Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Әдебиет 4586 2 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 14:17

Таңжарықтың совет-қазақ жеріне баруы

Басы: Таңжарық көрген тарихи кезең

ХХ ғасырдың 1920 жылдарынан бастап сол Совет қазақ жерінен қашып келіп жатқан білімдер байлар жағынан айтылып жүрген Совет одағына жаңа үкімет орнатыпты. Байлардың малын тәркілеп қуғындап жатыпты, кедейдің баласы пұлсыз тегін оқиды екен деген хабарды естіп жүреді. Қазақ жеріне барып оқуды арман етеді. Білімге деген жастық жалын басылмайды, тіпті үдей түседі.

1922 жылы Күнес ауданы Таңжарық ауылындағы атақты Сасан бидің баласы Нұптебек байдың Күнес Ақөзен жайлауында 400 қазақ үй тігіліп ат шаптырып атақты үлкен ас беріледі. Нүптебек Сасанұлының асы дабырлы өтеді. Даңқы Іле өңірінен асып талай жерге жетеді. Бас байгеге 100 жылқы, 15 мәнерленген құрым попайка беріледі. Нүптебекпопайка зауытын салдырып, тері мәнерлеу зауытын жасаған адам. Таңжарық Жолдыұлы: «Нүсіпбектің асы» деп аталатын атақты шығармасын жазды. Нүптебектің асы 1922 жылы Күнес Ақөзен жайлауында болған.

Біреуді артық, біреуді бай жаратып,
Зарықтырдың біреуді бәрінен кем.
Толқыған толықсыған дүниеде,
Жаралған адам болмас бәріне тең.
Бір мың тоғыз жүз жиырма екінші жыл,

Ас болды Ақөзенде көріп ем мен, - деген сөз қалдырған ақын. Және Әсейін, Әбікен сияқты талай жолдастармен ақылдасып Совет одағындағы Қазақ жеріне өтіп оқу қууды көбірек айтады. Бірақ бұлардың барлығының барғысы келмейді. Осымен жас жылқышылармен құпия сөйлесіп Нұптебек байдың жылқысын ішіндегі атағы шыққан кетік көк деген атты жасырын ұстап, тілін буып жаратып, ақыры сол 1922 жылы қазан айларының аяғында осы кетік көк атты мініп қазақ жеріне қарай бет түзейді. Жасырын қашып шыққан жалынды жас жігіт алып ұшқан жастық жалынын тоқтата алмай сан белдерден асады. Ақырғы күздің салқын самалында тербеліп көп жолды артына қалдырып Нарынқол, Қарқара деп аталатын жердегі Ұлы жүз албан еліндегі нағашыларына барып, нағашыларының көмегімен ел көріп, жер көріп, армандаған оқуын жалғастырады. Бәйге кетік көк атқа мініп елінен қашып шыққан жастық жалын қиянда қияларға жетелесе ұзақ жол қажытқанымен, асқар шың жасыл дала ақынды шыңдай түседі. «Арманым менің» деген өлеңі осы кезде шыққан сияқты, ақын осылай әндетіп келді. Міне бұл жас жүректен шыққан арман әні деп айтады.

Сол заманда жападан жалғыз елден шығып ұзақ жол басып жат жерге барғандығы азаматтың қайтпас қайсар ерлігінің көрінісі дегің келеді.

Арманым менің әнін шырқап келеді

Арманым әттең дүние халім менің,
Жоқ болды-аау сөзім күшті мәлім менің.
Босаға кедейдікі, төр байдікі,
Қайнайды сол жеріне қаным менің.
Бұл күнде тіл сөйлемей пұл сөйлеген,
Шыдайды бұған қайтып жаным менің.
Тон келте, жүнім сұйық, құйырық шолақ,
Жетіліп бір шықпайды-ау жалым менің.
Бір атты өзім мінсем басқаға жоқ,
Жетеді неменеге әлім менің.
Баспана жыртылған қос, сауын жалғыз,
Не болар кемпір менен шалым менің.
Қапаста шырылдаған боз торғаймын,
Бұлбұлдай естілер ме әнім менің.
Аударып феодалдық өктемдікті,
Қай уақытта атар екен таңым менің.
Есе алса езілгендер зұлымдардан,
Сол кезде түрленер ең сәнім менің.
Көксеген арманыма жетіп өлсем,
Қабырда шірімес еді тәнім менің, - деген ақын толғауларынан терең нәр, білім жатыр. Өзінің кедейлігі, әлсіздігі жанын мұжып қоғамның теңсіздік феодалдық түзімнің заман  үшін кедергі болып отырғандығын әшкере сындады.

Сөйтіп алыс жолды қысқартып өзімен өзі сөйлесіп кеңесіп, Қарқара Нарынқолдағы нағашыларына келіп қосылып, өзі армандаған мектептерден біліммен сусындап, көңіл-күйін көтере түседі.

«Таңжарық пен Қойдымның айтысы» осы Қарқарада болған. Осы айтыс ел назарын ерекше аударған. Ол кезде қазақтың алаш рулары өздерін өздері сындап, Албан мен Қызайдың кем-кетік кемшіліктерін айтып, өткен заман ағысын тілге тиек еткен көрінеді. Осындай екі ауыз сөз айта кетелік.

