Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 05:53

Ұятымыз ояна бастады

Жалаңаш қыздар бұдан былай оқушы дәптерлері мен күнделіктерінде «әбүйірлі жерлерін бұлтитып» тұрмайды! Мәжіліс депутаттары мен Үкімет өкілдері қатысқан жұмыс тобы кешегі отырысында арнайы заңның осыған тыйым салатын бабын түпкілікті мақұлдады. Парламент қарап жатқан «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңының жобасы басқа да тың жаңалықтарға толы.

Осы жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты А.Смайыл «мектептерде кездесетін ақпараттарда, оқулықтарда, дәптерлерде, күнделіктерде де балаларға зиянды ақпараттар толып жатқандығын» айтады. Жалпы, бұл мәселе заңнама жүзінде тұңғыш рет бекітілгелі отыр. Парламенттің алдыңғы шақырылымында Бекболат Тілеухан секілді ұлтжанды депутаттар оқушыларға арналған оқуға қажетті баспа өнімдерінің мұқабасындағы бейәдеп суреттер жайын талай рет мәселе етіп көтеріп, дабыл қағып, барлық жауапты мемқұрылымдарға тыйым салу ұсынысымен жүгінген. Бірақ ол үндер жартасқа соғылған. Енді Үкімет беті «бері қарап», осы істе қалаулыларға қолдау көрсете бастапты. Рас, кейбір қатысушылар «дәптер мұқабасын заңмен реттеудің қажеті не?» деген таңданыс білдірген. «Бұл жерде мен кейбіреулеріңізді түсінем, - деді жұмыс тобының жетекшісі. - Өйткені мұндай ұғым жоқ. Бұрын болмаған. Осыдан келіп, кейбіреулеріңіз түс көргендей болуларыңыз мүмкін».

Осы заң жобасының 4-тармағы «балаларға арналған баспа және дыбыс-бейне өнімдерін, оның ішінде дәптерлерді, күнделіктерді, кітап тыстарын, кітап бетбелгілерін және білім беру мекемелерінде, оның ішінде қосымша білім беру мекемелерінде де балаларды оқыту кезінде пайдаланылатын өзге де полиграфиялық өнімдерді безендіру» осы заң жобасымен тыйым салатын «ақпараттарды қамтымауға тиістігін» міндеттейді. Бұл заң жобасы (7-бабы) балалар арасында мынадай ақпараттардың айналымын шектейді: бұлар қатарына - біріншіден, зорлық-зомбылықты көрсететін, екіншіден, қатыгездікті көрсететін, үшіншіден, баланы өмірі мен денсаулығына ықтимал қаупі бар іс-әрекетке арандататын, төртіншіден, баланы қоғамға жат және құқыққа қайшы іс-әрекетке арандататын, бесіншіден, отбасы институтының беделін түсіретін, алтыншыдан, нормативтік емес лексика қамтылған, жетіншіден, қорқыныш туғызатын сипаттағы және сегізіншіден, эротикалық сипаттағы ақпараттық өнімдер жатқызылып отыр.

Рас, 4-тармақтан депутат Рамазан Сәрпеков «дәптерлерді, күнделіктерді» деген сөздерді алып тастау туралы ұсыныс енгізіпті. Бұған топ жетекшісі қарсы шықты. «Ал біз айтамыз: бұларды қалдыру керек! - деп шарт түйді Алдан Смайыл. - Өйткені өткен шақырымда біз осы мәселені бірнеше рет қараған болатынбыз. Күнделіктерде шетелдік актерларды салып қояды, бұлшық еттерін бұлтитып. Қыздардың суретін салып қояды. Дәптерлердің тысында да неше түрлі сурет айқыш-ұйқыш салынады. Соған байланысты күнделіктер мен дәптерлер сыртында енді мұндайға жол берілмесін деп отырмыз.Екіншіден, бұлардың тысында неше түрлі жарнамалар беріп жатады, осылайша дәптер-күнделіктерді жарнама таратудың құралы ретінде пайдалану басталды. Менің ойымша, баптан дәптер мен күнделіктерді алып тастауға болмайды!» Десек те, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі ол тармақтағы «полиграфиялық өнімдер» деген сөз өз ұғымына онсыз да осы сөздерді сыйдыратындығын түсіндірді: «Ол дәптер мен күнделікті, бәрін қамтиды.

Оның үстіне дәптер, күнделік деген ұғымдар ескіре бастады, түрік лицейлері, «Холибери» мектебінде басқа құралдар пайдаланылады, басқаша аталады оларда. Сон­дықтан нақтыламау керек. Әйтпесе, басқалары «біздің өнімдер аталмапты, бізге болады» деуі мүмкін». Жұмыс тобы осыған тоқтады.Ең ғажабы сол, осы заң қабылданған соң, Интернет-кафелер бос қалуы ғажап емес! Себебі ондай орындардың клиенттерінің негізгі бөлігі «қан жоса қырғынға» негізделген компьютерлік ойын­дарды ойнауға құмартқан балалар мен жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдер екендігі жасырын емес. Ал мына заң әлгі айтылған 7-бапта шектеу қойылған ақпараттары бар, яғни қатыгездік пен эротикаға негізделген барлық «компьютерлік және электронды ойындармен, интернет-ресурстардағы онлайн ойындармен, ұялы байла­ныстың техникалық құрылғыларына арналған ойындармен» 16-ға жасы жетпеген балалардың ойнауына тыйым салады.

Бұл ретте заң жобасының 3-тармағында «Интернет ресурстар және ұялы, радиотелефон байланыс желілері қыз­меттерінің провайдерлері, Интернет-ресурстарға ұжым­дық қол жеткізу пунк­терінің иелері мен әкімшілері» осын­дай ойындарға балалардың қолы жетпеуін, шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті делінген.

Елдос СЕНБАЙ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371