Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2600 0 пікір 13 Наурыз, 2013 сағат 07:18

Жаратқанның жаңбыры үшін де салық төлеуіміз керек пе?

Қазақстанда салықтың түрлері көп. Оның бәрін саусақ бүгіп санап отырудың қажет жоқ шығар. Енді міне, «Жаңбыр салығы» туралы жаңа ұсыныс айтылып жатыр.

- Кімде-кім албарынан су қоймасын жасап, жаңбырдың суын жинап алмаса, соған салық салайық, - дейді Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеев. Депутаттың дегеніне бақсақ, ауласынан су қоймасын жасап жаңбыр суын өкіметке өткізген адам салықтан босатылуы тиіс екен. Салықтың бұл түрі Батыс елдерінде кеңінен қолданылатынға ұқсайды. Осыны айта келіп Бегенеев мырза:

-  Жиналған су техникалық мақсаттарға: автокөліктерді жууға, бақша суаруға әбден жарайды. Текке рәсуа болған жаңбыр суы су жүйелерін бұзады. Еуропада жаңбырға сауатты түрде салық салу үрдісі бар. Демек оның пайдалы болғаны. Бізге де сондай шара әбден керек-ақ. Жаратқан бізге жаңбыр берді, біз соны кәдемізге жаратуымыз қажет, - дейді.

Тегінде, жаңбыр суын, қар суын ұқыпты пайдалану Еуропа елдеріне ғана тән нәрсе емес. Табиғатпен үйлесіп өмір сүрген қазақ көшпелі кезінде құм арасынан жабық каналдар қазып, оны қарға толтырып,  жазда кәусар бұлаққа айналдыра білген. Шөлейтті далаларды қоныс еткендер таснауларды селдетіп төккен жаңбыр суына толтырып алып отырған. Қысқасын айтқанда, атам қазақ  тіршілік көзі - судың сұрауын жақсы білген. Бірақ, Жаратқанның жаңбыры үшін салық төлеп көрмепті. Шамасы, сол көшпенділердің бүгінгі ұрпағы - біздер салықтың жаңа түрі - жаңбыр салығын төлеп тынатын түріміз бар. Өйткені өкіметіміз қара халықтың қалтасын қағып алудың қайласын жақсы меңгеріп алған. Қайбір жылы тіпті, ірі-қара малдың, ұсақ жандықтың «қиы мен тезегіне» шаруа баққан жұрт салық төлейтін болып бір шулап басылған. Қазір әлгі салық жер салығының бір шалғайына еніп кетті.

Сонымен, өткенде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек суды ысырап етпеудің германдық «тәжірибесін» ұсынып еді, ол ұсыныстың  депутат Бегенеев сөзімен «берекесі» кіре түсті.

Расында, бізде су мәселесі - аса өткір мәселенің біріне айналуы ықтимал. Себебі қазақ жерінің алпыс пайызын шөлейтті мекендер құрайды деген деректер айтылып қалып жүр. Оның үстіне өзендеріміздің дені трнасшекаралық өзендер. Бірі Қытайдың, бірі Ресейдің, келесі бірі Өзбекстан мен Қырғызстан территориясынан бастау алып жатыр. Әйткенменде тап қазіргі жағдайымыз (Құдайға шүкір) судан шу шығаратын емес, оны дұрыс пайдалануда болып тұр. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде болып тұр. Одан артылғанын егістік алқаптары мен техникалық қажеттіліктерге орынымен пайдалануда болып тұр. Бұған қосып айтармыз: депутат жолдастар,  үкіметімізге елдің алақандай ауласын аңдытып қойғанша, кең байтақ даламыздан суқорларын түзетін алып бассейіндер құрылысын тездетіп салу жөнінде ұсыныс жасаңыздар. Сол дұрыс болар түбінде. Сөйткеніміз жөн сияқты. Ұқыптылық пен үнемқорлық мәселесінде үкіметіміздің өзі үлгі көрсетсе, халықта сол ынсаниятқа жетеді. Әйтпесе, бәрі бекер...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434