Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2896 0 пікір 4 Сәуір, 2013 сағат 06:13

Құл-Керім Елемес. Ұлттың алты қорғаны

Бисмилләһир-Рахманир-Рахим

Біз сыртқы формамызбен әлдеқашан Ғаламданып болған елміз. Бізде салт дейтін салт қалған жоқ. Киім киісіміз әлем үлгісінде. Отырықтасуымыз әлем үлгісінде. Көшу-қону, киіз үй мәдениеті бізде тек көрсету үлгісіне айналған. Немесе тұтынудан қалған. Қыз қуу жоқ. Жиналып алып ертек айту тіпті де жоқ. Аздаған, кейбір салттарымыздың  тек аттары ғана тілімізде сақталып тұр. Бірақ, тіліміздің халы мүшкіл. Тым мүшкіл.

Ал, қазіргі ортаға қойылып, санаға ұсынылған Ғаламданудың түпкі мақсаты белгілі. Ол - тұтас ғалам халқын бір дінге (мұнда дін мәселесі ауызға алынбайды. Бірақ, оның Ғаламданудағы орнының мәні ақыл жетпес іс емес), бір тілге, салттық жақтан бір үлгіге (киім, той, іс жүргізу) келтіру екені түсінікті. Бұл мақсатқа бойсынбай отырған ғаламшарда үлкен екі Ел бар. Немесе үлкен екі тектес нәсілдер бар. Олар - арабтар. Фарсылар. Немесе ұлы Ислам әлемі. Қазіргі Ислам әлеміне жасалып жатқан көп шабуылдардың мақсаты да осы арабтар мен фарсыларды басқамыз сәйкесе бастаған «жаңа мәдениетке» тізе бүктіру.

Бисмилләһир-Рахманир-Рахим

Біз сыртқы формамызбен әлдеқашан Ғаламданып болған елміз. Бізде салт дейтін салт қалған жоқ. Киім киісіміз әлем үлгісінде. Отырықтасуымыз әлем үлгісінде. Көшу-қону, киіз үй мәдениеті бізде тек көрсету үлгісіне айналған. Немесе тұтынудан қалған. Қыз қуу жоқ. Жиналып алып ертек айту тіпті де жоқ. Аздаған, кейбір салттарымыздың  тек аттары ғана тілімізде сақталып тұр. Бірақ, тіліміздің халы мүшкіл. Тым мүшкіл.

Ал, қазіргі ортаға қойылып, санаға ұсынылған Ғаламданудың түпкі мақсаты белгілі. Ол - тұтас ғалам халқын бір дінге (мұнда дін мәселесі ауызға алынбайды. Бірақ, оның Ғаламданудағы орнының мәні ақыл жетпес іс емес), бір тілге, салттық жақтан бір үлгіге (киім, той, іс жүргізу) келтіру екені түсінікті. Бұл мақсатқа бойсынбай отырған ғаламшарда үлкен екі Ел бар. Немесе үлкен екі тектес нәсілдер бар. Олар - арабтар. Фарсылар. Немесе ұлы Ислам әлемі. Қазіргі Ислам әлеміне жасалып жатқан көп шабуылдардың мақсаты да осы арабтар мен фарсыларды басқамыз сәйкесе бастаған «жаңа мәдениетке» тізе бүктіру.

Ал, оларды салттарында берік сақтап отырған нәрсеге келер болсақ, ол - дін. Дін болғанда да ұлы Ислам діні. Негізінде бізде Ислам дініндеміз. Бірақ, біздің бұл ұлы дінді тұтынуымыз дәл араптар мен фарсылардай кемелді емес. Сол себепті де біз салттық жақтан жат пиғылдарға ертерек берілдік. Немесе жеңілдік (біздің қайта тұруымыз мүмкін, егер дінімізді қайтадан берік ұстансақ).

Идея деген - ауа. Немесе идея ауа сияқты зат. Онда шекара болмайды. Тағы келіп, идея - жүрекпен жұмыс жасайтын рухани зат. Демек, Ғаламдану деген де - идея. Сондақтан, жүрек идеясыз болса, бос болса, ол бос орынға әлгі Ғаламдану сияқты идеялар тез-ақ орныға қалады. Ол (Ғаламдану идеясы) онда (жүректе) тек тұрмайды. Өркенін жаяды.

Тағы бір қырынан адам баласы екібастан Ғаламданулы. Себебі, бәрі бір мекенде - Жер шарында жасайды. Әрі күллі адам баласы бір ғана Адам ата ғалайһис саламның ұрпақтары... Оның дәлелі болса Құранда. Оқыңыз: «Аллаһ сендерді бір адамнан (Адам атадан) жаратты» (6с - 98а).

Ал, біздің қазіргі Ғаламдану үрдісінен, немесе бұл ауқымнан ұлтымызды сақтап тұру (қалу емес) мәселесіне келер болсақ, менің өз көзқарасым былай. Жалпы ұлттың сыртқы үш, ішкі үш қорғаны болады. Сыртқы үш қорғаны - мемлекет, мемлекет заңдары және мемлекеттік саясат. Ал, ішкі үш қорғаны - дін, мәдениет (салт-дәстүрды қамтыған) және тіл.

