Министр Қанат Мусин қызмет ауыстырды
Бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындалды. 2021 жылы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрі болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусин, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев және Сергей Федорович Ударцев тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды.
29 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың төрағасы қызметіне Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды.
Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Э. Азимованың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
Сенаттың жылпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды.
Abai.kz