Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2837 0 пікір 7 Наурыз, 2013 сағат 02:37

Дидар Амантай. Жар қабақта ойнап жүрген топ бала

Уақыт өзгерді. Әдебиет моральдық қағидасын жоғалтып, эстетикаға айналды. Бүгін ешкім сізден Толстой болуды талап етпейді, өйткені, қазіргі таңда шығармашылықты кәсіп еткен тақуа жандар өнерге, өнер қабілетіне сенбейді. Және олар - тақуа емес. Замандастарымыздың басым көпшілігі тақуа адамның бейнесін кейіптеп, жалған сопының рөлін ойнап жүр. Өнер шынайылық қасиетінен айырылды. Технологияның дамуы өнерді құнсыздандырды. Суретші өнері қаншалықты бағалы болса да, жылдам ырғаққа үйренген бүгінгі цивилизация баласы фотографияны тәуір көреді. Фотоаппаратпен бірге адамзат қоғамына бұқаралық, көпшілік мәдениеті келді. Талантты суретші бір шығармасын жазып біткенше, технология миллиондаған пошта маркаларын басып шығарады. Сыртқы бір сәттік алдамшы көрініс мәңгілік шынайы ішкі құндылықтан басым түсіп отыр. Адамзат әйтеуір бір күні алданып отырғанын түсінеді. Сонда, ол бүлік бастайды. Өнердің де, адамдардың да жоғалтқаны - шынайылық («искренность»), содан соң - төлтумалық («подлинность»). Әрине, ол - салдары. Мүмкін, адам баласына бұл жолды да жүріп өту керек шығар.

Менің құрдастарым өнер қабілетінен айырылған шақта әдебиетке келді. Жастығымызды, қызық-думанды кештерімізді құрбандыққа шалған біздер 1990-шы жылдардың басында Алматыға жат қаланы бағындыруға лап қойдық. Екі қиындықты - тұрмыс және өнер дағдарысын - басымыздан кешіп жүрсек те, ешқашан өкінген емеспіз.
Джером Д.Сэлинджердің бір кейіпкері: «Понимаешь, я себе представил, как маленькие ребятишки играют вечером в огромном поле, во ржи. Тысячи малышей и кругом - ни души, ни одного взрослого, кроме меня. А я стою на самом краю обрыва, над пропастью, понимаешь? И мое дело - ловить ребятишек, чтобы они не сорвались в пропасть», - дейді аты шулы "The Catcher in the Rye" атты ғажап кітабында.
Мен өнердің, әдебиеттің көздеген мақсат-мұратын осыдан көремін.

1999 жыл
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371