Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1796 0 пікір 12 Ақпан, 2023 сағат 14:17

Айбыны асқан Қазақстан қарулы күштері

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып, салтанатты түрде аталып келеді.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес әрекет етуге міндеттеледі. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. Егер қандай да бір зауал туған шақта мұның құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема – егемен ел Армиясының нормативтік-құқықтық негізін құру болатын. Жаңа мемлекеттің жаңа Армиясының нормативтік-құқықтық базасын жасаумен бір уақытта ұлттық Қарулы Күштердің бейнесі мен құрылымын, олардың басқару органдарын қалыптастыруда тынымсыз жұмыс жүргізілді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті-деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, 1993 жылы 11, ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери-теңіз күштері және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды Жалпы әскери күштер (оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді), Әуе қорғанысы күштері (Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады). Сонымен бір уақытта Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Штабы болып қайта құрылды. Көп өтпей, Шекара әскерлерінің Қорғаныс министрлігіне бағынуының негізсіздігі айқын болып, 1999 жылдың 2 шілдесінен бастап олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына қайтарылды. 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Осылайша өткен отыз жылда Қазақстан қарулы күштері заңдық негізде үздіксіз кемелденіп әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтитын іргелі құрылымға айналды.

Биылғы әлем елдерінің әскери қуаты бағаланған рейтингте Қазақстан қарулы күштері 145 мемлекеттің ішінде 68 орыннан көрінді. қалай жасалады

Рейтинг жасаған басылым төмендегідей негізгі 50 көрсеткішке баса назар аударған. Олар:

  • қорғаныс саласына кететін шығындар;
  • техника мен құрал-жабдықтардың арсеналы;
  • әскердің саны;
  • танк, кеме, ұшақ пен басқа да әскери техниканың саны;
  • мұнай өнімдеріне қолжетімділік;
  • әскердің соғысқа қабілеттілігіне әсер ететін басқа да факторлар.

Еліміздің әскери әлеуетін сандармен сөйлетiп көрсек:

Қазақстанда 4 түрлі әскер бар:

Әуе қорғаныс күштері, Құрлықтағы әскер, Әскери-теңіз күштері және Республикалық гвардия.

Еліміздегі            Құрлық                  Әуе                     Әскери-теңіз

әскер саны    әскерінің саны   күштерінің саны    күштерінің саны

74 мың адам        47 мың                  19 мың                   3 мыңға жуық

Танк саны         Тікұшақ        Әскери көлік          Минометтер

5 мың               130-ға жуық          4 мың             2 жарым мыңнан астам

(Т-80, Т-72,  және Т-62)

Еліміздің қорғаныс кешенінде бұған қоса 25 бомбылаушы Су-24, 40 тарта жойғыш МиГ-29, 14 жойғыш Су-27, 14 шабуылдаушы Су-25, 43 әскери жойғыш МиГ-31 ұшақтары мен 100 зениттік зымыран кешені бар.

Рейнтнгты бұрынғыдай АҚШ, Қытай, Ресей бастап тұр. Қазақстан алдынғы жолы Өзбекстан, Беларустан кейін қалса, бұл жолы Әзербайжаннан кейін сырғыды. Оның да өзіндік себебі бар екенін анық.

Бұрынғы Кеңес Одағының екі республикасы – Армения мен Әзірбайжан халықаралық деңгейде Әзірбайжанның бір бөлігі саналатын, бірақ 2020 жылға дейін толығымен этникалық армяндардың бақылауында болған Таулы Қарабақ үшін ондаған жылдар бойы соғысып келеді.

2020 жылы алты аптаға созылған қарулы жанжалда Әзірбайжан Таулы Қарабақ пен оның төңірегіндегі айтарлықтай аумақты қайтарып, жеңіске жетті. Бұл ұрыс Ресейдің арағайындығымен жасалған атысты тоқтату туралы келісіммен аяқталды. Бірақ аймаққа ресейлік бітімгершілік күштердің шоғырлануына қарамастан, екі ел арасында оқтын-оқтын қақтығыстар әлі болып тұрады.

2022- жылы 13 қыркүйек күні екі ел арасындағы 2020 жылғы соғыстан бергі ең қанды шайқаста 100-ге жуық адам қаза тапты.Соңғы оқиға кезінде Ереван түнде бірнеше армян қаласына шабуыл жасалғанын хабарлады. Әзірбайжан болса, армян арандатушылықтарына жауап беріп жатқанын мәлімдеді.

Әзербайжан әскерінің Армениямен болған шайқастарда басым орынғы шығуының Түркия берген әскери көмекпен байланысты екені белгілі. Түркияның екі ел арасында қарулы қақтығыс басталғанда Әзербайжанға Жаңа қарулар, дрондар бергені мәлім. Түркияның НАТОға мүше екенін ескерсек, ол ұсынған қарулардың әзербайжан әскерінің соғыс қабілетін еселеп арттырғаны белгілі.

