Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 3516 1 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 13:57

37 мың адам: Қазақстан әскер санын арттыруда

2023 жылы Қазақстан армиясына 37 мыңнан астам адамды шақыру туралы шешім қабылданды. 

"Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы 37 056 ер азаматты әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық пункттермен қамтамасыз етсін", - делінген Үкімет қаулысында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 ақпанда әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару кезекті әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстан билігінің 2023 жылы 37 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспары туралы 2022 жылғы 4 желтоқсанда хабарланды.

2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мыңды құрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527