Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2458 0 пікір 15 Наурыз, 2013 сағат 05:31

Әміржан Қосанов: «Оппозицияның кемшіліктері де бар»

Ертең, 16 наурызда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасымен Алматыда төрт мәселе бойынша: Кедендік одақ, АЭС, әкімдерді сайлау және өндірістерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде референдум өткізілмек. Осыған орай, ЖСДП партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әміржан Қосановпен сұхбаттасқан едік.

 

- Кедендік одақ, АЭС, әкімдерді сайлау және өндірістерді мемлекет меншігіне қайтару - төрт мәселеге референдум өткізбекшісіздер. Бұл шаралар қандай сипатта өтеді?

- Бізде «Республикалық референдум туралы» заң бар. Бар әрекетіміз соның талаптарына сәйкес болуы тиіс. Солай істеп жатырмыз да.

Заңға сай әрбір облыстан, Астана, Алматы қалаларынан кем дегенде 30 адамнан қатысуы тиіс. Мұның өзі үлкен шаруа! Бірақ ел ішінде референдумге деген белсенділік биік деңгейде. Әрине, билік те қол қусырып отырмасы анық. Қазірдің өзінде кейбір жердегі әкімдер жиналысқа қатысушыларға қысым жасап, Алматыға жібермеуге тырысып жатыр.

Соған қарамастан, жиналысты өз деңгейінде өткіземіз деген үмітіміз зор.

Заң талабына сәйкес жиналыс тиісті бастамашыл топ құруы тиіс. Содан соң референдумды қолдаған ең кемі 200 мың қол жинау керек. Соларды Орталық сайлау комиссиясына тапсырамыз. Ал референдум өткізу не өткізбеу жайлы шешімді бізде заң бойынша тек қана президент шеше алады.

Ертең, 16 наурызда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасымен Алматыда төрт мәселе бойынша: Кедендік одақ, АЭС, әкімдерді сайлау және өндірістерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде референдум өткізілмек. Осыған орай, ЖСДП партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әміржан Қосановпен сұхбаттасқан едік.

 

- Кедендік одақ, АЭС, әкімдерді сайлау және өндірістерді мемлекет меншігіне қайтару - төрт мәселеге референдум өткізбекшісіздер. Бұл шаралар қандай сипатта өтеді?

- Бізде «Республикалық референдум туралы» заң бар. Бар әрекетіміз соның талаптарына сәйкес болуы тиіс. Солай істеп жатырмыз да.

Заңға сай әрбір облыстан, Астана, Алматы қалаларынан кем дегенде 30 адамнан қатысуы тиіс. Мұның өзі үлкен шаруа! Бірақ ел ішінде референдумге деген белсенділік биік деңгейде. Әрине, билік те қол қусырып отырмасы анық. Қазірдің өзінде кейбір жердегі әкімдер жиналысқа қатысушыларға қысым жасап, Алматыға жібермеуге тырысып жатыр.

Соған қарамастан, жиналысты өз деңгейінде өткіземіз деген үмітіміз зор.

Заң талабына сәйкес жиналыс тиісті бастамашыл топ құруы тиіс. Содан соң референдумды қолдаған ең кемі 200 мың қол жинау керек. Соларды Орталық сайлау комиссиясына тапсырамыз. Ал референдум өткізу не өткізбеу жайлы шешімді бізде заң бойынша тек қана президент шеше алады.

«Арық айтып, семіз шық» дейді қазақ. Алдымен сенбі күнгі жиналысты жақсы деңгейде өткізіп алайық. Қалғанын көре жатармыз.

- Қарсы қимылдағы (оппозициялық) партиялар мен ұйымдардың көтерген мәселелерінің ешбірін билік тарапы назарға алып, тым құрығанда, екі жаққа пайдалы нәтижеде шешім қабылдағанын көрмеппіз. (бәлкім біз білмейтін шығармыз). Сонда осы іс-қимылдың бәрі билікті райынан қайтару емес, керісінше, қоғамдық-саяси мәселелерде халықты қалғытып алмай ояу ұстап отыру үшін жасалып жатқан сияқты көрінеді. Бұған не дейсіз?

-  «Қарсы қимылдағы» дегеніңіз қызық екен (күледі).

Билікті дәл осы мәселелер бойынша райынан қайтару қиын болар. Өйткені, біз көтеріп отырған 4 жайт оның жанды жеріне тиіп отыр.

Мәселен, Еуразиялық Одаққа кірудің біздің  билік үшін тек қана геосаяси маңызы бар деп айта алмаймын. Бұл келісімнің артында басқа да нәрселер, соның ішінде, президенттің мұрагерінің болашағына байланысты жайттар болуы әбден мүмкін.

Табиғи байлығымызды сатып, қыруар пайда көріп отырған шетелсымақ қожайындардың қолына кезінде көлеңкелі схемалармен өтіп кеткен кәсіпорындарды мемлекетке қайтару мәселесі биліктің қаржылық әрі меншіктік мүддесін тікелей қозғайды. Ол іргетасынан өлсе де айрылғысы жоқ!