Таңжарық:

Осы Қойдым ақыны жұртты тиған,
Жолында алаш елі жанын қиған.
Боз қарын шыға салма көрінеді,
Шытынап шыт көйлекке әрең сиған, - десе. Қойдым:

Қараңдар мына топқа найман келді,
Қаңғырған жалғыз қызай қайдан келді.
Асу ұрып мырзалығы кері кеткен,
Мойынына көк шолақтың ері кеткен.
Ақтабан шұбырынды ізіне сап,
Мен бе едім қызайыңды тентіреткен?!

Қойдым мен Таңжарықтың осылай ұзақ толғауы бар.

Осы Нарынқол, Қарқара жеріне білім-өнер іздеп келген ақынның боз балалық дәуірінде орыс тілінен де, қазақ тілінен де сабақ алған көрінеді. Осы оқумен бірлікте баспадан шыққан Абайдың кітаптарымен таныса бастайды. Абай кітаптарын іздеп жүріп оқып әлем таныған Абайдың ақылия сөздері мен және өлеңдерімен де таныса бастайды. «Сегіз аяқ» деп басталатын құнды шығармалары мен ақылиялары Таңжарықың оқуына да рухани тірек болған.

Абай кітабы, Ыбырай Алтынсарин, Шакарім, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақыптардың шығармаларынан сусындап, өзінің ой өрісін онан әрі ұштай түседі. Абай және Алаш зиялыларын өзіне үлгі етеді. Осылай оқуын жалғастырып өзінің білімге деген құштарлығын әйгілеп ой өрісін аша түседі. Жаңалықтардан заман ағымы, қоғам ауқымы туралы түсініктері айқындала түседі.

Ақын өз жеріне 1925 жылдары оралғанда, ұлы Абай кітаптарімен қоса көптеген білім өресі жоғары кітаптарды базарлық ретінде ала келіп, ел-жұртына, ағайын-бауырларына таратып беріп, мешеу жатқан елді жаңа біліммен сусындатады. Білім қуған талаптылардың қызу алқауына бөленеді. Өз жұртының білім өнерден артта қалғанына опық жейді.

Әйгілі ақынның өмір мектептері де көп болған. Ақиқатпен қатігездік шиленіскен құлдық езгінің арпалысына тура келсе де кеудесінен атылып шыққан өлеңдерін тоқтата алған жоқ. Халқымыздың «Ұлылықты таныған жерде, адамдық орын жарқырайды» деген сөзінің тереңдініне көз жеткізіп, өнер, ғылым, білімге тіптен бел байлап, мықтап кіріседі.

Ақын Хакім Абай, Ыбыраай Алтынсарин, Шакарым, Мыржақып қатарлы алаш зиялылары мен ғұламаларының шығармаларын өзінің өмірлік үйренуіне, төл дарынын ұштауға шырақ етеді.

Енді «Ақын сыры», «Шынтілек» деген шығармасынан үзінділер айтамыз.

Сөзі деп пәленшенің атап айтар,
Сынасаң сыны түзу ұл баланы.
Абай, Әсет, Ахмет, Мыржақыптар ,
Жетпейді оған жисаң мың баланы.
Шәкәрім, Әріппенен Мұрын Омар,
Көмбеге олар шапса тың барады.
Сөзінің әрбірінің сыры бөлек,
Мыйға салып екшесең ылғанады.
Сөздері басқа ақынның мағын мәлім,
Құрт салған шайдай іріп былғанады.
Бәрін де Абай сөзі басып кетер,
Бір парша шеттен алып қырнағаны.
Сөзі бар басқа ақынның жыртық-жамау,
Жүректен әрең шығар тырнағаны.

А. Байтұрсынов атын бұзып, болды «Маса»,
Қос қыртысты сөз жазды беті таса.
Ызыңдасам ұйқыңды бөл деп еді,
Оқыған адам көрмедім оны да аса.
Сынық бұтақ секілді төмендемей,
Жемісіңді жұлғызбай деді жаса.
Бет-бетіңмен малша өрмей бірік деді.
Қайтесің оны да ел тыңдамаса,
Мыржақыптан жазылды «Оян қазақ»,
Оны қашан ескерді ноян қазақ?!
Оянғанның орнына ұйқы салып,
Қалды ғой ши  түбінде қоян қазақ.

Шәкәрімнен таралы «Қазақ айна»,
Оны көріп қай қазақ алды пайда.
Есіл сөздің жете алмай қадіріне,
Кітабі ұқпақ тұрмақ қалды қайда.

Сол сөздерді ешкім ұқпай қараң қалды,
Сөз ұқпайтын қазақта сараң қалды.
Шынға сенбей жалғанға сатылған ел,
Тау мен тасқа қақтығып арандалды.

Сол жүргеннің бірі мен жүрген азып,
Су таба алмай құрғақтан құдық қазып.
Енді қазақ түзеліп ел болар деп,
Үмітпен аз ескеріп қойдым жазып.

Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының толып жатқан, өзен болып ағылған шығармалары бар. «Келгенде өз-өзіне қандай мықты» атты жырына көз жүгіртелік:

Келгенде өз-өзіне қандай мықты,
Аталып батыр балуан даңқы шықты.
Ол қара күш істемей бұл заманда.
Басқалардан қорғанып  қойдай ықты.
Сойыл шоқпар жарамай қарулыға,
Балуанды айла, сиқыр, өнер жықты.
Өнер білім үйренген аз болса да,
Көпті көміп көл қылып көрге тықты.
Енді білді біздің жұрт кім қиынын,
Аузын басып арман қып іштей бықты.
Қойдай талап бас салып басыңды жеп,
Жүрекке отыр  салып кетпес дықты.
Басқалар құстай ұшып жүр басында,
Қояндай қасқыр көрген қазақ бұқты.
Сақтаулы қалбырдағы қаймағындай,
Басқалар мұртын майлап қолын сұқты.
Малыңды алып басыңды дауға салып,
Ақ бетіңе қаралап күйе жұқты.
Әлдеқашан хакім Абай айтып өткен.
Қанеки сол ақылды қайсысы ұқты?!
Біреуіңді көрмесең бірің дос деп,
Бірліксіз қылған істің бәрі бос деп.
Айтқан сөзін бір қазақ ұқпаған соң,
Жағын жар, тілін кез қып кеткен қош деп.

Кейінгі Шынжаң қазағының зиялылары Қытай Шынжаң қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірін әйгілі ақын Таңжарық Жолды деп тұрақтандырды. Біз Таңжарықтай ұлы тұлғаны көрнектілендіруге, ақынның бүкіл қазақ әдебиетіндегі орнын жоғарлатуға хақылымыз. Ұлы ақын қазақ Алаш зиялылары қатарынан орын алуға тиісті деп білеміз. Әдеби өмірдегі ақын шығармалары, өлеңдері жетіп асады.

Бүгінгі қазақ әдебиетінің жарқын қадамын жандандырып әдебиеттің биік шыңын жарату заттық байлық рухани байлықтың ғылми өндірістің шығар жолын жаратып теңдік пен татулықтың үлгілерін шығар түйін ете отырып ынтымақ пен бірліктің «Алтау ала болмайды, төртеу түгел болатын», «Теңдік» араздық тудырмайды дейтіні ұлағатты ақлияға табанды болуымыз керек екендігін көре білуіміз керек екен. жоғары мен төменнің қайшылығын дұрыс шешу адамдық қасиеттерден жаңылмауымыз алғы шарт етіп ұсталу керек. Адамдық мөрал тәрбиесі шығар жол.

Абай: адам баласынан «Ақыл ғылым, ар, мінез, ұят деген нәрселермен озады. Басқалай оздым деудің бәрі ақымақтық» деп көрсетеді. Біз Абайдың ақылияларын боымызға жұқтыра алдық па? заттық байлық пен рухани байлықтың шығар жолы озық өндірісті қастерлеп, ғылыми өндірісті шығар түйін етіп өндіріс пен ғылымның қатынасы өндіріс пен білімнің қатынасын шығар түйін ету озық өндіріс дамымаса халықты дамыту халық тұрмысын жақсылау бос сөзге айналады.

Әр адам өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бағалау керек екен. Рухани жаңғырыу үшін қоғамның әдеби өршіл талаптарын қанағаттандырып, отанды, халықты озық өнер ғылымның, өндірістің кәсіптері жаратылса әдебиетіміз де дамитыны сөзсіз.

Дамудың артында қалмай тәжірибе сабақтарды қортындылап, Алаш зиялыларының әдебиеттегі өршіл талабын қанағаттандырып, жастар бұдан сабақ алып, қоғамдық өндірісті дамытып, әдебиеттің халыққа қызмет өтеуін, халыққа қызмет өтеуде жастардың қоғамның озық өндерістегі орнын жоғарылату,  білімнің әдебиеттегі үлгісін жаратуға қарай ойысуымыз керек. Осыны еске ала отырып тәжірибе сабақтарды қортынлап, айна етіп тархи өткен істерден сабақ алып, өзімізді өзіміз қастерлеуіміз қажет.

Алаш алашты керек етпесе сені кім керек етпекші? Біз Абай идеясымен өзімізді рухани дамытып, Алаш зиялыларының тәжірибе сабақтарын қортындылап жинақтап, қоғамның артықшылықтарын қастерлеп, кемшіліктерді түзетіп, ғылми өндіріс өресін жаратып, ғылым-техника қызметкерлерінің, кәсіптің өресін жоғарлатуға, ғылым өнер жолмен жүруге негізімізді мықтылауымыз керек.

Әйгілі Таңжарық ұлт үшін таусылмайтын рухани үлес қосты

Таңжарық Жолдыұлы «шетелдің ақпаратын таратып жүр» деп, Іле Құлжада қолға алынғаннан кейін, 1928 жылы халық жағынан «азаматымыз күнәсіз» деп босатып алған болатын. Осыдан кейін ақын халықтың мұң-мұқтажын өлеңмен жеріне жеткізіп айтып, елін қараңғылық мешеуліктен құтқару жағында өлеңдерін барған сайын үдете түседі.

