Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Дін мен тін 3887 6 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 14:12

Қайырымдылық па, әлде діни ұйым ба?

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай, түрлі діни топтар мен экстремизм және терроризмге қарсы күрес жүргізді. Қазіргі таңда елімізде жамағаттар мен әртүрлі ағымдар белең алған. Олармен күресудің ең тиімді жолы, құзырлы мекемелердің жіті бақылауында болуы керектігін айтпаса да түсінікті. Бұлай деуімізге Алматы қаласының полиция департаменті осындай бір пансионатты құрықтаған болатын. Осыған орай, тілшіміз осындай ұйым туралы журналисттік зерттеуін жүргізген еді.

ІІМ мәлімдемесіне сәйкес, қайырымдылық мекемесінің атын жамылып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеп және басқа да қылмыстарға алып келді деген күдікпен қылмыстық іс қаралуда.

Бұл пансионаттарда тұратын тәрбиеленушілерге жүйелі түре діни жоралғыларды да үйретіпті. Тәрбиешілердің тапсырмаларына келіспегендерді тамақ пен сусыз қалдырып, кей жағдайда физикалық күш қолданылған делінген ресми ақпарат көзінде.

Осы бір пансионат туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұраттың пікірін білдік.

«2021 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жібек жолы» қайырымдылық қауымдастығымен өзара меморандумға отырды. Меморандум негізінде қауымдастықта тәрбиеленуші шәкірттер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттерде діни білім алу керектігі жөнінде көрсетілген. Ол жерде алты ай сайын біздің тарапымыздан оқу бағдарламасы жасалынып, сабақ кестесінің құрылатындығы да жазылған», - дейді наиб имам.

Сөзінше меморандумда екі жақтың нақты талаптары мен шарттары көрсетілген. Осы шарттар бұзылған жағдайда арадағы меморандумның бұзылатындығын да айтады.

«Шарттар мен талаптар ішінде қайырымдылық мекемесіндегі тәрбиеленушілерінің мешітке арнайы келіп сабақ алмаулары, қауымдастық мекемелерінің тәрбиеленушілерді жібермеуі, діни мазмұндағы білім беру т.б. жайттар анықталған жағдайда арадағы келісімшарттың бұзылатындығы айтылған. Жамбыл облысында «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесіне қарасты «Қордай» және «Бәйдібек» мекемелері жұмыс істейді.

Меморандумдар аясында екі жақты жұмыс жүргізуде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Һибатулла Тарази орталық мешітінің тарапынан екі жақты келісімге орай, сабақ кестесі де құрылған. Аталған екі мекемеден тәрбиеленушілердің мешітке келіп білім алуларына жағдай жасалған. Бұл келісімшарт негізінде шәкірттер бізден нақты білім алмады. Шәкірттерді жібергенмен де көбісі келе алмады», - дейді ол.

Әулиетадағы Қазақстандағы мұсылмандары діни басқармасының өкілі, соңғы жағдайларға байланысты діни басқарма республика бойынша қайырымдылық мекемелерінде меморандумға қатысты заң бұзушылықтардың орын алғандығын әшкерелеп, арадағы меморандумның бұзғандығын мәлімдеген болатын, дейді ол.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, имам айтқан қауымдастық 1957 жылы Түркияда пайда болған деседі. Қайырымдылық және мұсылман зейнетақылары мен қорлары деген атпен түрік елінде де жұмыс істеген. Түрлі діни  топтардағыдай шәкірттерін діни тәртіпке оларды бұлжытпай орындауға үйреткен. Олар өздерін Сүлеймен Хилми Тұнахан хазіреттің соңынан ілесушілерміз депте есептейді екен.

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» теолог маманы Жарас Қуат «сүлейменшілер» деп аталуын былай түсіндіріп кетті.

«Бұл жамағаттың негізін салушы Сүлеймен Хилми Тұнахан. Сондықтан да сол кісінің аты аталады. Олар елді басып алуға немесе заңға бойұсынбауы секілді ашық түрде өздерінің көзқарастарын жарияламаса да, олар мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тыныштығына әсер етуі мүмкін. Түркия елінде осыдан жеті-сегіз жыл бұрын, мемлекетті басып алғылары келген жымысқы әрекеттері де болған», - дейді дін маманы.

Теолог маманың айтқандай, олардың елімізде қайырымдылық атын жамылып, діни оқу орындарын ашуға қаншалықты құқығы бар? Олардың жұмыстары құзырлы мекемелердің бақылауында ма? Осы сұратқтардың нақты жауабын табуды құзырлы мекемелерге қалдырдық.

Білгетай Талас

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6227