Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3790 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:14

ҚР киноқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының материалдарын цифрлық форматқа көшіруге 3 жылдан артық уақыт қажет

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Анна Шаповалова. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитетінің «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» РММ-сінің материалдарын цифрлық форматқа көшіруге 3 жылдан артық уақыт керек, деп мәлім етті мұрағат директоры Алла Сейітова.

«Мұрағатта жарты миллионға жуық аудиовизуалдық құжат бар, оларды цифрлық форматқа ауыстыру үшін 3-4 жыл қажет, оның өзі, штатты ұлғайтқан жағдайда», - деді А. Сейітова бейсенбі күні мемлекеттік мекеменің еңбек ұжымының ҚР парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесуінде.

Оның айтуынша, жоғары класты кәсіби жабдықтарға қызмет көрсету үшін жоғары білікті 5-7 IT-маман қажет, бірақ бұл қызметкерлердің жалақысы төмен болғандықтан, мекемеде бұл мамандар жоқ, ал жабдықтармен әзірге мұрағатшы-мамандар жұмыс істеп жүр.

Оның айтуынша, 2007 жылы мұрағаттың арнайы есепшоты жабылған соң мұрағат материалдарды сата алмайды және өз шығынын өзі өтей алатындай жағдайға жете алмайды, қызметкерлерінің жалақысын көтере алмайды.

«Біз республикалық мемлекеттік мекеме болып табыламыз, министрлік қанша тырысса да, қандай шара қабылдаса да, мұрағаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өз шығынымызды өзіміз өтеу қазіргідей жағдайда мүмкін емес. (...) Бүгінгі меншік түрімен арнайы есепшот болмаса, дамуға қаржы табуға құқығымыз жоқ», - деді А. Сейітова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мекеме өз шығынын өзі өтеуі үшін ретроспективті аудиовизуалдық ақпараттың бәрі прейскурантқа сәйкес белгілі бір төлем үшін ұсынылуға тиіс, алайда ондай жоқ.

«Бүкіл әлемде қазақстандық мұрағатшылар ғана құжаттарды тегін береді. Біз қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де тегін береміз, өйткені заң бойынша материалдарды сатуға құқығымыз жоқ», - деді А. Сейітова.

2012 жылы мұрағат өз қорындағы киноқұжаттарды ультрадыбыстың көмегімен тазартып, сканерлеуге, ал цифрлық форматқа көшірілген құжаттарды қуатты серверлерде сақтауға, ол жерден құжаттарды трансляциялауға, көшірмелерін жасауға мүмкіндік беретін құны Т300 млн жабдықтар сатып алды. Ал құжаттардың түпнұсқалары сақтауға қойылады.

Мемлекеттік мұрағат материалдарын цифрландыру жұмыстары биыл қаңтар айында басталған. Қазіргі уақытта 300 құжат цифрлық форматқа көшіріліп, серверге жіберілді.

Алдағы уақытта мұрағаттың сайтын дамытып, жетілдіру жоспарланып отыр.

Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» РММ-сінің қорларында 1925 жылдан бергі құжаттар мен Қазақстанның XX-XXI ғғ. тарихы бойынша ақпарат сақтаулы.

0 пікір