Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 16 Мамыр, 2013 сағат 06:23

Байыт Қабанұлы. Оспан батырдың ақыры (жалғасы)

ІІ

Түн ортасы, түрме төрі, шам жарығы Оспан отыр ойланып,

Мына өмірдің соңғы сағат, минуттары өтіп жатыр айланып.

Батыр оған быж-шыж болып қам жемеді көңіліне қайғы алып,

Басқа жағдай қинайды оның жүрегіне тас кесек боп байланып.

 

Өлім деген бас ауыртар жағдай емес

демің бітсе басқа түрге енесің,

Сол мәселе:

Өмір сүрген уақытта

адалдықпен аса алдың ба адамдықтың белесін.

Батыр бүгін соны ойлады

өзіне өзі есеп беріп ар алдына жүгінді,

Көз алдынан көлбеңдетіп

тағдырының тауқыметті кейін қалған елесін.

«Қане ойлап көрейінші

осы менің аз өмірім өткен жоқ па бекерге,

Дәуірімде дәрменді іске қол создым ба дәтке қуат етерге.

Жиырмасыншы ғасырменен бірге келдім

өмір деген тыштығы жоқ тайталасты мекенге,

Не бітірдім таласпенен күн өткізіп

тайғанақтап сол мекеннен кетерде.

 

Атаға ұл, ағаларға ізгі іні, інілерге аға болдым ардақты,

Жарға жолдас, ұл қызыма әке болдым салтанатты салмақты.

Ағайынға ағайын да боп шыдадым,

жауларыма жау да болдым жан жақты,

Бірақ, бірақ тағдыр менің тағдырымды қалай қалай аунатты.

 

Елім дедім, жерім дедім, ұрпақ дедім, ұлтым дедім

жүк көтердім арықтап,

ІІ

Түн ортасы, түрме төрі, шам жарығы Оспан отыр ойланып,

Мына өмірдің соңғы сағат, минуттары өтіп жатыр айланып.

Батыр оған быж-шыж болып қам жемеді көңіліне қайғы алып,

Басқа жағдай қинайды оның жүрегіне тас кесек боп байланып.

 

Өлім деген бас ауыртар жағдай емес

демің бітсе басқа түрге енесің,

Сол мәселе:

Өмір сүрген уақытта

адалдықпен аса алдың ба адамдықтың белесін.

Батыр бүгін соны ойлады

өзіне өзі есеп беріп ар алдына жүгінді,

Көз алдынан көлбеңдетіп

тағдырының тауқыметті кейін қалған елесін.

«Қане ойлап көрейінші

осы менің аз өмірім өткен жоқ па бекерге,

Дәуірімде дәрменді іске қол создым ба дәтке қуат етерге.

Жиырмасыншы ғасырменен бірге келдім

өмір деген тыштығы жоқ тайталасты мекенге,

Не бітірдім таласпенен күн өткізіп

тайғанақтап сол мекеннен кетерде.

 

Атаға ұл, ағаларға ізгі іні, інілерге аға болдым ардақты,

Жарға жолдас, ұл қызыма әке болдым салтанатты салмақты.

Ағайынға ағайын да боп шыдадым,

жауларыма жау да болдым жан жақты,

Бірақ, бірақ тағдыр менің тағдырымды қалай қалай аунатты.

 

Елім дедім, жерім дедім, ұрпақ дедім, ұлтым дедім

жүк көтердім арықтап,

Осыларға көз алартып бір жұдырық бергендерге

мың жұдырық артық бердім шарықтап.

Көп замандас жігіттерді артыма ерттім

жақсылықты жамандықты бірге істеттім талқыламай парықтап,

Бірақ менің осы істерім жөн болды ма,

дөң болды ма төрелігін кім айтады анықтап.

 

Жәңегі сол ... дегендерім нақ болды ма

немесе жай жалған намыс қоздырдым ба бостан босқа қадалып,

Келемажға қалдырды ма кемістікке жол салдырып шалалық.

Осы, осы, осы менің ой жетпеген дүнием,

Келешегім менің қандай істерімді

рухына жапсырады үлгі, өнеге - пана ғып.

 

Батырым деп бағалай ма,

Қарақшы деп қаралай ма қай тарапқа жетелейді көшімді,

Дұшпанынан сақтануды теңдік дей ме,

Тітіркенбей бас шабуды ерлік дей ме керемет бір кесімді.

Қайтпас менің қайсарлығым есерлікке ереже боп жау таба ма кесірлі,

Сайыпқыран  жайсаңдығым өткірлікке өсиет боп қайтара ма өшімді.