Адам баласының жастық махаббатын да ақын қағыс қалдырмаған. Жастық жалыны үдей түскен «Анар сәуле», «Назгүл», «Ей, Алла осы әлемді сен жараттың» қатарлы шығармалары осылай ақынның сан алуан тапқырлық шығармалары тасқын судай жөңкіле түседі.

Осы кезде Іле жерін жаудан қорғау үшін Күре ұлығы Іледегі қазақ болыстарының барлығын шақырып басын қосып, жан-жақтан жау анталауда, өз ішіндегі дүрбелеңнен сыртқы жаудан қорғануға қазақ болыстарынан кеңес сұраған. Сонда алдыға ешкім шыға алмай отырып қалғанда Іледе атағы бар Сасанның ұлы Тергеусіз, Тергеусіздің ұлы Мақсұт ортаға шығып Сөз алып жаудың бетін қайтаратындығын дәлелдеп, өзінің жоспарын алдыға тартады. (Қызай елінің төресі Құдайменде Тәйжі қайтыс болған соң, қарадан шыққан Сасанның ұлы Тергеусіз Қызай еліне Тәйжі болған.)  Және нақтылы айла-шараларын да көрсетеді. Күре ұлығы қарсы алып, қанағаттандырып Мақсұт болысқа әскери күш береді. Мақсұт болыс қазақтың өзінен әскер алып, Күнес басы Жұлдыз асуынан келетін дүңгендердің бетін қайтарып жеңіске жетеді. Күре ұлығы Мақсұтты алқап «Гуандай болыс» атағын береді. Бұл Әскери болыс деген сөз. Мақсұт гуандай болыс аталып, атақ-абыройы жоғарлап Іледегі қазақ болыстарының үстінен қарап, Іле қазақтарына билігі жүре бастайды. Таңжарық ақынның алымдылын байқаған Мақсұт гуандай және ақынның ханзу, орыс тілін білетіндігі үшін өзіне кәтіп етіп алған болатын. Бұл кезде жоғары дәрежелі оқыған зиялы Әбеу Қодышұлы 1933 жылдан бастап өлкелік қазақ-қырғыз ұйымының бастығы болғаннан кейін үш аймақ оқу-ағарту қызметін ұстауда айырықша мән берген. Ағарту ісі жанданып әр аймақтарда ұлттық оқу-ағарту құрыла бастайды.

1935 жылы науырыз айында Құлжа қаласында «Қазақ-қырғыз ұйымы» құрылады. Мақсұт гуандай Әбеудің орналаструымен осы ұйымның бастығы болады. Оның орынбасарлары Суан Кенжебек болыс және Торғай Жабықбай болыс сайланады. Әдебиет көркемөнер саласына Таңжарық жауапты болады. Ұлттық оқу-ағарту бойынша,  үш аймақ көлемінде жер-жерден арт-артынан бастауыш мектептер ашылып, курстар ұйымдастырып, мұғалым дайындау ісі қауырт жүріледі. Әдебиет көркемөнер жандана түседі. Іле аймағының жер-жерінде мектептер бой көтеріп оқытушы тәрбиелеуге көңіл бөлініп, қазақ жерінен келген білімділер Іле білім жұртымен бірлесіп оқытушы тәрбиелеуге мән беріледі. Үздіксіз тәрбие жүріліп жатқан соның бірі Көкқамыр Құлжа ауданынан «Турасу» жайлауында ашылған турасу курысы еді. Сол жылдары А. Байтұрсынұлының әліппесінмен білім тарқатқан мұғалімдерден біразі бар екен. Соның бірі, Мейірхан Ермектасов қазақ ана тіл әліппесінен сабақ өткен. Білімге ұмтылған Құлжа ауданының жер-жерінен келген талапты жастарға курс ашып сабақ өтеді.

Көптеген адамдар сабақ алып қысқа уақыт ішінде сауатты сабақ беретін мұғалімдер қатарында Іле білім жұртынан оқу тауысып, турасу курске оқытушы қатарында келген Дулат Шарафиұлы да бар еді. Ана тіл әліппесі үйрену жоғары өрлеуге көтеріліп А. Байтұрсынұы әліппесімен сауат ашады. Есеп, жағырапия, тарих туралы да сабақ береді. Ұрпақты, жас жеткіншектерді тәрбиелеуге осылай мән беріледі.

Надандықтан құтылу қимылы күшті аңыс қозғайды. Оқу мерзімі біткен соң емтиқан алып, толымды мұғалым деген куәліктерімен жер-жерлеріне қайтады. Құлжа ауданы Борбосыннан «Турасу» курсіне қатысқандардан Мұқат Аубакірұлы, Мұқамади Дәркембайұлы, Әбіш Өтебайұлы, Әлкей Атабайұлы, Майнұр Садыққызы қатарлылар және басқалар бар. Осы 1930 жылдар басталысымен Іле өңірінің жер-жерінде мектеп салудың бәсекесі басталып кетеді. Көкқамыр Құлжа ауданынан алғашқы бой көтерген мектептерден «Жырғалаң Жабықбай мектебі», «Құлысты Нәсілбек мектебі», «Борбосын Мұқан Мұғалім мектебі», «Бөлекей Дадай мектебі» «Үлкен бұлақ Бесдөң Сымағұл мектебі» бой көтеріп бала оқыта бастайды. Және сауатсыз оқытуды да қағыс қалдырмайды.

