Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 09:28

Арқаның ақын-жазушыларының 100-томдығы жарық көрмек

Кез келген ел, ең алдымен, қасиетті өнерімен, мәуелі мәдениетімен басқаға танылып, бағаланады, әлемдік өркениеттің алтын қорына қосқан асыл мұраларымен мақтанады. Сондықтан да бүгінгі күні осынау асыл қазынамызды, ғасырлар қойнауынан жеткен бай мұрамызды сақтау, шашу шығармай келер ұрпаққа жеткізу, жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттік маңызға ие мәселе болып отыр.

Ал, үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде қазыналы Қарағанды өңірінің зиялы қауым өкілдерімен облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің кездесуі осы бір ойымызды тағы бір дәлелдей түскендей болды.

Көне дәуірден күні бүгінге дейінгі өркенді өлкенің өзгерістері жайлы сыр шертетін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен алқалы жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми мекеме басшылары, шығармашылық ұжым өкілдері және белгілі ақын-жазушылар қатысты.

-  Сарыарқа жері - қазақтың қазба байлығының ғана емес, өшпес өнерінің, мәуелі мәдениетінің және қатпарлы тарихының алтын кеніші. Олай болса, қазыналы Қарағанды жерінің, қазақтың өнері мен мәдениетін дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын,- деп бастаған аймақ басшысы өңірдің рухани саласындағы қол жеткен жетістіктер мен өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

Осыдан кейін сөз алып сөйлеген зиялы қауым өкілдері өздерін мазалап жүрген көкейкесті мәселелерін айтып, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру бағытында нақты жұмыстар жүргізу, облыс аумағында тарихи жер-су атауларын қалпына келтіру, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш  орнатып, көшеге есімін беру, қала көшелерінің атауларын қазақыландыру, өнер ұжымдарына келетін жас мамандарға баспана бөлуге көмектесу және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Облыс әкімі барлық ұсыныстарды мұқият қарастырып, тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін баса айтты. Айрықша атап өтерлігі, келелі кездесуде көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен сонау Бұқар бабамыздан бастап бүгінгі күнге дейінгі ақын-жазушыларымыздың, қайраткер тұлғаларымыздың еңбектері қамтылатын 100 томдық таңдамалы жинақ шығару жөнінде маңызды шешім қабылданды.

Абай-ақпарат

0 пікір