Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4960 0 пікір 10 Сәуір, 2013 сағат 06:05

Көрнекті композитор Еркеғали Рахмадиев дүниеден озды

Қазақ өнері орны толмас қайғыға душар болды.

Әйгілі  композитор,  КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ музыкасының симфониялық күй жанрының негізін салушылардың бірі, профессор Еркеғали Рахмадиев 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы марқұмның отбасы, ағайын-туыстары қайғырып көңіл айтады.

Е. Рахмадиев 1932 жылы 1 тамызда Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шұбартау ауданындағы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы консерваториясын бітірді.

Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1967). Қазақ КСР халық әртісі (1976). КСРО халық әртісі (1981). 2010 жылы оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. 27 жыл бойы Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, КСРО Композиторлар одағының хатшысы болды.

Оның шығармаларында қаһармандық-патриоттық тақырып негізгі орын алады, онда қазақ халық музыкасының бай мұрасы мен классикалық музыка өнері шебер пайдаланылған. Рахмадиевтің симфониялық, опералық, вокалды-аспаптық, камералық шығармалары кәсіби ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, жанрлық салаларын байытты. Композитордың «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Тың тынысы» операларының, «Амангелді», «Толғау», «Дайрабайдың күйі», «Мейрам күні», «Құдаша-думан», «Ортпа» симфониялық поэмалары, «Сәлем саған Аястан», «Мерекелік кантата», «Конституция туралы поэма» кантаталары, хорға арналған вокалдық шығармалары, көптеген ән-романстары Қазақстанда және шетелдерде жоғары бағасын алды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408