Кедендік одақтың келешегі қалай болмақ?
Кедендік Одаққа байланысты алыпқашпа әңгіме көп. Пікірлер ұдайы қақ жарылып келеді. Бірі оның керектігін сөз етсе, екінші біреулер Ресейден өзге елдер үшін аса тиімсіз екенін тілге тиек етуде. Мәселен, белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы жақын арада Кедендік Одақтың «жаназасы» шығады деген пікір айтты. «Көп ұзамай Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмек. Ресей еніп қойды. Демек, бірнеше ұйымдардың арасындағы халықаралық заңдардың қарама-қайшылығы Кедендік Одақтың өмір сүруіне кері әсер беріп, КО өз-өзінен өмір сүруін тоқтататыны белгілі» дейді танымал саясаттанушы.
Оның айтуынша Ресей үшін Кедендік Одақ саяси құрал ғана. Сондықтан оның құрамына мемлекеттердің көбірек енгені тиімді. Ал мүше елдерге Одақтың экономикалық пайдасы бола ма, жоқ па, ол жағына Мәскеу бас қатырмайтын секілді.
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

- «Кедендік одақтың жұмыс істеп тұрғанына біраз болды. Оның қаншалықты пайдалы екенін экономистер, қаржыгерлер есептеп шығарып жатыр. Қазір мәселе КО-да немесе Дүниежүзілік сауда ұйымында емес, мәселе Еуразиялық экономикалық одақ не болмаса ресейліктердің тілімен айтқанда «Еуразиялық одаққа» байланысты болып тұр. Бұл Одақ бізге не береді, біз нені жоғалтамыз деген әңгіме төңірегінде қоғамда пікірлер көбейді. Еліміздегі саяси элита да көп нәрсенің байыбына енді барып жатыр. Қысқасы, олар Ресейге Еуразиялық одақ не үшін керек екенін түсінді. Сондықтан элита тәуелсіздік тізгіні қолдан шығып кетпеуіне қам жасай бастады. Бұл өте дұрыс бағыт. Біз ДСҰ -ға сонау 1995 жылдары енеміз деп әрекет жасағанбыз. Содан бері ешқандай экономикалық емес, саяси себептермен кейінге шегеріліп келді. Енді шегінерге жол жоқ. Ену керек. Құрамында жүздеген мемлекет бар,
ол - өте ірі ұйым. Оның әлеуеті Кедендік одақты «жұтып» қояры анық.
Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер:
- Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енгенімен Кедендік одақ аймақтық экономикалық интеграция ретінде өмірін жалғастыра бермек. «Әрине, ДСҰ-ның өзіндік талаптары бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Кедендік Одақтағы әріптесеміз, Ресей қазір сол ұйымның белді мүшесі болды. Ол елде де осы ұйымға байланысты көзқарас екіге жарылғаны белгілі. Бірі «бұл бізге тиімді, инвести-ция тартамыз, тауар сату оңайға соғады» десе, екінші біреуі «ауыл-шаруащылығы өледі» деп үрейленді. Дәл сондай ой бізде де бар. Әлі де болса «ДСҰ құрамына енуге даяр емеспіз» деген пікір бізде басым. Ол - жеке әңгіме. Кедендік одаққа келер болсақ, меніңше ол әлі қалыптасып болған жоқ. Одақтың алға қойған мақсаты, тауар, капитал айналымына, жұмыс күшінің осы кеңістікте еркін қозғалуына жол ашу еді. Бірақ әлі ойлағандай болмай тұр. Тіпті тариф мәселесі де толық шешілді деуге келмес. Солай бола тұрса да бұл одақ ертең ДСҰ-не енген соң өмір сүруін мүлде доғарады дегенге келісе алмаймын. Себебі аймақтық интеграция - әлемде болып жат-қан тенденция. Мәселен, тұтасымен ДСҰ кіретін Еуродақ елдерін алалық. Олар да ДСҰ-ның мүшелері. Сондағы еуро аймағына енетін 17 елде соның мүшесі. Оларға ешкім «қой» деп отырған жоқ. Тынық мұхит елдерінің АСЕАН немесе БРИКС аймақтық ұйымдарына кіретін елдерде ДСҰ-ның мүшелері. Кедендік одақ не болмаса Еуразиялық экономикалық одақ та сондай аймақтық интеграциялардың бірі. Демек, Кедендік одақ ДСҰ енсек те өз тірлігін аймақтық ұйым не одақ ретінде жалғастыра берері хақ. Кім не десе де, аймақтық ұйымдардың өміршеңдігі бірді-екілі пікірлермен шектелмесі анық. Ең басты төреші - уақыт.
Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
"Айқын" газеті