Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 3215 47 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 18:31

"Халық кеңесінің" артында коммунистер тұр ма?!

Кезекті парламент сайлауында бақ сынаған партиялардың біз байқаған бір тактикасы бір-бір "оралманды" алдыға салу болды.

"Аманат" партиясы танымал "Көк тудың желбірегені" әнінің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекті, "Ауыл" партиясы Жазушылар одағы Астана филалының директоры ақын Дәулеткерек Кәпұлын, "Республика" партиясы танымал кәсіпкер Сырымбек Тауды, атын "Қазақстан халықтық партиясы" деп ауыстырған бұрынғы коммунистік партия коммунистік режимдегі Қытайдан келіп, тәуелсіз Қазақстанда "Отандас ел" ұйымына басшылық еткен Мұқан Мамытқанұлын кандидаттар тізіміне қосты.

Өткелден өтіп алған соң, жеме-жемге келгенде бәрін "лақтырып кетті". "Халық" партиясынан Ертісбаевтың орынбасары Қырғызстанда туылса да, маңдайына Қазақстанда депутат болу жазылған Ирина Смирнова ханым парламентке жайғасты. Топырлаған ақын, спортшы, блогер, журналистер парламенттің Әлеуметтік-мәдени даму бөліміне жиналып, қу сөзден қуырдақ қуырып жүргенде 2016 жылдан бастап осымен 3-ші рет депутат болып сайланып отырған Смирнова ханым мамандығы мұғалім болса да, Қаржы және бюджет комитетіне жайғасты. Жалғыз Ирина ханым емес, Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы бері коммунистік партия парламенттегі орыннан қағылып көрген емес. Осы жолы да 5 орын алды. Біздің айтпағымыз ол емес.

Артынан мәлім болғандай, дәл сайлау өткен 19 наурыз күні Петропавл қаласында бір топ арам пиғылды сепарацистер: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет емес,  "корпарация" деп атап, оның негізгі заңын мойындамайтынын мәлімдеп, "Халық кеңесін" құрғандарын мәлімдеген.

Қазақстанның Қазан төңкерісінен кейін Қазақ Автономиялы социалистік совет республикасы атанып, РКФСР-дың құрамында Халық комисарлар кеңесінің басқаруында болғаны белгілі. Жоғарыдағы "Халық кеңесін" құрдық деген арандатушылардың нені көздегені осыдан-ақ, сорпа бетіне шығады.

Терістік көршіміздің саясаткерлері соңғы кезде жерімізге көз сұғын қадауды үдеткені жұртқа аян. Олар да арам пиғылдарын жасыру үшін заңдық негіз ретінде Қазақстанның Кеңес одағы құрамында болған шындықты бұрмалап түсіндіруге жанын салып келе жатқаны да ақиқат. Әлем жұрты Ресей президенті Путиннің Украинаға шапқыншылығын "Кеңес одағын қалпына келтіру арманының көрінісі" деп бағалады. Ал Ресей коммунитерінің атаманы Зюгановтың былтыр Қазақстандағы орыстарды аталмыш "Қазақ ұлтшылдарының теперішінен қорғау керек", - деп жосықсыз дабыл қаққаны белгілі.

Бұл фактілерден Петпопавлдағы арам ниеттілердің әрекетіне көрші елдің шовнистік идеологиясының дем бергені аңғарылады. "Халық кеңесін" қайта көтеруі соны аңғартады. Олардың біздің коммунистермен қандай байланысы бар дерсіз?! Атын ауыстырған бұрынғы коммунистік партияны қызыл идеологияның екшеуінен өткен Кеңестен қалған Қазақстанның бұрынғы коммунист белсенділері құрғаны белгілі. Тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі жоғары лауазымды жұмыстар атқарған Ертісбаевтың "Халық" партиясына басшы болып тағайындалуы оның коммунистік ұстанымының өзгермегенін көрсетеді. Оның орынбасары Смирнова ханымның кезінде Парламентте "Латын әліпбиіне көшу" жайы талқыланғанда "Өйтсек "Русский мирден ажырап қаламыз" деп байбаламға басқаны жұртқа мәлім.

Осы жолғы сайлауда қоғам белсендісі Арман Шораев "Халықтық "партияны "сатқындар партиясы" деп арты дауға ұласқаны белгілі. Осы жолғы парламент сайлауында да бұл партияға миллиардтап ақша бәлінген. Кеңестің қалдығындай болған бұл партияны ел бюджетінен қисапсыз ақша бөліп, неге сонша мәпелеп үстап отырғандары бізге түсініксіз. Коммунистік партия, ескінің көзі құрымай Қазақстанның тұтастығына, тәуелсіздігіне көз алартатындардың қатары азаймасы анық. Павлодардағы арандатушылардың әрекеті соны анық көрсетті.

Есбол Үсенұлы

 Abai.kz

47 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404