Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 2760 9 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 15:02

Млечин: Ресей Қазақстанды өзіне қарсы қоюда...

Ресей саясаткерлерінің Қазақстанға қарсы сөздері антиресейлік көзқарастың күшеюіне себеп болып отыр. Бұл туралы Ресей журналисі Леонид Млечин «Қасіретті қаңтар» кітабында жазды.

«Тоқаевқа қазір өте қиын. Батыс елдің саяси жүйесін радикалды түрде өзгертуді талап етіп отыр. Бірақ Тоқаевтың жанына бататыны – Қазақстанның мемлекеттігіне қарсы жасалып отырған шабуылдар. «Лениннің қазақтарға сыйға берген жерлері» деген тақырып кейбір Ресейліктердің санасын жаулаған. Парламент партияларының басшысының бірі: «Украинадағы арнайы әскери операция сәтті аяқталғаннан кейін Ресей Қазақстанды денацификациялауға кіріседі», - дегенді айтты. Тоқаевтың өзін «ұлтшыл» етіп қойды. Мұндай мәлімдемелер, әрине, қазақ халқын алаңдатады және міндетті түрде Ресейге қарсы көңіл-күйді қалыптастырады», - деп жазды Млечин.

Автор Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың: «Ресей саясаттанушыларының Қазақстанға қатысты мұндай мәлімдемелері Үкіметтің ресми көзқарасын көрсетпейді. Бұл екі елдің қарым-қатынасына көлеңке түсірмеуі керек, оларды тіпті тыңдаудың қажеті жоқ», - деген сөзін еске алады.

ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің 2022 жылғы қарашадағы сессиясында Тоқаев: «Қазақстанның одақтастармен және серіктестермен достық, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын жан-жақты нығайтуға бағытталған стратегиялық бағыт өзгеріссіз қалады», - деді.

Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетов (Президент Әкімшілігінің басшысы, Қорғаныс министрі, ҚР Ресейдегі елшісі болған) ҰҚШҰ – ның жаңа Бас хатшысы болып үш жыл мерзімге сайланды. Президент Тоқаев өзінің сүйікті Қазақстанының геосаяси тұрғыда жападан-жалғыз қалуына жол бермейді.

Тоқаев Ресейді бұрынғы қалпында Қазақстанның басты одақтасы екенін растайды. Ресеймен стратегиялық серіктестікті берік ұстанады және сауатсыз айыптауларды жақын қабылдамауға тырысады», - делінген кітапта.

Журналист атап өткендей, Ресей мен Қазақстан одақтас және 2013 жылғы шарт бойынша халықаралық аренадағы өз іс-әрекеттері туралы бір-біріне хабарлауға міндетті, өздерінің сыртқы саяси ұстанымдары мен акцияларын келісіп, үйлестіруге тиіс.

«Тоқаев 26 қараша сенбіде қызметіне қайта кірісіп, бір күн өткен соң Мәскеуге ұшып барды.  Владимир Путин «Әрине, біз Қазақстан Президентімен үнемі кездесіп отырамыз, жақында ғана жолыққанбыз. Бірақ бүгінгі сапар ерекше маңызға ие. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан Президенті болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың ерекше сипатын көрсетеді. Біз оны жоғары бағалаймыз», - деді.

«Қазақстан үшінРесей Федерациясы негізгі стратегиялық серіктес, бізді әртүрлі салалардағы терең қарым-қатынастар байланыстырады, - деді Қасым - Жомарт Тоқаев»», - деп жазды автор.

Журналист 2022 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толғанын, осы тарихи күнге арналған декларацияға қол қойып отырғанымызды еске салды.

«Тоқаев Мәскеуде және Ресей үкіметінің басшысы Михаил Владимирович Мишустинмен кездесті. «Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапарыңызды Ресей Федерациясына жасағаныңыз біз үшін маңызды. Бұл ретте ресейліктер мен қазақстандықтардың ғасырлар бойғы достығына негізделген бауырластық, одақтастық қарым-қатынастарымыздың одан әрі нығаятынын көріп отырмыз. Ресейдің Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдету туралы стратегиялық шешімдер қабылданды», - деді ол» деп еске салады Млечин.

Айжан Темірхан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314