Әкімдерді тікелей сайлау шенеуніктердің парақорлық пен тамыр-таныстық арқасында өсуі дәстүрінің түбіне балта шабады.

Ал АЭС мәселесінің де проресейлік сипаты бар, әзірше белгілі боп отырғандай, оны ресейлік жоба бойынша салмақшы ғой.

Осындай мүдделер тұрғанда билік райынан қайта қоймас...

Қалғыған халыққа келсек... Мүмкін, біраз адамның, әсіресе, ауылдық жерде, саясатқа зауқы жоқ шығар, елде болып жатқан оқиғалар туралы мағлұматы жеткіліксіз болар.

Бірақ, білесіз ғой, кез келген елде, қоғамда белсенді азаматтар да болады, енжар да бойкүйез азаматтар да болады. Бізде де солай. Бірақ, әділетсіздік пен жемқорлыққа жаны қарсы ағайын барған сайын көбейіп, жер-жерде белсенділік танытуда. Оның үстіне билік өзінің менменшілдігімен, жебірлігімен адамдардың азаматтық санасының оянуына түрткі жасап отыр...

- Елдің назарын Кедендік одақ секілді саяси астары шым-шытырық дүниеден бұрып жіберу үшін Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамда дуылдап тұрған даулы мәселенің көрігін биліктің өзі қыздырып отыр-ау деген ойға не айтасыз?

- Ол да әбден мүмкін. Билік басында тек қана талапсыз не қабілетсіз мамандар отыр деп ойлауға болмайды. Ол жақта да саяси технологияларды жете меңгерген кадрлар бар. Бәрі мүмкін.

- Қарап тұрсақ, қазіргі биліктің тұсында қабылдаған реформалардың ешқайсысы діттеген жеріне жетіп, орындалып, жемісін бермеген екен. Бұдан кейінде мәуелі реформа болады дегенге сену қиын. Өзгені қойып, өз ісіне жауапкершілігі жоқ билік латынға көшуді сәтті жүзеге асырады, АЭС ті салған күннің өзінде қауіпсіздігі жоғарғы дәрежеде болатындай етіп тындырады дегенге сәл-пәл болсын сенесіз бе?

- Біздің биліктің қимыл-әрекетінің негізгі мақсаты қоғам өмірін жақсарту емес, оның діттегені - не де болса, қолда бар биліктен айырылып қалмау! Сондықтан да оның қызметінің ең басты анықтауышы - саяси пиар! Көп нәрсе осы мүдде жолында қолға алынып, атқарылып жатады. 20 жыл ішінде аты дардай қаншама бастамалар мен бағдарламалар жария етілді, бірақ бір де бірі нақты жемісін бермеді. Әйтеуір, бір бітпеген бағдарлама екіншісіне ұласып жатады ылғи.

Сіз айтып отырған шаруалардың да тағдырына нақ осы тұрғыдан қарауға болады.

Байқайсыз ба, қызметке отырған әрбір министр өз саласында міндетті түрде реформа жасауға кірісе бастайды. Неге дейсіз бе? Әрбір реформаның артында оған бөлінетін бюджет қаржысы тұрады! Соны тезірек игеріп алу керек қой!

- Қарсы қимылдағы партиялардың (Оппозицияның) әлсіздігін бәрі айтады. Бірақ нақты себебін партия басында жүрген Сіздер де біле алмай дал болып жүргенге ұқсайсыздар. Мұның бір себебі, халыққа сөзі жүретін, билікке ықпалы бар нағыз тұлғаның болмауында жатқан жоқ па?

- Оппозицияның әлсіздігін немен өлшедіңіз?

Алматыда митингке шыққан адамдар санымен бе? Оған айтарым мынау: біздің қоғамда митингке деген көзқарас басқаша. Көптеген адам митингті саяси күрестің тиімді формасы ретінде қарастырмайды. Оның үстіне жылдар бойғы саяси қудалаулар да өз «жемісін беріп» жатыр: қоғамда белгілі бір дәрежеде үрей мен қорқыныш та жоқ емес. Оны ашық мойындауымыз керек.

Кез келген саяси күштің - ол билік болсын, не оппозиция болсын - күшін, ел ішіндегі қолдауын анықтайтын бірден бір өлшеуіш - сайлауда алған дауыс саны. Мұны түсінген билік осы күнге дейін 10 мыңға жуық учаскелік комиссиялар құрамына оппозиция өкілдерін енгізбей отыр. Өйткені, ол жағдайда дауыстар дұрыс саналып, ешбір жағдайда 91 пайыз алмайтынын біледі.

Әрине, оппозицияның, кез келген жанды организм ретінде өз жетістіктері, өз кемшіліктері де бар. Кемшін тұстарымызды біз білеміз. Әсіресе, осы күнге дейін нақты түрде біріге алмай жүргеніміз мені қатты қынжылтады...

