Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3139 0 пікір 21 Наурыз, 2013 сағат 08:37

Бейсен Ахметұлы. Қытай билігі «реформашылдардан» «қызылдардың» қолына өтті

Дың Шиаупиң: «Біз жастарға орын берулеріміз, ал жастар қорықпаулары керек. Кемшіліктер болады, оны түзетеміз, қажет болса жастарды демеуміз керек. Негізі адам қартайған сайын қателесуден сақтанғаны жөн». Міне, бұл Дың атайдан қалған өсиет. Осылайша қытай елі жастарды өсіріп, тәрбиелеп, билік алмастырып келе жатыр.

2013 жылдың 14-науырызында өткен Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайының 1 кезекті мәжілісінде Ши Жинпиң мемлекеттің төрағасы, орталық әскери істер комитетінің төрағасы болып,  Ли Иуанчау мемлекеттің орынбасар төрағасы болып сайланды.  15 науырызда жаңа төраға Ши Жинпиң 1-нші нөмірлі бұйрығына қол қойып, Ли Кычиаңды мемлекеттік кеңестің басшысы етіп тағайындады. Осылайша 10 жылда бір рет алмасатын қытай билігі қалыптасқан дәстүрге сай міндетті өткізіп беру мен өткізіп алу  рәсімін өтеді.

Дың Шиаупиң - коммунистерден гөрі реформашылдарға жақын болды әрі өзінің ізбасары ретінде қызылдардың өкілі болғанмен реформашылдарға жақын  Жиаң Зыминді қалдырды, Жиаң Зымин өз ізбасары ретінде  реформашылдардың өкілі Ху Жинтауды тәрбиеледі. Ал қазіргі  ел басшысы Ши Жинпиң нағыз қызылдың тұқымы яғни, «Қызылдардың екінші ұрпағы» деп аталады. Себебі, бұлар әкелерінің саяси беделдерінің арқасында билікке келгендер.

Дың Шиаупиң: «Біз жастарға орын берулеріміз, ал жастар қорықпаулары керек. Кемшіліктер болады, оны түзетеміз, қажет болса жастарды демеуміз керек. Негізі адам қартайған сайын қателесуден сақтанғаны жөн». Міне, бұл Дың атайдан қалған өсиет. Осылайша қытай елі жастарды өсіріп, тәрбиелеп, билік алмастырып келе жатыр.

2013 жылдың 14-науырызында өткен Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайының 1 кезекті мәжілісінде Ши Жинпиң мемлекеттің төрағасы, орталық әскери істер комитетінің төрағасы болып,  Ли Иуанчау мемлекеттің орынбасар төрағасы болып сайланды.  15 науырызда жаңа төраға Ши Жинпиң 1-нші нөмірлі бұйрығына қол қойып, Ли Кычиаңды мемлекеттік кеңестің басшысы етіп тағайындады. Осылайша 10 жылда бір рет алмасатын қытай билігі қалыптасқан дәстүрге сай міндетті өткізіп беру мен өткізіп алу  рәсімін өтеді.

Дың Шиаупиң - коммунистерден гөрі реформашылдарға жақын болды әрі өзінің ізбасары ретінде қызылдардың өкілі болғанмен реформашылдарға жақын  Жиаң Зыминді қалдырды, Жиаң Зымин өз ізбасары ретінде  реформашылдардың өкілі Ху Жинтауды тәрбиеледі. Ал қазіргі  ел басшысы Ши Жинпиң нағыз қызылдың тұқымы яғни, «Қызылдардың екінші ұрпағы» деп аталады. Себебі, бұлар әкелерінің саяси беделдерінің арқасында билікке келгендер.

Бір қызығарлығы, кезінде Мау Зыдұңнан кейін билікке келген ЖауЗяң мен Ху Яубаңдар коммунистер бола тұра, реформашылдықты дәріптеу салдарынан саяси жақтан қателесіп, қудаланған болатын. Ал олардың жолын Дың Шиаупиң мырза жалғастырып, реформаның арқасында қытайды әлемге танытты. Ал Жиаң Зымин мырза Дың мырзаның қалыптастырған ортасын бейбіт сақтап тұру үшін саяси ұстанымдарды пысықтап, іріп-шірудің алдын алумен жемісті айналысқан коммунист.

Демек, қытай билігі «қызылдар» мен «реформашылдардың» алма-кезек ауысуы арқылы бірінің кемшіліктерін бірі толықтаған билік дәстүрін қалыптастырды.