Мақсұт гуандай қазақ қырғыз ұйымына басшылық етіп Әбеу Құдышұлының қолдауымен Таңжарық Жолдыұлы қатарлы зиялылар қазақ оқу ағартуына ерекше ұлес қосады. Әсіресе «Жырғалаң Жабықбай мектебі» бастауыштан орта мектеп 10 класқа дейін сабақ өтіліп көптеген оқушылар жетіліп шығып оқытушылардың қосыны жақсара түседі. Сөйтіп қазақ ана тілінде көптеген зиялылар жетіліп шығады. Және Күнес Сатыбалды мектебі, Аралтөбе мектебі, Талдытұран мектебі, Нылқы ауданы, Қаратөбе Оразқан мектебі тағы басқа көптеген мектептер бой көтеріп халықтың надандықтан, мешеуліктен құтылуына жол ашылып халықтың алқауына бөленеді. Қанапия Дәркенбайұлы, Дулат Шарафиұлы қатарлылар осы Қаратөбе мектебінде мұғалім болған. Қаратөбе Оразқан мектебі ол кезде аудан рөлін атқарған бұл мектеп Оразқан болыс салдырған мектеп екен. оразқан Стамбайұлы Үш аймақ төңкерісін қолдап 300 ат ер-тоқымымен жөнелткен екен.

Қазақтың өзінің ана тілінде жан-жақтылы талаптанған алғабасар жастар көптеп жоғарыдағы мектептерден жетіліп шығады. Мысалы үш аймақ төңкерісін бастауыш Акбар батыр, Сейіт батырлар, Нұсыпқан Палкауның, Манапқан Палканик, Қанапия майор, Қазықан командир, Рашат капитан сол қара түнек заман гоминдаңға қарсы көтерліген езгі мен қанауға қарсы халықты бастаушы алғабсар зиялылар еді. Міне бұлар әйгілі ақын таңжарықтың замандастары болатын. Таңжарықтың Акбар Сейтке жазған хаттары растай түседі.

Кейінгі Таңжарық шығармаларын жинау баспадан шығаруға ерекше үлес қосқан әйгілі Құрманалы Оспанұлы, Ерғали Әбілқайырұлы қатарлы басшылар өз үлестерін қосқан. 1980 жылдан кейінгі Таңжарық шығармаларын жинап баспадан шығаруға Жанабіл Сымағұлұлы, Асқат Керімбайұлы қатарлыларда әйгілі ақыны Таңжарық шығармаларын толық негізін табуға атсалысқан басшылар десек болады.

Жазушы Оразанбай Егеубай тарихшы, жазушы Жақып Жүнісұлы кейінгі Құрманәлі Жүнісқанов қатарлы жазушы, зерттеушілер ғылмыи мақалалар зерттеулер жүргізген кітап жазған тарихи адамдар Құманәлі Жүнісқановтің «Таңжарықты тану кітабы» Шынжаң халық баспасынан 2013 жылы жарық көрген.

Таңжарық ақын «Қазақ қырғыз ұйымында» 1930 жылдан бастап істеген кезде қазақ оқу-ағартуына сүбелі үлестер қосқан Шынжаңдағы алаш зиялылары. Әбеу Құдышұлы, Шәріпқан Көгедай, Дубек Шалғынбай, Мақсұт гуандай, Жабықбай болыс, Оразқан болыс қатарлы зиялылар үш аймақ оқу-ағартуының дамуына өшпес үлес қосты. Таңжарық ақын қол салып істеп әдебиет көркемөнерді барынша дамытып Құлжа қаласында қазақтың алғабасарларымен бірлесіп, халықтарды ескіліктің есігінен шығарып даладан қалаға түсіріп мәдениет, өнер, білім үгіттеді. Қазақтың «Қызжібек пен Төлеген», «Қойшы Көпен», «Қалқаман мамыр», «Шұға», «Еңлік Кебек», «Бетім-ай құдағи» сияқты дастандарды сахналастырып драма театрдың дамуынада өз үлесін қосты. Сонымен қатар әйелдер теңдігін жырлап сахна әлеміне көптеп кейіпкерлер жетілдірді. Ақын өзі Әбіш, Кебек, Құдағи рөларын тартымды сомдап білімге шөлдеген қазақ, қырғыз бауырластарын адамдық теңдік жолына жетеледі. 1934 жылдан бастап орталық қала Үрімжідегі оқу-ағарту мекемесі жағынан Іледе Ханзуша және ұйғұрша газет шығады. Мұны көрген талғампаз Таңжарық Мақсұтқа барып Іледе қайсы ұлт көп деп төтесінен сұрақ қояды: - Әрине, қазақ көп, - деп жауап береді Мақсұт бастық. Расында сол кезде жан саны жағынан қазақ басым еді.