Қарсы қимылдағы саяси күштердің дүркіреп тұрған жылдарын сағынасыз ба?

-   Оппозицияның өткен жолында әрқилы кезеңдер болды. Меніңше, оның әрқайсысының өз орны бар. Шынымды айтсам, екі кезеңді ризашылықпен еске аламын. Бірі - 1999 жылы барлық оппозициялық күштер бірігіп, Демократиялық күштер Форумы қызу жұмыс жасаған кез. Екіншісі -  2005 жылы құрылып, барша демократтардың басын қосып, саяси өмірге жаңа серпін берген «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы белсенділік танытқан кез.

20 ншы наурызда үлкен жиналыс болады деп жатыр. Осы жиналыстан кейін саяси партиялардың жетекшілері, негізгі жұмысшы тобында буын алмасу процессі жүруі мүмкін бе?

- Сауалыңыздың астарын түсініп отырмын. Биліктің басында жылдар бойы отырып алғандардың ауысуын талап еткен біз неге өзімізге сондай талап қоймаймыз дегіңіз кеп тұр ғой (күлді).

Ол да қажет процесс. Басшылық жаңармай, буын ауысып тұрмай, кез келген ұйым не ұжым сөзсіз тоқырауға ұшырайды. Оны да ойластырып жатырмыз.

Бірақ мынадай бір түйткіл бар осы жерде. Оппозициялық ұйымның жетекшісі болу оңай шаруа емес, әсіресе, жеке басыңызға қауіпті, отбасыңызға, айналаңызға салқыны тиеді, қудалауға ұшырайсыз, тіпті достарыңыз да жапа шегуі мүмкін. Қазіргі өрімдей жастардың басына бірден осыншама қиындық туғызып жатсақ дұрыс бола ма? Ол жағын да ойлап, әзірше оларды аяп жүрген де жайымыз бар. Көрсек, сот пен абақтыны әзірше біз көре тұрайық, оған ет үйренді ғой. Әйтпесе, Құдайға шүкір, қатарымызда «сен тұр, мен атайын» дей алатын жастар өсіп келе жатыр. Оппозицияның болашақ жетекшілері нақ солар!

- Бәрін қойып, ұлттық партия неге құрмайсыздар? Қазақтың саны  - 70 пайыз. Ұлттық мәселелер шаш-етектен. Ел ішінде де ұлттық партияға деген қажеттілік те бар.

- 2006 жылы біздің партияның құрылтай съезі өткенде біз ресми түрде «Қазақ ұлтын жаңғырту» деп атап, Қазақстандағы қазақ халқының мүддесін мемлекеттік тұрғыдан қорғап, қамтамасыз ететін құжат әзірлеу керектігін ашық айтқан болатынбыз. Кейін бұл ойымыз бірнеше зерттеу, кітап түрінде жарық көрді. Сондықтан да біз өзімізді ұлт мәселесінде бетімізді ашып алған партиямыз деп санаймын.

Әзірше осы ұйым аясында ұлтымыз үшін біраз шаруа атқара аламыз деп ойлаймын. Қалғанын уақыт көрсете жатар. Қазіргі референдумның да діттеген ойы да ұлтымыздың түпкілікті мүддесінен туып отыр ғой.

Бір нәрсе анық - қазақ мүддесін ашықтан ашық қорғай алмаған кез келген саяси ұйым не қайраткер - саяси өлік! Ондайлардың ешқандай болашағы жоқ! Сіздің ойыңызбен толық келісемін!

Біздің партия да осы сара жолмен жүруі үшін мен бар күшімді саламын!

- Саясаттан шаршаған жоқсыз ба?

Керісінше, саясат өз қатарында 15 жыл жүрген менен шаршаған шығар (күледі).

Мен үшін қазіргі саясатқа араласуым деген не? Ол - қарапайым халықтың мүддесін қорғап, қоғамда орын алып жатқан кемшіліктер туралы ашық айтып, оларды жою жолдарын ұсыну. Менің мамандығым - журналист. Сондықтан ресми түрде саясатта болайын, не болмайын, бәрібір, мен өз ойымды бүкпесіз білдіремін, жазамын, айтамын. Сөйтіп, тағы да саясатқа араласып кетемін ғой...

Мәселе белгілі ұйымдағы қызметте емес, мәселе менің өмірлік позициямда. Ал қазіргі Қазақстанда - пікіріңді ашық айтудың өзі саясат боп кетті ғой...

Осы оппозиция ақшаны қайдан алады, аға?

Біз «Нұротан» секілді әрбір қалада зәулім кеңсесі бар, асып-тасып жатқан партия емеспіз. Аппарат та шағын, облыстардағы филиалдар да қаржыны мейлінше үнемдеуге үйренген. Қол ұшын беріп жатқан орта және шағын бизнес өкілдері. Біз сынап жүрген олигархтар бізге қайдан қаржы берсін?

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан - Өміржан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435