Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3720 7 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 14:13

«Қытай» атауы қайдан шыққан?

A view of the Chinese National Flag in Badaling, the most visited section of the Great Wall of China. On Wednesday, 27 September 2017, in Badaling, Yanqing District, Beijing, China. (Photo by Artur Widak/NurPhoto)

Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.

Халық мақалы.

Талай жұрттың құмарына айналған жібек маталары - Қытайдың байырғы мәдениет белгілерінің айырықша түрі деуге де болады. Тіпті, осы жібек маталарының өте сапалы «К-тай» деп аталатын түрі Азия мен Еуропада аса кеңінен сұранысқа ие болған. Кейіннен осы матаның атауымен Хансулар деп талай ғасыр аталып келген жұрт, Қытай елі деп атала бастады. Сөйтіп, матаның атауы тұтас бір елдің атына айналды. Қытайлықтар жібек құртын өсіру, жібек түту әрі кездеме тоқу сияқты өнермен бұдан төрт мың жыл бұрын аналыса бастаған екен. Бұл елде жібек шаруашылығының қалай шыққаны туралы аңыз бар.

Бір күні патша Шуан Юаншы мен тоқалы Лей Зу аулада тамақ ішіп отырады. Самал желдің тербеуінен қасындағы тұт ағашының басынан кеселеріне жылан пішіндес бір құрт түседі. Лей Зу құртты алып, алақанына салады. Ішіп отырған тамақтары ыстық болғандықтан, келіншектің қолы ыстыққа шыдамай құрт қайтадан ыдысқа түсіп кетеді. Лей Зу қолы күйіп қалмау үшін, тырнағымен ақырын ғана құртты алып тастамақ болады. Дегенмен, байқаусызда тырнақ құрттың қабығын жарып кетеді де, ішінен бір тал жібек шығады. Келіншек қайран қалып жаңағы жіпті тарта бастайды. Ол тартқан сайын ұзара түседі. Сонан, Лей Зу жібектің бір үшін саусағына орап, құрттың ішіндегі жібек таусылғанша тарта береді. Жарқылдаған әппақ жіпті көргенде Лей Зу өзінің кендірден тоқитын кездемесін осы жіппен тоқуды ойлайды. Сонымен қатар, жібек құртының қайдан түскенін іздейді. Сонан оның тұт ағашында өсетінін байқайды. Артынан осы құрттардың тұрмыс-тіршілігін мұқият бақылай келіп, жібек құртын өсіруге тәуекел етеді. Кейіннен бастаған ісі нәтиже беріп, келіншектің түрлі-түсті маталарын айналасындағы тұрғындар қызығушылықпен сатып ала бастайды. Өстіп, жібек өндірісі жолға қойылады.

Жаңа эрадан бұрынғы 221 жылы Чин хандығының патшасы – Чин Шыхуан Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпелі Ғұн жұртының оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды өз-өзіне жалғастыру бұйрығын шығарады. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы бес мың шақырымға жеткен екен және сол заманнан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастады. Қытайлар мен Ғұндар арасындағы ғасырдан-ғасырға жалғасқан соғыс, бұл Ұлы Қорғанды батысқа қарай создырып, нақты ұзындығы мөлшермен он мың шақырымға жеткізіледі. Осы арада ерекше көңіл аударып айтарымыз, Қытай еліне орасан зор пайда әкеліп жатқан атақты Жібек жолында, көшпелі жұрттың толассыз жорықтарынан сақтап туру керек болды.

Сөйткен, «Жібек жолы» қазіргі күндері жаңа заман экономикасының басты доноры болып саналатын сауда-сатық пен мәдениеттің үлкен күре тамырына айналды.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364