Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1205 0 пікір 24 Шілде, 2026 сағат 17:58

Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты

Сурет: eater.com сайтынан алынды.

Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық бағытқа айналып келеді. Қала танымал Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді.

Тізімді жасаушылар соңғы бірнеше жылда Алматы өңірдегі бас аспаздардың басын қосқан алғашқы Almaty Food Fest фестивалін өткізіп, өзінің алғашқы гастрономиялық гидін жарыққа шығарғанын ерекше атап өтті.

Басылымның бағалауынша, кеспесі мол бесбармақ, классикалық қазы, ет қосылған самса, қуырылған бауырсақ пен қуырылған лағман арқылы саяхатшылар жергілікті көшпелі дәстүрлердің мұрасын, сондай-ақ ұйғыр, орыс, өзбек, корей, түрік және үнді асханаларының ықпалын сезіне алады. Дәстүрлі дәмдер Көк базарда әлі де кеңінен тараған, ал нео-көшпелі бағыттағы заманауи мейрамханалар оларды заманауи үлгіде ұсынады.

«Биыл тамақтануға арналған ең үздік саяхат бағыттарын таңдағанда, біз тек үздік мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар оларды шын жүректен ұсынатын адамдарды да іздедік. Авторларымыз бұл тізімге өздері жақсы білетін (көбі бұл жерлерді үйім деп санаған) орындарды енгізді, ал бас аспаздар мен рестораторлар өздеріне дем беретін әлемнің түкпір-түкпіріндегі дәмді ас әзірлейтін орындарды ұсынды. Қазақтың нео-көшпелі той дастарханы биыл алда керемет дәмді сапар күтіп тұрғанына еш күмән қалдырмайды», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Eater – мейрамханалар мен гастрономия туралы әлемдегі ең ықпалды басылымдардың бірі. Оның тізіміне ену қаланың халықаралық танымалдылығын арттырып, гастрономиялық туризмнің дамуына оң ықпал етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101