 

Жеңілісім, жеңісім бар ол әрине мақтан да емес,

өкініш те боп қалмайды мен үшін,

Дарынмен де,  арынмен де аз уақыт

жаушылықтан сақтап жүрдім ел ішін.

Ғылым, білім әуелбастан алыс қашақ тартты менен желісін,

Тарлық етіп қинамады,

кеңдік қылып сүйретіліп қалған да жоқ кіреукем мен кебісім.

Не түсіндім.

Өмір деген жарыс, күрес, соғыс екен,

басқа ешқандай ғажабы жоқ төр екен,

Бейнет, қайғы, сөгіс, мақтау - солар үшін төгетінің тер екен.

Жұмсақтан да қаттылығы, ақкөңілден алауызы көп екен,

Болды бітті ақыр соңы барар жерің көр екен.

 

Жарыс болса озу менен тозу да бар,

күрес болса жығу да бар

тек бір жаққа жазылмайды жығылыс,

Соғыс болса жеңіліс пен жеңіс деген

екі жаққа кезек келіп тұратұғын құбылыс.

Батырмын деп бас көтерсең

сенен асқан батыр шығар алдыңнан,

Нашармын деп жаси қалсаң

сенен төмен сан мың адам

сан себеппен көріп жатыр қырылыс.

 

Тірлік деген - тікенектен тіккен орда

тілектінің жағдайы жоқ тыш табар,

Билік деген - күтімі көп, бітімі жоқ бітеу тұмса бір биік бар,

оған жуық болады екен ақыл есі қысқалар.

Атақ деген - шығуға оңай, төмен түсу сатысы жоқ ұшпа бар,

Адам деген - қуаныштан қайғы жасап шығаратын ұсталар...

 

Не бітірдім?

Ештеме де бітірмедім

дүниеге желіп келіп куәсі боп желігі көп шақтардың,

Аялдамай аттан түсіп аттандым.

Мысалы сол балшық илеп кірпіш соқпай

кептірген жан секілді,

Желік қуған жас баланың ісін ғана атқардым.

 

Екі көзім қанталап,

Бүтін елдің ауырлығын нар атандай көтермек ем арқалап.

Сүзгіш бұқа секілденіп

маған қарсы көз алартып тұрып алды шартарап.

Елу бір жас аздық етті босқа қалды зар зар еткен зар талап.

Мен жететін меже қайда, өзегімді өртке салып нені арман еттім мен:

Сол арман ғой жүрегіме шемен болып шекеме шер шектірген.

Төрткүл мына дүниенің төрт бұрышын мекен етіп шет жүрген,

Төбел аттың төбеліндей аз қазақты

бір төбеге жинап әкеп бір шаңырақ көтеріп,

Көп қазақтың құлы болып көрге кірсем деген едім көп кірген

Әттең, әттең амал қанша түк бітірмей

панасы жоқ жетім қыздай жылай жылай кеттім мен.

 

Қылқындырып қыл арқанды салса дағы мойныма,

Үзер едім быт-шыт қылып іс бітпеді

құдай мені қолдамай-ақ қойды ма.

Ой дүние-ай!

Қайран Қазақ.., қайран Қазақ...

ақыр түбің қайда барып.., қайда барып...

қалай тамам.., қалай тамам.. болады...» -

- деген кезде қан аралас жалғыз тамшы жетім көзжас

сырғып түсті, сырғып түсті қойнына.

 

(Оспан батыр Оспан болып жаралғаннан  көзінен жас төгіп пе еді

көкірегі қара түнек мұң қонып,

Төккен, төккен ер басына іс түскенде сын болып.

Ойлап тұрсаң өмір қызық естен кетпес үш жылапты

үш рет те әйелден боп жылапты,

Тұңғұйыққа тірелгендей ет жүрегі құм болып.

 

Не десеңіз:

Сонау ерте жиырмаға да ілінбеген албырт бұла кезінде,

Бір сулуға ғашық болған дауыл ойнап бозбалалық сезімде.

Қанша өртеніп жалынса да адам ба деп көзге іліп ескермеген сол ару,

Сонда жігіт шек қоя алмай төзімге:

 

«Мына сұлу ат болса егер жүген құрық тигізбеген бір адам,

Он аттатпай шалма салып,

аң болса егер жалғыз оққа іліндіріп шыдар едім жырадан.

Аспан көктің ақ еркесі алтын қанат құс болса егер

құрған тоға түсірер ем шаршамай,

Маған деген сезімі жоқ

шын сүймеген жат жүрекке не шара деп» жылаған.

