Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2615 0 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 14:48

Бұрынғы ҚызПУ ректоры сотталды

Қарасай аудандық сотында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тұрақты жер пайдалану құқығына Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 9 га жер телімі берілді. 2018 жылы сотталушы университет ректоры бола тұра, өз ағасын кеңесші қызметіне тағайындады. 2018 жылдың наурыз айында олар университеттің меншігіндегі жер телімін заңсыз иеліктен шығару үшін қылмысқа барды.

2018 жылдың наурыз айының соңында ректордың ағасы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысына жүгінген. Ол өз кезегінде өзінің орынбасарын, сондай-ақ маманды қылмыстық жоспарға тартты.

Осы тұлғалар 2021 жылдың қаңтарында қылмыс іздерін жасыру және жер учаскесін университет балансына жалған қайтару мақсатында мемлекеттің жер қорынан құқық белгілейтін құжаттарсыз санитарлық аймақтағы және жеке меншікке беруге жатпайтын Көлді кентінде орналасқан жер учаскесін заңсыз бөлген.

Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді.

Қарасай аудандық сотының үкімімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және Қарасай аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен Қарасай аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.

Еске салайық 2021 жылы қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер учаскесін иемденіп, сатып жіберді деген күдікпен бірқатар лауазымды тұлға ұсталған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723