тиісті құрылым жетекшілері баспасөз мәсли­хатын өткізу үшін редакцияларға қоңы­рау­латып, тақырыбы мен қаты­сушысын хабарлаған соң, ақпарат құ­ралының бас­шылығы баспасөз мәс­лихатына тек қана қамтылатын салаға машықтанған тілшіні ғана жібереді екен. Егер ол журналистің мүмкіндігі болмаса, орнына келесісін аттандыра салмайды. Мәслихатқа қаты­сушы міндетті түрде жан-жақты ақпарат­пен қаруланып, керек десеңіз қиын сауалдармен сұхбат берушіні тығырыққа тіреп жатады. «Ал бізде, керісінше. Күні кеше ғана Алматыда «алтылықтың» Иран ядролық бағ­дарламасына байланысты жиын өткенде, қазақтілді әріптестер үнсіз отыр. «Сұрақ қойыңыздар, неге белсен­ді­лік­теріңіз төмен?» десем, «біздің қаты­сы­мыз қанша?» деп, өзіме сұрақ қояды» дейді А.Әбибуллаев. Мұның себебін әри­не, тақырыпты білмейтіндігімен, яғни са­лаға машықтанбауымен байланыс­тырады.

«Абай» порталының бас редакторы Дәу­рен Қуаттың ойынша, қазақ баспа­сө­зінің жетістігі бар, ұтылысы - ақпараттық кеңістікті көрші елдің газет-журналы мен телеарнасына беріп қою. Егемендіктің ал­ғашқы жылдарындағы жағдай сәтті бастал­ғанымен бертін келе, «Алма ТВ» ресейлік телеарналарды таратуды, «Каз­пресс» сынды жекелеген сату жүйелері негізінен журналдарын елімізге әкеліп саудалауды бастады. «Оларға ешкім де тапсырма бер­ген жоқ, бұл тұста табыс, пайда үшін бас­тал­ған әрекеттер ақырында ақпарат кеңіс­тігін түгелімен басып алу­ла­рына әкеліп соқ­тырды. Кезінде екі мем­лекеттің арасын­да өзара баспасөзді тарату бойынша келі­сімшарт болған, соған сүйенген кәсіп­кер­лер қаржы үшін әртүрлі сылтаулармен қа­зақтілді басылымдарды тықсырып тастады. Біздің министрлік бұл мәселені күн тәртібіне шығарып, қарауы керек» дейді ол. Интернет порталды жүр­гізетін әріп­те­сіміз аймақтағы журналисти­каның бір­қатар кемшіліктерін атады. Кадрдың тап­шылығы, заманауи ақпараттық техно­ло­гияны мең­гер­меу, әкімшіліктік қысымдар, т.б. сияқты кедергілерді бұзбай, кеңге құлаш жазуы қиын. Жаңа жолы ретінде аймақтардың өзінде интернет сайттарды ұйымдастырып, жас қалам­гер­лерді соның аясына топ­тас­тырудың қа­рекетін жасау керек. Мүмкін мемлекеттік басылым­дар­дың белгілі бір акцияларын ұлттық компанияларға сата отырып та, тосын қа­дам­дарға да баруды ойластырған жөн.

«Хабар» агенттігінің басқарма төр­ағасы Айдос Үкібаев Мемлекеттік хатшы көтерген мәселелердің өздеріне де ті­келей қатыстылығын айтып, енді тап­таурын жүйені жаңалайтын тың қадам­дарды қарастырып жатқандарын жеткізді. Ал «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қа­рин көпшілікті мезі еткен қасаң жүйені өзгерту үшін алдымен саламен айна­лысатын мемлекеттік құрылымдардың БАҚ-пен қарым-қатынасын өзгерту керектігіне тоқталды. Өйткені редак­цияларға қоғамдағы кез келген оқиға­ларды жариялауға қатысты міндетте­мелердің өзі жоғарыдан түсетіндігі жа­сырын емес қой. Оның үстіне, «шаш ал десе, бас алатындар» тағы бар. Қысқа күнде қырық құбылатын «саяси қас-қабақтарға» қарайлаған қаламнан қай­бір оқылымды немесе шынайы мақала шықсын?! Қариннің ойынша, «Үкімет­тен қоғамға қарай бағытталған әрекеттің кері жауабын ешкім керек етпейді. Сондықтан да «уралаған» оқылымсыз дүниелер қаптайды. Мемлекеттік хатшы мәселені мезгілінде және нақты сұрақ­тармен көтерді. Расында да, мемлекет­тік БАҚ-тардың сайттары алғашқы елулік­ке де кірмейді, есесіне, аймақтағы кей­бір порталдарды оқылымдылығы олар­дан жоғары. Алып бара жатқан дизайны жоқ, мәселе мазмұнда. Әйтсе де телеарна­лар бойынша рейтинг негізінен қазақтіл­ді бағдарламалардың арқасында көтеріліп отыр».
Екі сағатқа созылған отырыс аясында журналистердің әлеуметтік ахуалын оңалту, біліктілігін көтеру, блогерлердің жұмысын жандандыруға қатысты да пікірталасты ой өрбіді. Әріптестер туын­даған түрлі сауалдарды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы жолдап, ортақ ше­шімін бірлесіп іздейтін болды.

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ
Астана қаласы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371