 

Онан кейін

Алладан да артық сыйлап аялаған жан анасы мәңгілікке құлаған

Сонда батыр өзіне өзі шек қоя алмай  ағыл тегіл жасын төгіп шырадан:

«Қандай күшті жау шапса да бір тал самай шашына да дақ түсірмей

анамды мен аман сақатап қалар ем,

Ара түсер еш амал жоқ тура ажалға не шара деп» жылаған.

Кейінірек күнде неше кез келетін

кескілестің біреуінде ер шыдамын сынаған,

Жолдастары жалғыз өзін жау ішіне қалдырғаны бар еді бір

қол ұштарын жеткізе алмай кім адам.

Сонда өзінің екі қызы

жан таласып атысумен алып шыққан әкесін,

Сонда есіл ер:

«Ерге бермес менің батыр қыздарымды

атқа мініп, мылтық ұстап көрмеген бір ерсымақтар

қатын етіп алады ау деп» жылаған)

 

Қайран Қазақ.., қайран Қазақ... Елім... деген

қайран есіл түндігі жоқ түрме ішінде кешті жалғыз сарсаңды,

Ащы көзжас шерлі мұңын ішке жұтып

тар кеудені ойран етіп тамсанды.

Содан барып өзін өзі сабасына түсіргендей

көк жалынмен ауыр-ауыр күрсініп,

Көп отырды ,

отырды да  күңіреніп

мынандай бір ән салды:

 

«Қысылмай қызыл тілім сайра менің,

Ер Оспан елге тіккен байрақ едің.

Ұмыт қып күндіз күлкі, түнде ұйқыны,

Қорғаған қаласың - ау қайран елім.

 

Астымда ат, айналамда дос барында,

Дұшпанның шөптей шаптым бастарын да.

Қайтейін қалың елге қамал едім,

Қысқа өмір өте шықты-ау қас қағымда.

 

Қайран ел жылқы баққан шұрқыратып,

Қор болдың қайғы шерге жұлқылатып.

Доңызға айландырмақ ойлары бар,

Доңыздар қыран елді қырқып атып.

 

Адамзат бәс тігесің құтырасың,

Бәрі бір сұм жалғанға ұтыласың.

Сенемін қазақ деген қайсар елім,

Бір күні бұл құрсаудан құтыласың.

Өмірде ашық тұрар бес күн есік,

Көп жерде кертартпадан өшті несіп.

Жанымды ар намысқа айырбастап,

Керейге кек әпердім кескілесіп.

 

Өмірдің өртке оранған бұралаңы,

Түбінде ер жігіттен сын алады.

Бұл қазақ Оспансыз да өмір сүрер,

Кім менің жан сырымды ұға алады.

 

Ұрандап «Жәнібектеп» ақырғанда,

Батылдық қашушы еді батырдан да.

Шуылдап қалың Керей жоқтарсыңдар,

Қор болып батыр Оспан атылғанда.

 

Өлім тұр тісін қайрап тосып алдан,

Қымсынып мен аулақпын шошынардан.

Бұл Оспан тірісінде талай өлген,

Бұл кеуде талай оқты тосып алған..

 

Ақырғы сөзімді қас, хан тыңдасын,

Қазақтың намыс оты лапылдасын.

От шашқан оқты мылтық аузында да,

Нарттығым наркескендей жарқылдасын.

 

Осылай аспан көкте бағам қалсын,

Жас ұрпақ жазылмаған жарамды алсын.

Артына мәңгі өшпейтін жалын тастап,

Тағы, мәрт, тарлан өмір тамамдалсын.

 

«Жүгірген тау жебелеп көк бөрілер,

Бір күні ат артына бөктерілер»

Деген сөз риясыз шындық екен,

Кез болды  шектеулі өмір шектелінер.

 

Тоқтат деп қалың жауды жол ортада,

Қалың ел ту ғып тіктің топ ораңа.

Ал енді алтын Алтай құшағыңды аш,

Симадым, сия алмадым жон арқаңа,

 

Қайсар ұл кеңдік болсын кегіңде де,

Қан болсын көзжасың да, теріңде де.

Қан қақсап Қазақ үшін қан төкпесең,

Мен тыныш жата алмаспын көрімде де.

Өмірін гүлдендірген азаппенен,

Мәңгілік майдансасқан мазақпенен.

Бір ұлың жарық үшін жанып өтті,

Қалың ел қош есен бол Қазақ деген...»

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397