Жұма, 29 Наурыз 2024
Тағзым 2213 9 пікір 31 Мамыр, 2023 сағат 12:31

31 мамыр: Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!

31 мамыр. Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні!

1917-1991-нші жылдар аралығында Қазақстанды отарлаушы совет өкіметі қазаққа орны толмас қасірет әкелді. Анығының өзі ақылыңнан адастырады. 1921-1922 ж.ж. ашаршылық, 1927-1931 ж.ж. қазақтың жекеменшік мал-мүлкін тәркілеу, 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылық, 1937-1938 ж.ж. саяси қуғын-сүргін, 1941-1945 ж.ж. екінші дүниежүзілік соғыс, 1946-1953 ж.ж. ғылым саласындағы қудалаулар, тың игеру, ең аяғы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі.

Қазақстан билігі Тәуелсіздік алғаннан соң алты жылдан кейін 1997-нші жылы 31-нші мамырды саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні етіп жариялады.


Бұл біздің тарихымыздағы үлкен трагедия. Алайда қазақ билігі бұл тақырыпты ашық, толық қарастырудан әлі де сақтанады. Оның саяси сипат алып кетуінен және Мәскеумен қатынасты суытып алудан секемденеді. Сол себепті де бұл тақырыпты 31-мамыр күні билік тарапы үндеу жолдап, ал жергілікті әкімдік гүл шоқтарын қоюмен жылы жабады. Тіпті қос трагедияға бір күнді белгілеп, ашаршылық пен саяси қудалауға бір датаны белгілеуден-ақ билік үшін бұл тақырыптың қаншалықты суық екенін түсінуге болады.

Еліміздің әр өңірінде ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткіштер орнатылуда. Бір қызығы ескерткіштерде жазылған кезекдер (жылдар) әр түрлі. Ашаршылық пен тәркілеу Қазақстанда бір уақытта басталса да, әр өңірдегі ескерткіштерде ол түрлі датамен жазылыпты.

Алматы қаласында 2017 жылы 31-мамырда қала әкімі Бауыржан Байбек Ашаршылық құрбандарына арнап арнайы ескерткішті ашты. Ескерткіш "Ана" деп аталады. Оның авторлары  Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев. Ескерткіште "1931-1933 жылдар" деген жазу бар. Яғни ескерткіштегі даталар еліміздегі  қолдан жасалған алапат аштық аталмыш уақытта болғанын көрсетіп тұр.

(Сурет: Ақорда сайтынан алынды)

2012 жылы Астана қаласында (Нұр-Сұлтан) "Ашаршылық" құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына Елбасы Н.Назарбаев тікелей қатысты. Ескерткіш "Қайғы қабырғасы" деп аталады, ал оның жанында "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" деген жазу бар. Бұл дегеніміз аштық бір жыл ғана болды дегенді меңзеп тұр.

(Сурет: Ақорда сайтынан алынды)

 

2012 жылы Павлодардағы қорым маңында Ашаршылық құрбандарына арнап үлкен ескерткіш ашылды. Тарихи деректерге сүйенсек Павлодар маңы аштық кезеңінде 300 мың халқынан айырылған. Ал өлкеде қорымдар өте көп. Ескерткіш авторы Марат Абылқасымов. Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіште "1929-1933 жылдар" деген жазу бар. Яғни ашаршылық кезеңін тәркілеудің күшіне енген уақытымен есептеген сыңайлы.

 

(Сурет: baq.kz сайтынан алынды)

Бір қайғыға қойылған үш ескерткіш. Бірақ үш түрлі кезең жазылыпты. Біз ашаршылық кезеңіне тарихи әділ бағасын бергіміз келсе, сөз бен іс бір жерден шығуы тиіс. Ашаршылық құрбандарына қойылатын деректер мен жылдар да бірдей болуы тиіс. Әлем бірінші дүниежүзілік соғысты 1914-1918, ал екінші жаһан соғысын 1939-1945 жылдар екенін білетініндей, Қазақстандағы аштық кезеңін де тура жылдарымен атауға не кедергі? Идеологиялық маңызы бар нысандардағы сан түрлі жылдар үшін ікм жауапты?! Ел боламыз десек, ескерткішімізді түзейік!

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616