Әдетте «реформашылдар» мемлекеттің экономикалық және демократиялық жақтан зор қарқынмен дамуына қол жеткізсе, ал қызылдар халықтың тұрмысы мен әлеуметтік саланы дамытуды негіз етеді. Реформашылдар батыс елдерін үлгі тұтса, ал қызылдар саяси-моральдық жақтан шіріктесудің  алдын алуға тырысады.  Міне, батыс үлгісі мен коммунистердің тәжірибесі ұштасқан қытайдың саяси-экономикалық  үлгісі - қытайша социализм деп аталған болатын.

Қытай билігіне мүдделі топтардың таласы туралы саясаткерлер де осы көзқарасты жақтайды.    Қытайдың билік таласы көбінесе көне коммунистердің ұрпақтары, атап айтқанда «қызылдар» мен  батыс елдерінің ықпалында өскен «реформашылдар» арасындағы таластар деп түсіндірілуде. Бұл тұрғыдан «Ху мен Уын» мырзалар реформашылдардың өкілі. Қарапайым отбасының тумалары. Ал енді билікке келген «Ши мен Ли» болса  нағыз «Қызлдардың», атап айтқанда коммунистердің ұрпақтары. Әне, сол үшін  ең алдымен күресті іріп-шіру мен мемлекеттік қызмет стиліндегі кемшіліктерді түзетуден бастады. Айналасы бірнеше айдың ішінде ғаламторлар мен ақпарат құралдарында мыңдаған қытай шенеуниктері әшкерленіп, қатаң жауапқа тартылды. Деседе әбден орнығып мемлекеттің билік басындағы жүйеге дейін кіріп, «іріленген парақор монополияны» құлатуға қазірше шамасы келе қоймас. Міне, бұл қытайдың - ең үлкен бас ауыруы. Қытайдың құлдырауына, қытай халқының құлдануына да әкелетін негіз болмақ.

Бір қуанарлығы, Қытай елі осы 2013 жылдан бастап ауыл-қыстақ халқының тұрмысын жақсарту, оқытушылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру бойынша кешенді жұмыстарды қолға ала бастады. Бұл салада білім саласына бөлінген қаржыны жалпы ішкі өнімнің 4 пайызын ұстайтын меже есебін бекітті. Ауыл-қала тұрғындарының нақты кірісінің артуын экномиканың арту қарқынымен теңестіру, жалақының өсуін еңбек өнімділігінің жоғарылауымен теңестіруді жолға қойды, осылайша 2020 жылға қарай халықтың тұрмыс өресі 2010 жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп межелеп отыр.  Бір кемшілігі, жастар мен өрендер арасында сана тәрбиесі бұрынғысынша қалып отыр, заман талабына сай реформаны күтіп отырған бұл сала билікке келген коммунистер жағынан өзгеріске түсуі неғайбыл.

Бір айта кетерлігі, реформа мен саяси-моральдық тәрбиені қатар ұстаған Қытай елінің халық тұрмысы Қазақстанмен салыстырғанда  көп алда екенін мойындау керек. Себебі, зат бағасы мен үй-құрылыс бағасын теңшеу саясатын іске асырған қытайларда тұрғын үймен қамдау ісі жолға қойылған. Тұрғын үй бағасы мен жалақы шамасы теңестірілген. Ал Қазақстанда тұрғын үй көзсіздікпен қымбаттап, Нью-Иорк сынды қалалармен теңесіп тұрса, халықтың жалақысы мен әлеуметтік жағдайы өте төмен. Соның салдарынан көптеген адамдар дене мүшелерін саудалауға дейін барып отыр. Жалпы, Қазақстан «Қолжетімді жер-2020» саясатын жүргізугеде шарасыз. Өйткені, мемлекет иелігіндегі пайдалануға жарамды жерлердің басым бөлігі жеке меншікке өтіп кеткен. Ал тұрғын үй мәселесі алдағы 10-20 жылда шешіле қоюы екіталай. Демек, Қазақстанда мемлекеттің нақты жағдайына қарай саясат белгілеп, халық тұрмысын жақсартуға тиімді жобалар жасауға кедергі көп. Тіпті жеке кәсіпкерлікпен айнаылсуға қажетті құжаттар мен мемлекеттік кедергілер халықты шаршатты,білімді жастар мен талантты менеджерлер шетелге ағылуда. Ал Қытайда осы жылдың науырызынан бастап кәсіпкерлікке қажетті құжаттарды қысқартып тастады әрі үкімет жеңілдетілген қарыз бен қосымша көмек қаражатты ауылдағы әрбір тұрғындарға дейін жеткізуді бастады. Қазақстанда болса, бір «Сыбаға» бағдарламасымен жеңілдетілген несие алуға бір ауданда 1-3 адамға дейін толымды, себебі кепілге қоятын қора-жайдің өзі үлкен қалаларда болу керек деген сияқты кедергілер мен қалтасының қамын ойлаған жалақысы мардымсыз шенеуніктердің құлқыны  көптің бағын байлауда.

