Біләл Қуаныш. Танымал ән ұйғыр ағайындардың «дорбасында» жүр...
Бұл ән өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Атажұртынан алыста жүрген ағайынның жүрек түкпірінен орын алып, талай жаутаңкөздің жан сырына айналып еді... Күйтүннің көгінде самғаған көркем әуен Баян Өлгейдің кең даласын тербеткен болатын.
Көк орман арасынан,
Гүл теріп келдіңдер ме?
Гүлдерге жаны ашыған,
Анамды көрдіңдерме?
Қайырмасы:
Алтын тау сәніменен,
Анамды бірге деймін,
Бұлбұл құс әніменен,
Қосылып жүрме деймін.
Жетелеп өз анасын,
Жүргендер көрдіңдерме?
Көктемде көл жағасын,
Серуендеп келдіңдерме?
Бір хабар анашымнан,
Келер деп алаңдаймын.
Аналар арасынан,
Іздеймін таба алмаймын.
Анасын аңсаған алты жастағы бала түгіл самайын ақ шалған алпыс жастағы қарияда ыңылдап отырушы еді бұл әуенді. Бүгінгідей тәуелсіз санамен сараптап көрсеңіз, мұндай құдіретті әуенде тек жан анасын іздеген мұңлы жанар баланың ғана емес, ана Отанын аңсаған миллион Алаштың сағынышы жатқандай көрінеді...
Енді ше?
Бұл ән өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Атажұртынан алыста жүрген ағайынның жүрек түкпірінен орын алып, талай жаутаңкөздің жан сырына айналып еді... Күйтүннің көгінде самғаған көркем әуен Баян Өлгейдің кең даласын тербеткен болатын.
Көк орман арасынан,
Гүл теріп келдіңдер ме?
Гүлдерге жаны ашыған,
Анамды көрдіңдерме?
Қайырмасы:
Алтын тау сәніменен,
Анамды бірге деймін,
Бұлбұл құс әніменен,
Қосылып жүрме деймін.
Жетелеп өз анасын,
Жүргендер көрдіңдерме?
Көктемде көл жағасын,
Серуендеп келдіңдерме?
Бір хабар анашымнан,
Келер деп алаңдаймын.
Аналар арасынан,
Іздеймін таба алмаймын.
Анасын аңсаған алты жастағы бала түгіл самайын ақ шалған алпыс жастағы қарияда ыңылдап отырушы еді бұл әуенді. Бүгінгідей тәуелсіз санамен сараптап көрсеңіз, мұндай құдіретті әуенде тек жан анасын іздеген мұңлы жанар баланың ғана емес, ана Отанын аңсаған миллион Алаштың сағынышы жатқандай көрінеді...
Енді ше?
Бір хабар анашымнан,
Келер деп алаңдаймын.
Аналар арасынан,
Іздеймін таба алмаймын.
Құмарбек марқұмның бұлай жырлауындада бір мән жатыр-ау...
Құмарбек деп отырғанымыз «Шыңжаңның Мұқағалиы» атанған Құмарбек Сахарин. Бұл теңеуді кейінгі әдебиеттанушылардың салыстырмалы түрде айтқаны болмаса, Хантәңірдің Мұзбалағы мен Алтайдың ақиығы поэзия көгінде бір кезеңде қанатын жайған ақындар.
Атышулы Қытай мәдениет төңкерісінің қырына ілігіп, алтын басы айдауға түскен ақынның тағдыры соқтықпалы-соқпақты болды. Өмірінің біраз жылын «Тарым» аталған «тозақты мекенде» өткізді.
Туылмаған «бөбегім»,
Бүйрегімді бір тепті.
Жазылмаған өлеңім,
Жүрегімде бүлк етті.
**
Мен егінін еккенде,
Қолым жақсы күші бар.
Бәрін даяр еткенде
Қолым жаман күсі бар.
***
Қара қыста қайла ұрдым,
Қабатыңа бойлатып.
Ұйықтай алмай қайғырдым
Жамбасыма ой батып.
деген өлеңдерді ақын сол кезде жазды. Не десек те, коммунистік Қытайдың темір тегеуріні қазақ ақынын мұқалта алған жоқ. Есесіне:
Аса алмай заңғарынан құс қайғырар,
Қойнында ұлы таудың қыстайды ұлар.