Бұл сұрақ Мақсұт бастықты ойландыра түседі. Сөйтіп Таңжарықтың бастауында жан-жақтылы ізденумен 1935 жылы Іледе «Іле өзені» газеті тұңғыш жарық көреді.

Әділет шындық жолын үйретеді,
Ашады ашты шайдай аң сезімді.
Айнадай жарқыратып көрсетеді,
Міні бар қолыңа алып көр өзіңді.

Ақылды ауызша айқтан алмаушы едің,
Сөзіне айтқан құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып алғаннан соң,
Пайдасыз бос мылжыңнан танбаушы едің.

Балаңды оқыт десе қашушы едің,
Дау жаңжал шатақ жаққа басушы едің.
Топ құрып мөрге талас бар өнерің,
Малыңды бет албаты шашуші едің.

Ол заман келмеске кетті деймін,
Көз ашар заманымыз жетті деймін.
Қалың қазақ енді аш көзіңді,
Оқып көр газетімді тағы менің,

Жалынып қайта-қайта өтінемін деген Таңжарық ақынның өзі қол салып шығарған «Іле өзені» газеті тұңғыш санына басылған өлеңдерінің өзі бір үлгі. Ақын Таңжарық халықты надандықтан құтқарамын деп жанталасып надан қалма оқымасаң қалдың ғой қара боп. Сенің көзіңді оқу білім ашады, қатарға кел, ел болу үшін білім керек өнер білімінің төріне шықпай көзің ашылмайды дейді.

Адамдар қайғымен жанбағудың жолын іздейді. Ал, ғұламалар ізденіп халық үшін білім жаратады.

Ақын Таңжарық:

Көкейде айқын болып құран қолда,
Пәниде өркендесін тура жолда.
Балаң кәпір болады деп азғырмасын.
Әзезілі адамның шала молда.
Наданның надандығы сол болады.
Өлім айтып ап жүрген көрді қолға.
Балаң дінсіз болмайды оқығаннан,
Өнер ғылым кеудеге тоқығаннан,
Қайта дінсіз сол болар өнерсіз боп.
Басқалардың құлдығына түсіп қалған.
Айтамын оянсын деп жастарға,
Айтамын қонады ау деп бастарыңа.
Бар болса аржағыңда өнер білімге ұмтыл,
Сол керек ең алдымен жас жаныңа.

Бұл жерде ақын:

Білім игеріп өзіңді ілімнің жолына сал, көкірек көзің біліммен ашылады. Біліммен көкірек көзің ашылса онан кейін өнер білім ізде, өнерсіз болып қалма. Өнерсіз ғылымсыз мына өмірден ештеңе таба алмайсың. Алла дүниені ғылыммен жаратқан деп ойын олеңмен өрнектейді.

Ілімді игерген ислам жолы адалдықтан, тазалықтан басталады демекші. Тағы да тоқталуға тура келді.

Мұқамет пайғампардың қадистерінде:

Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық қылудан жақсы. Бір күн бойы ғылымнан дәріс алу үш ай ораза тұтқаннан жақсы. Пайғампардың өзі де құры күтіп отыра беретін соқыр сенімді емес. Оқуға ғылым, білім іздеуге үндеген. Осыдан-ақ ғылымның  қаншалық қастерлі екендігі көрініп тұрған шығар «Сенімнің үздік белгісі, төзімділік екі жақты шыдамдылық» жақсылық пен жамандықтың бәрі құдайдан болса мен іздегенмен ұмтылғанмен не болар дейсің демей білімге өнерге ұтмылу арқылы жетілу иманның басты қағидасы: деп тану керек.

«Жеңіске өзінің ақтығына, адалдығына сонымен бірге қабілеті жігер күшіне сенген адам ғана жетеді. Сондықтан адам иманға сенім келтіре отырып өзінің танымдық қабілеттерін жетілдіріп отыру керек». «Таным мен сенім адамның қос қанаты» ұлағатты сөздің астары осы. (Түгел алғың келсе өмірдің ырысы) Жүсіп Баласағұн жырлағандай «Діни сенім ой тазалығы» деп сөз тазалығына жетелесе, ғылым, таным, оқу, іздеу өзін-өзі  шыңдау арқылы жұмыс ілгері жүреді деген осылайша ілгері баса бергенде ғана өзгелерден қалмай өркениетке жетеміз. Әйгілі ақын Таңжарық 1930 жылдан бастан Құлжада ұлт үшін істеген жылдарында өз ұлтын қандай сүйсе басқа туысқан ұлттармен де қою қатынаста болып қытай, ұйғұр, сібе, дүнген, қырғыз, орыс сияқты ұлттармен қою араласып өнерге бейімдерімен сырлас достасып өзінің ұлттық көзқарасын жоғарлата білген.

