Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2245 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:12

Оңтүстік Қазақстанда биыл кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді

Шымкент. 11 сәуір. ҚазТАГ - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді, деп хабарлады мемсанэпидқадағалау департаментінің (МСЭҚД) аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы Ералқасын Түктібай.

«Биыл (кенелерге қарсы - ҚазТАГ) өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 39 млн теңге және облыс бюджетінен 400 млн теңге бөлінді», - деп мәлім етті Е. Түктібай бейсенбі күні.

Оның мәліметтеріне сәйкес, биыл ОҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты кенеге қарсы өңдеу шаралары 15 күнге кешігіп басталды.

«Облыста 92 елді мекен конго-қанды безгегі (КҚБ) жұқтырылған кенелердің мекен етуі үшін қолайлы деп саналады. Аталған жерлерде дезинфекция бірінші кезекте жүргізіледі. Бұған қоса, өңдеу шаралары басқа да елді мекендерді қамтиды», - дейді санитарлық дәрігерлер.

Жыл басынан бері аймақта кене шаққан 292 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Былтыр 161 адамды кене шаққан.

«Биыл 4300 кенені тексердік, оны 2-еуі КҚБ тасушы болып шықты. Бір қауіпті кене Мақтаарал ауданынан табылса, екіншісі Шымкент қаласының маңынан, Пахтақордан табылды. Бүгінгі күні КҚБ жұқтырған адамдар тіркелген жоқ», - деп қорытындылады аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы.

0 пікір