Қытай компартиясының 18 кезекті құрылтайынан кейін араға бірнеше ай салып ашылған  12 кезекті  бүкіл қытайлық қытай халық құрылтайы өз мәресіне жетті. Осылайша партия билігін қолына алған Ши жинпиң (Си синпинь) мырза енді мемлекеттің де басшылық құқығын қолына өткізіп алды. Партияның,  қарулы күштің, елдің билігін қолына алған Ши мырза мемлекеттік кеңестің басшысы етіп Ли Кычиаң мырзаны қасына алды. Осылайша, бесінші  ұрпақ - қытай басшылығы өмірге келді.

Алдыңғы кезекті ел басшысы ХуЖинтау мырзамен мемлекеттің кеңестің басшысы Уын Жиабау мырзадан яғни, «Ху мен Уыннен»  «Ши мен Лиге» не қалды?

Жетістіктері ретінде:

1.  экономикалық жақтан тұрақты дамуға қол жеткізді.

2. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Экономикалық реформа өз жемісін берді.

3. Бейжін олимпипдасын табыспен өткізді.

4. Ізбасарлық құқықты тыныш өткізіп берді.

5. Мемлект тұтастығына қатысты заңдар мен күштік құрылымдарды күшейтті.

 

Кемшіліктері немесе қалыптасқан мәселелер:

1.     «Ху мен Уын» мырзалар жемқорлық пен іріп-шіруге қатысты әлсіздік тантып, парақорлықтың іріленген топтары қалыптасты. Осының кесірінен бюрократияның қалыптасуына мүмкіндік туылды. Міне, бұлар  Мау Зыдұң айқан «Қант қабыршақты зеңбірек оқтарымен қаруланған»  жаңа қытайлар болатын.

2.     Билік жүйесінде саяси бақталастық ашыққа шыға бастады.  Бұл «қызыл» коммунистер мен «реформашылдар» арасындағы күрес. Қазірше қызылдар өз ұпайларын түгендей бастады.  Мысалы, Бо Шилай  қызылдардың өкілі ретінде реформашылдардың қаһарына іліккен  шенеунік. Деседе келесі биліктің  өз командалары  Бо Шилайды ақтап жіберуі де ғажап емес.

3.     Парақорлықтың іріленген топтары мен бюрократияның  кесірінен күллі қытай қоғамында моральдық азғындау белең алды. Бұл бір жағынан қытайлардың ғаламтор байланыстары мен көз аяларының кеңеюі салдарынан болып,  қытайлардың ақша мен билікке болған құмарлықтарын арттырды.

4.      Экономикалық жылдам дамуға қол жеткізгенімен, бай мен кедейдің парқы алшақтады. Зат бағасы мен мемлекеттік жер саудасы, қора-жай саудасы саласында қатты қымбатшылыққа ұрынды. Қора-жай саудасы барынша әлсіреді.

5.     Мемлекеттің жер, кен орындары саудасы мемлекеттің маңызды қазыналық кірісіне айналып, экономикалық жақтан дамуына серпін берді. Деседе бұндай саясат алдағы қытай экономикасына үлкен кедергі болуы мүмкін. Себебі қытай көп бөлім маңызды кен орындары мен жер байлығын уысынан  шығарып алды және шетелдіктерге берді. Бұл жекелеген қожайындардың қарапайым қытай жұмысшыларын қанаудағы басты  құралына айналуда. Бұл ішкі парақор мәнсаптылардың еңбектерінің жемісі.

6.      Көрші елдерімен жер дауы басталды.

Мұның бәрі бізге мәлім жақтары.

Қытайды айнала қоршаған көршілерінің қытайға аса сергектікпен, қорғанымпаздықпен қарайтыны белгілі. Шекара дауы  мен басқада себептерді алға тартқан түрлі топтар мен елдер қытай саясатымен мықтап айналыса бастағаны тағы бар.

Демек, қытайдың алдында ауыр кезең тұр. Бұл - қымбатшылықпен күрес, жер дауы, көршілердің қытайға бағыттаған экономикалық шабуылы, саяси текетірес, парақорлықпен күрес, қытай байлығын шет лге тасыған қытайлармен күрес, азғындана бастаған ұрпақтың кесірінен туындаған қарттарды бағып-қағу жұмысы, ояна бастаған ұлттық сана мен азаттықты дәметкен ұлттармен күрес, қызылдар мен реформашылдар арасындағы күрес болмақ.

Қытайлық ерекшелікке ие социализмнің серкелері бұл мәселелерді әзірше коммунистердің жолы арқылы шешуге талпынуда. Ал батыс елдерінің түсінігін жұқтырған қытайлардың көбеюі бұған жол бере қоя ма? Оны уақыт көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371