Ақын Таңжарық 1940 жылы Іле түрмесінен Үрімжі түрмесіне айдалғанда:

Темірмен қол аяғым байлаудағы,
Екі көз қапалықтан жайнаудағы.
Тордағы арыстандай ала сұрып,
От шығып жүрек жанып қайнаудағы.
Аһ ұрып арманда боп қолға түсіп,
Санын соғып бармағын шайнаудағы.
Тәкеңнің қырқыншы жылғы сөзі мынау,
Ұсталып Үрімжіге айдаудағы.
Күңіренген ақын жаны,
Бір кеттік машинамен талқыны аса,
Қалдың ба қайран Іле көзден таса.
Айдатқан бізді ұстап ағайындар,
Қош енді көріскенше жақсы жаса.
Күтпеген мұндай іске кез болғанда,
Боламын қарап тұрып таң тамаша.
Сапарға мойны ғашық кеттім шығып,
Келешек өз жөндеп оңдамаса.
Аман бол Текес, Күнес қасыңменен,
Қарағай қайың терек тасыңменен.
Жерлеген қызақ, қырғыз, қытай, ұйғұр,
Кемпір шал, қыз келіншек жасыңменен. –деп жырлаған екен.

Күйзеліп күңіренген ақын жаны аһ ұрып арманда боп қолға түсіп санын соғып бармағын шайнаудағы жан сезімін баса алмай зар жұтады. Айдатқан бізді ұстап ағайында. Қош енді көріскенше жақсы жаса деп қызметтес ағайындарының қастығы болғандығы да жоғарыдағы сөздерінде көрініп тұр.

Ақынның жалындаған жыр жолдары тоқтап толастағандай емес жүректен шыққан от ұшқындар отша лаулап үдей түседі. «Түрме тарихы», «Түрме халы», «Кілтшіге», «Қасиет қалың еді қазағымда», «Кім жатыр абақтыда» сияқты көптеген шығармалары түрмеде жазылғандығы байқалады. Үрімжі Шыңшысай түрмесінің сұрағы жалғаннан құрастырылған, қинаулары адам төзгісіз жантүршігерлік, архив делоларды жалғаннан жасайтын. Жеті аймақпен байланысың бар. Іледегі ұйшмадан абар таратып үкіметті аударуға сөз байласқасың. Қашқар, Құлжа, Үрімжі, Құмыл, Алмай, Баркөл сияқты жерлермен байланысың бар деп ойдырып шығарып қанды қинаулардың астында қалады. Осындай зорлықты күштің астында қалған ақын:

Жүрерде Үрімжіге қуанып ем,
Көңілге шыңдубанды бу алып ем.
Үлкен жер ақиқатпен тексерер деп,
Құрғатып көздің жасын уанып ем.

Үлкен жер ақиқаты мұндай болды,
Бір басқа пәле деген қомдай болды,
Кешегі кердеңдеген қайран Тәкең,
Бұл күнде жорғалаған құрдай болды.

Өмірдің таусылмайтын бір елесі,
Үзілмей арман үміт тұр елесі.
Үлкен жер кіші жермен үндес екен,
Соғылған бір гоминдаң керегесі.
Олардың ақиқаты қайдан болсын,
Қағынған қанды сорып делебесі.
Кем қылып қинауменен өлтіремін,
Бұл міне осылардың өнегесі.

Қан құмар қара ниет өңкей залым,
Құрғаған жамандықпен кенезесі.
Көргенім көрмекеннен әлі аз екен,
Туралық бұл жер менен араз екен.
Бұл жерде қамақ орны тоғыз үй бар,
Түрме емес бастабында гараж екен. - деп алда болатын ақиқат пен жауыздықтың сайысына дайындық көріп отырғанын жасырмайды.

«Үш аймақ армиясы» Гоминдаңды қуа соққылап жеіңске жетеді. 1946 жылы Үрімжі түрмесіндегілер босатылады. Сол қатарда Таңжарық ақын да түрмеден шығып Күнестегі еліне аман сау оралады. Елге оралған бір жылдан кейін 1947 жылы қайтыс болады. Және бір жағынан Шыңшысайдың адам жейтін қан құйлы саясаты 1937 жылдан басталған. Осы жылы Мақсұт гуандай ұсталып Үрімжі түрмесіне айдалып ауыр сұрақпен қиналып, 1941 жылы аянышты өлтірілген. Шынжаңның жер-жерінен әр ұлт халқынан сан-санақсыз алғабасар зялылар қолға алынып Үрімжі түрмесіне жабылып осы 6 жылда қинаумен өлтірілген. Ақын Таңжарықтың «Түрме тарихы» деп аталатын шығармасында осы аянышты мәселені жеріне жеткізе жазған. Шыңшысай совет одағымен бірлесу комунистік партиямен бірлесу ұлттар тепе-тең  болу, оқу-ағартуды дамыту дейтін өзінің алты саясатынан бет бұрып фащистік саясат жүргізді. Маркстік комунистік партия құлайды деп Совет одағының 1941-1942 жылдардағы Маскеудің хауіпте қалған қиыншылығынан пайдаланып Совет одағының Шынжаңға көмекке келген әскерлерін және ғылым-техника қызметкерлерін Шынжаңнан шыып кетуін дәріптеген. Совет одағы қызыл партия ескерту берсе де тыңдамаған олардың өз қиыншылығынан бұрылуға шамасы келмеген 1943 жылы жылдың аяғында коммунизм қозғалысы жеңіске жету қарсаңында өзінің қателескендігін айтқан болса да олар қабыл алмаған совет армиясы адамдары бүкілдей шығып кеткен, екі беткей Шың Шысай Жияң Жешінің қолтығына кіріп әрең жаны қалған.