Мұндағы Ғаламдану мәселесіне дәл біздің Елдей шексіз демократиялы (Ұлттық мүддесіз демократия болмауы керек. Біздегісі ұлтсызданған, немесе солай қарай бет бұрған демократия) елде әлгі сыртқы үш қорған сөзсіз дәрменсіздік танытады. Ғаламдануға үндесу, үйлесу үшін де солай. Шарасыз. Бұны енді, «Қолдан жасап отырған шарасыздық» деп атасақ та болады.      Мұнда - Ғаламдануда мемлекет шартты ұғым. Өйткені, Ғаламдану дегеннің - идея екенін айтқанбыз. Ғаламдану бір түрлі идея болғандықтан да, оның тосқауылы шекара емес. Немесе ол - Ғаламдану идеясы кез-келген шекараны керек етпестен, кез-келген Елге баса-көктеп ене береді деген сөз. Сондықтан, оған ұлттың ішкі рухани күші, рухани қорғаны ғана төтеп бермек.

Демек, идея адам баласының ішкі - жүрек әлемінде өз қызметін атқаратын керемет. Сондықтан, ұлттың біз айтқан ішкі үш қорғаны бұл мәселеде өз күшін, өз мүмкіндігін, өз пәрменін толық ортаға шығара алмақ. Атқара алмақ.

Мұнда тағы да дін өз ерекше рөлін ойнауы тиіс. Немесе ойнайды. Біздің Ислам дініміз негізі өте күшті, Илаһи дін. Оның негізі, жаратушысы Аллаһ. Сүйенер ақиқаты Аллаһтың сөзі - Құран. Ислам діні тіпті, біздің ғана емес, күллі адамзатының діні. Біз міне осы Илаһи дінімізді руханиятымызда және қоғамымызда күшейтсек, дамытсақ, оның шариғатын берік ұстансақ, Ғаламдану қанша сұрапыл идея болғанына қарамастан ол бізді еш қылғи алмайды. Қайта біз басқаларды өз - Ислам дінімізге ендіре аламыз. Аллаһ бұйыртса!

Егер біз осы Ғаламдану үрдісіне орай, басқаларды дінімізге тарта алсақ, онда Ғаламданудың адамзатына қайыры тиген болмақ. Өйткені, ұлы Ислам  діні ешкімнің де, еш нәрсесіне де қианаты жоқ дін. Мақсаты - тек, адамдардың сенімін (иман) біреулестіру. Ізгілікке шақыру. Ол, сондықтан да ғаламдығы бірден-бір бейбетшілік діні.

Шын мәніне келгенде Аллаһ Тағала адам баласын бір Өзіне иман келтіруге, сенуге жаратқан. Немесе осы ұлы Ислам діні үстіне жаратқан. Бұл жайлы қасиетті Құранда: «Аллаһтың алдындағы әтуерлі дін - Ислам діні» (3с - 19а). «Ей, мүминдер! Исламға толық кіріңдер» (2с - 208а). «Кімде-кім Исламнан өзге дінді көксесе, оныкі қабылданбайды» (3с - 85а). «Бүгін діндеріңді кемелдендірдім. Сендерге арналған нығметімді тамамдадым. Сендердің діндеріңнің Ислам діні болуын қаладым» (5с - 3а). «Бетіңді ауытқымай хақ дінге (Исламға) бұр. Аллаһ Адам баласын осы дін үстіне жаратқан» (30с - 30а) делінген.

Ал, тілді мемлекет саясаты мен заңдары қорғауы керек. Өйткені, біздің ұлттығымызды айқындайтын барлық мәдениетіміз тілімізде ғана сақтаулы. Бұл іс жүзінде тіліміз бен мәдениетіміздің өзегі бір деген мәнді де білдіреді. Әрі тіл Аллаһ Өзі берген нығымет. Бізше айтқанда құндылық. Оны жоғалту Илаһи қарғысқа ұшырағанмен бірдей!

Демек, біз Ғаламдануға мәдениетімізді дінімізге, дініміз бен мәдениетімізді тілімізге мейлінше үндестіру, сәйкестіру арқылы әрі бұл үшеуін бір-біріне байлау арқылы, бір-бірінен айырылмастай бір түлғалау арқылы, немесе бұл үшеуін ұлтымыздың шын мәніндегі ішкі рухани тұлғасы ету арқылы енсек қана еш қателеспек емеспіз. Әрі жеңілмек те емеспіз. Әне сонда ғана біз, ұлы Ислам дінін тұтынған, мәдениеті мен тілі айшықты, немесе ол үшеуінен бірлік тапқан ішкі рухани мүмкіндігі аса күшті қазақ ұлты ретінде, қияметке дейін, ғаламшарда жасап қалмақпыз. Иншаллаһ!

Мұнда демек, қалай десек те дін, Ислам діні, біздің Ғаламдануда жоғалып, жұтылып кетпеуіміздің кепілі болмақ! Біз тек, Ислам дініне сүйену арқылы ғана, бұл «келгіліктен» аман қалмақпыз. Өйткені, Ислам дініне сүйену - Ұлы Аллаһқа сүйену деген сөз. Солай!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371