Жығылған нар түйеден ер-азамат,
Жібермей жез бұйдасын ұстай құлар, - деп тісін тісіне басып жүрді.
Көзіңе жас үйіріп, көкірегіңе өксік толдыратын мұндай жырлар Құмарбек поэзиясында елеулі орын алады. Бір өлеңі бір тағдырдың суреті болып келетін ақын жырларын алдағы күнде өзінше талдай жатармыз. Қазірге айтайын дегеніміз марқұмның «Сағындым ана» сөзіне жазылған Елмұрат Тұяқұлының жоғарыдағы әні турасында. Бұл әнге Қытайдағы ұйғыр ағайындарымыз өз алдарына бейнебаян түсіріп үлгерген. Әттеген-айы сол ән сөзі мүлдем басқа мәтін. Тіпті авторы да аталмайды.
Көзіқарақты оқырман хабардар болар... соңғы кездері туысқан ұйғыр ұлтының өнерпаздары қазақтың әндерін өз тілдерінде шырқауды модаға айналдырған. Бір өкініштісі, ол әндердің бәрі де авторсыз немесе әлдебір ұйғыр композитордың туындысы ретінде айтылып жүр. Мұндай келеңсіз жағдайларға «Masa.kz» сайтында алдағы күнде айрықша тоқталатын болады...
Шәкәрім атамыздың сөзімен айтсақ, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». Себебі, адамзат ұғымындағы ең ұлы ана бейнесіне арналған әуен талай жанның көңіл түкпірінде әлі де өз төрінде тұр. Тіпті осынау сазды құлағы шалған әлдебір тыңдарманның көзі боталап отырғанына өзіміз куә болғанбыз.
Мұрат Шаймаран, ақын:
«Құмарбек Сахарин жырларын Қазақстанға насихаттау қажет»
- Құмарбек Сахарин - Қытайдағы қазақ әдебиетінің алғашқы іргетасын қалаған аса танымал, талантты ақындардың бірі. Көп өмірі Тарымда айдауда өткен. «Жезбұйда» деген өлеңдер жинағы жарық көрген. Бұл жинақ сол кездегі ең керемет кітаптардың қатарында аталатын. Құмарбек өмірден ерте озды. Іле педагогикалық институтында талай жыл оқытушы болып, шәкірт тәрбиеледі. Поэзияда жас ақындарға мектеп, жол сілтеуші бола білді. Өзіміз де бала кезімізде сол кісілерге еліктеп өстік. Менің байқауымша, ақын көбінесе азаматтық лирикаға қалам тербеді. Қоғамдағы әлілетсіздік, зиялы қауымның басынан өткерген қиыншылықтары, өзінің ауыр тағдырына байланысты көптеген өлеңдер жазды. Бұл кісі махаббат лирикасын да өте керемет жырлаған.
Шындығын айтқанда, қазақ әдебиетінде Құмарбек сынды ақындар санаулы. Соған қарамастан тәуелсіз Қазақстанға оның есімі мүлдем бейтаныс. Насихаттау аз. Меніңше, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жанындағы «Атажұрт» баспасы Құмарбек Сахаринның өлеңдерін көп ұзатпай жинақ етіп шығарғаны жөн. Бұған Жазушылар одағы атсалысып жатса, тіптен құба-құп.
Тілеубек Қожанұлы, әнші:
«Бұл әннің жазылуына куә болғанмын»
- Құмарбек ағамызбен Іле педагогикалық институтында сабақ беріп жүрген кезінде таныстып едім. Ол кісі сұрапыл ақын болатын. Ағаның «Анамды сағындым» деген жырына сазгер Елмұрат Тұяқұлы кереметтей ән жазды. Мен бұл әннің жазылуына куә болдым. 1986 жылы жазылған. Ол кезде шешесі өмірден өткен композитор Елмұрат анасына деген шексіз сағыныштың құшағында жүр еді. Сондықтан болса керек нағыз жүректен шыққан ән жазылды. Ән жарық көре сала бірден Қытай қазақтарының ортақ әуеніне айналды.
Әнді түпнұсқа бойынша шырқаған Тілеубек Қожан