1946 жылы түрмеден босаған Таңжарық Шарғынға деген өлеңінде:

Қуандым тірі көріп атқан таңда,
Жаңа атып қызып келе жатқан таңды.
Сыпырды бір бұрышқа қараңғыдай,
Мойынма ажырғы боп батқан қалды. - деп үш аймақ төңкерісінің жеңіс таңына онан ары тілеулейді. Бірақ ақын жеңісті заманды көре алмады. Ақын «Абақтыда кім жатыр» деген шығармасында Шынжаңдағы әр ұлт халқының қандай күй кешкендігі айтылған.

Ақын:

Айтуынан хан тайса,
Туралықтан заң тайса,
Дос бұзылып жалтарса,
Міне бұған нетерсің.
Сені жеңіп ол алса,
Мойынңа шынжыр оралса,
Бақыттың орнын сор алса,
Қандай лажы етерсің, - деп аһ ұрады. Бірлік туралы сөздерінен:

Сөзімді түсінгенің іріктейсің,
«Іріктеу» не дегенде «Бірлік» дейсің.
Бірлігің болмаса егер жауларыңның,
Қолында маймен жанған біліктейсің,
Жем болып итпен құсқа айдалада,
Майы еріп күнде жатқан жіліктейсің,
Сен терек, ішің қуыс, басқалар құрт,
Жұп-жұмсақ қажауына шіріктейсің.

Болмаса өз ортаңда берік бірлік,
Қалайша көлеңкеңнен үрікпейсің?
Келгенде өз-өзіңе тісің өткір,
Тері теспей қан сорған сүліктейсің.

Астыртын алалықты салып қойып,
Ел іші кеткен не ғып іріп? - дейсің.
Қоймасаң осы жаман мінезіңді,
Қауымның қатарына ілікпейсің.
Қайталап тағы айтамын бірікпесең,
Жауларға даяр азық-түліктейсің,
Істесе керегінше өз еркімен,
Кәдімгі иесі жоқ мүліктейсің.
Талпынып бірлік еткен халық,
Сен ғана шөже басқан күріктейсің,
Солардан бір мүшең кем жаралған жоқ.
Жалғыз ақ ақыл қосып бірікпейсің,
Бірікісең мына біздер душар болған,
Сияқты пәлелерге іліктейсің.
Бірліктің не екенін шын түсінсең,
Өзің-ақ ең алдымен бірлік дейсің.

Бұл өмірде бір күн өтсе өтіп жатыр,
Талпынған талабына жетіп жатыр,
Байқасам қаладағы ел алға кеткен.
Қырдағы біздің қазақ не ғып жатыр.

Сөз ұғып неге қазақ серпілмейді.
Шығып ап тау басына желпілдейді.
Өнер-білім жағынан хабары жоқ,
Жаңғырса тастан дауыс селкілдейді.
Ақылсыз айласы жоқ аңқау елдің,
Ісі ақсап алға баспай шекіп жатыр.
Қазақтың қолдан келген бар өнері.
Малын сатып шай тұз алып кетіп жатыр.

Әйгілі ақынның тоқсан жыл ілгері айтқан өлең ақлиялары әлі күнге дейін жаңғырып тұр. Ақиқатпен қатігездіктің, шиленіскен құлдық езгінің арпалысына ақын өмірі тура келсе де кеудесінен атылып шыққан өлеңдерін тоқтата алған жоқ.

«Ұлылықты таныған жерде адамдық орын жарқырайды». Осымен әйгілі ақын Таңжарық туралы «Ақынды еске алғанда» зерттеу әңгімелерім тәмәм.

1999 жылы Қайша Тәбаракқызы мен Құсан Құрманқанұлы аударған «Таңжарық таңдамалылары» қытай тіліндегі жинағы басылп шығып халыққа таратылды.

Таңжарық өлеңдері Қазақстанда сонау 1970 жылы жылдары «Арман тау» деген атпен жарық көріп, Қазақстан жазушысы Тұрлыбек Мәмесейітұлы «Таңжарық» атты романды баспадан шығарды. Таңжарықты зерттеу қазір ұлттық деңгейден әлемдік деңгейге бет алып отыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Таңжарық» кітабы. 2013 жылы, Шынжаң бас баспасы. Құрманалы Жүнісқанов
  2. «Таңжарықты тану жүйесі» электронды кітап. Құрманалы Жүнісқанов
  3. «Қазақтың шешендік сөздері» 1990 жылы басылған «Таңжарық тарауы».
  4. «Төңкерісшіл ақын Таңжарық» авторы Мәтқабыл Мұқаметкәрім, 2011 жылы, Іле Күйтің.
  5. «Ойшылдар ақылиясы, дін туралы».

Мағазбек Миянұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965