Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 2954 0 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 13:04

Орыспен ойнаудың Пәкістандық үлгісі

Ресми Кремль Путиннің аталмыш соғысынан кейін энергия көздеріне мұқтаж елдерге «мұнай мен Украинаның біреуін таңда» деп қатаң талап қойып келгені белгілі. Басында Украина мәселесінде бейтарап позиция ұстанып келген мемлекеттердің қатарында Пәкістан да болып келді. Екі тарап құбырды жаңалап, сәуірдің басында іске қосуға келісім-шарт жасасқан.

Жаңа жыл кіргелі бері Пәкістан Украинаға болыса бастады. Әскери көмекті күрт көбейтті. Алғашында оқ-дәрі бергенін айтып, нақты санын көрсетуден бас тартса, енді ашығына көшіп, санамалап мәлімет бере бастады. Ақпан басталғалы бері Польша шекарасы арқылы он мың снаряд бергенін жеткізді. Онымен ғана шектелмей Ресейдің әріптестері қатысатын Ауған мәселесін талқылау кеңесіне қатысудан бас тартты. Соның алдында ғана Ресей сыртқы істері Ауғанстан мен Пәкістанда орын алған жырылыстарды Батыстың арандату әрекеті, сол арқылы Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» жобасын тоқтатуды көздейді деп мәлімдеме жасаған еді. Пәкістан тарабы кеңеске қатысудан бас тарту себебін Ауған мәселесінде өз алдына жобасы бар екенімен, бұрыннан аумақ тыныштығына ат салысып келе жатқанымен түсіндірді. Әлемдік ақпарат құралдары украйнадағы оқ-дәрі тапшылығын жоюға Американың ұсынысымен Оңтүстік Корея мен Пәкістан ат салысып отырғанын жазады.

Пәкістанның Украина мен мұнайды қатар таңдауы саяси тактика екені белгілі. Сол арқылы екі алып, биге шықпақ. Бір жағынан Украинаны қолдау арқылы Үндістанмен іштесіп бара жатқан Кремльге қыр көрсетіп, орыс мұнайын арзан бағада сатып алуға көзір әзірлемек. Енді бір жағынан Трамп кезінде тоқтап қалған Америкамен арадағы әскери әріптестікті күшейтпек.

Соғыста жеңіліп, экономикасы құлдырап, барған сайын ырықсыз орынға түсіп бара жатқан орыс билігінің оның таңдауына көнбестен басқа шарасы жоқ болып тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475