Қазақстан қарулы күштерінің құрылғалы бері қарулы қақтығыстарға қатынпағаны, тек бейбітшілік миссияларға араласқаны белгілі. Бұрынғы кеңес одағы құрамында болған республикалар арасында туындап жатқан қарулы қақтығыстар Қазақстан қарулы күштерінің де қырағылығын оятып, әскери саланы кемелдендіруге нақты қадамдар жасауға түрткі болуда. Оның бастысы Өткен жылы президент Тоқаевтың жарлығымен әскери доктринаға өзгеріс енгізілді. Онда атап өтуге тұрарлық төмендегідей мазмұндар қамтылған:

Стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техника мен материалдық құралдар қорларының қажетті жиынтығын жасау есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрауышының жауынгерлік әлеуеті арттырылды.

Әскерлердеақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық (кибер) әсер етуге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қарулы Күштерде бөлімшелер құрылды. Олардыңәлеуеті мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы проактивті жүйесін қалыптастыруға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Аумақтыққорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды.

Мемлекеткетөнетін әскери қатерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету мүддесінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әуе-көлік мүмкіндігін күшейту жөнінде алдын ала шаралар қабылдануда.

Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде.

Дағдарыстыжағдайлар мен ішкі қарулы жанжалдың жолын кесу кезінде, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың, төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде міндеттерді шешу үшін әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әрекет ету тәсілдері енгізілуде.

Стратегиялық бағыттарда әскер топтарын (күштерді) тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді тылдық және техникалық қамтамасыз етудің ұтқыр және стационарлық құрауыштары құрылды.

Мемлекетті жұмылдыра дайындау шеңберінде басқарудың тұрақтылығын арттыру және мемлекет экономикасын соғыс уақытына ұйымдасқан түрде көшіру, мемлекеттің әскери ұйымының және тұрғындардың материалдық резервке қажеттілігін қанағаттандыру, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекетке қарсы әскери жанжалдың басталу қатерінің алдын алуға, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуды кеңейтуге, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күреске, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қарулы қорғауға жоғары әзірлік деңгейінде ұстауға ниеттенеді.

Әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын дамыту шеңберінде тиісті шаралар көзделеді.

ҚазақстанРеспубликасына төнетін әскери қатердің алдын алу және жолын кесу үшін тиімді шараларды қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі шекаралық қарулы жанжалды шешуді Шекара қызметі ҚР ҰҚК Авиация қызметімен, Шекара академиясымен, ұлттық қауіпсіздіктің өзге де органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басқару органдарымен, құрамаларымен және әскери бөлімдерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады, қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қолданылуы мүмкін.

Әскери-экономикалық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымының қажеттілігін бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеу және одан әрі дамыту үшін жеткілікті көлемде қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да ресурспен қанағаттандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы іс-шарасы Қазақстан Республикасын қарулы қорғау мүддесінде соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруды қамтамасыз ету, мемлекет экономикасын бейбіт кезден соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді қамтамасыз ету, мемлекеттің әскери ұйымының және ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жауынгерлік іс-қимыл және аумақтық қорғаныс аймақтарында экономика салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеп тұруы мақсатында жүргізіледі.

Осы әскери доктринаға енгізілген өзгеріс талабына сай дрон сияқты жаңа озық қарулар, байланыс құралдарын сатып алуға көңіл бөлінуде Президент айтқан, докторинада көрсетілген сол жұмыстардың тиянақты қолға алынып, іске асып жатқанының нақты бір көрінісі – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің байланыс полкінде Қарулы күштердің байланысшылары арасындағы оқу жиыны өтті. Бұл жиынға «Бүркіт» жаңа цифрлық станцияларын зерделеу үшін Қазақстан әскерінің байланыс бөлімшелері қызметіне кіретін радиорелелік байланыстың 30-ға жуық маманы қатысты.

Төрт күн бойы офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілері теорияда және іс жүзінде әр түрлі мақсаттағы радиорелелік желілер мен байланыс арналарын ұйымдастыруға арналған «Бүркіт» Р-409МЦ станциясының тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерттеп, зерделеді.

Аталмыш байланыс машиналары Қарулы күштерге 2023 жылдың қаңтарында әкелінді. Мамандардың айтуынша, бұған дейін радиорелелік байланысты радиорелелік станциялардың көмегімен қамтамасыз еткен. Енді байланысшылар цифрлық жабдықтармен жұмыс істейтін болады.

Осындай әскери базаны жаңартудың, жауынгерлерді жаңаша дайындаудың нәтижесінде Қазақстан қарулы күштерінің әлеуеті уақыт өткен сайын кемелденіп, ұрыс қабілеті еселеніп, әлемдің рейтингтерде алдынғы орындардан көрінері даусыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502