Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2852 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 13:28

Жекеменшік медициналық компаниядағы мемлекеттік тілдің жағдайы

«Қазақстанның болашағы - қазақ тiлiнде» деп мемлекеттiк тiлдiң бағытын айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады», - деген нақты талап қойған болатын. (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 14 желтоқсан 2012 жыл) Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірталай іс тындырылуы қажет, оған қоғам жұмыла ат салысуы тиіс. Сол мұратқа жетудің бірден-бір амалы- қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекет те өз тарапынан қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Жан-жақты қамтылып жатқан іс-шаралардан медицина саласы да тыс қалған жоқ. Осы тұрғыда ұлттық медициналық терминологияның кем-кетігін толтырып, осал тұстарын жөнге келтіріп және оны байыту тұрғысында атқарылатын шаруа да қыруар. Дегенмен мұның бәрі зор мәселенің тек бір шеті ғана. Себебі, мемлекеттік тілді дамыту ісінің маңызы бәрімізге жақсы мәлім.

«Медикер» медициналық сервистік компаниясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға көмектесер бастамалар аз емес. Осы тұрғыда нарықтың «сұраныс пен ұсыныс» ережесінің тигізер пайдасы көп. Мамандардың айтуынша, қазір дәрігерге қаралатындар қазақ тілінде қызмет көрсету қажеттігін баса айтып жүр. Мекеме дәрігерлерінің көпшілігі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Салаға жіктейтін болсақ, медицина қызметкерлерінің ішінде қазақ тіліне шорқақ азаматтардың бары да рас. Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы үлкен әрі күрделі мәселенің бірі. Мысалы, «Медикерге» дертіне дауа іздеп келіп, сауығып кеткен адамдардың алғысы жиі естіледі. Алайда ризашылығын білдіргендердің арасында компания қызметінің кей тұстарына көңілі тола қоймайтындар да бар. Сын болмай сапа жоқ, сондықтан компания оларды да ескерусіз қалдырмайды.

Меңдібаев Атам Саркен, «ӨзенМұнайГаз» АҚ Технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі:

-   Қызымыз екеуміз Жаңаөзеннен Астанаға арнайы келіп, сақтандыру желісі бойынша «Медикер» дәрігерлеріне қаралып жатырмыз. Барлығы ұнайды. Мамандары да жақсы. Бірақ медициналық орталықтардың кей бірінде қазақ тілді мамандардың жетіспейтіні бірден байқалады. Өзім бірнеше тіл білемін: түрікше, өзбекше, түркменше, орысша еркін сөйлеймін. Бірақ өз жерімде жүріп мен тек қазақша сөйлегім келеді. Сондықтан тек «Медикер» компаниясы ғана емес, қай жерге барсам да жұртпен қазақша сөйлесіп, қазақша жөн сұрасқанды құп көремін. Елбасымыз мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуымыз керек, дамыту керек деп айтып жатыр. Жыл сайын бөлініп жатқан қаражат та аз емес. Арнайы бағдарламалар қабылданып, нақты талап-тапсырмалар бекітілді. Оның іске асуына тек ірі компаниялар ғана емес барлығымыз бір кісідей жұмыла әрекет ету қажет. Әрбір азаматтың борышы.

Мемлекеттiк тiлдi өндiрiске кеңiнен енгiзудi кезең-кезеңмен iске асырып, оған барынша жағдай жасап келе жатқан мекемелердiң бiрi- «Медикер» медициналық сервистік компаниясы. Тіл мәдениетіне қатысты сырттан айтылатын ұсыныстар мен шағымдар үнемі ескеріліп, кәсіпорында тиісті жұмыс жүргізіледі. 2012 жылдың тамыз айынан бастап «Медикер» компаниясының бас директоры Гүлжан Садырбаеваның ұсынысымен мекеменің орталық кеңсесінде қызметкерлер үшін қазақ тілі оқытыла басталды. Мемлекеттік тілді меңгеріп жатқан мамандардың алғашқы легі биыл сәуір айының басында аралық сынақтарын тапсырды. Жиырма оқушы сынақтан сәтті өтіп, «Медикер» компаниясының куәлігіне ие болды.

Сағиева Динара Кенжебекқызы, Мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман, «Медикер» медициналық сервистік компаниясы:

-  Елімізде ересектерге мемлекеттік тілді оқыту жүйесі Еуростандарттарға сай бекітіліп, енгізілген. Біздегі дәрістер сол талаптар бойынша қабылданған бағдарламамен оқытылады. Бас кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің жартысынан көбі, 66 адам былтырдан бері арнайы сабаққа қатысып келеді. Оларды 5 топқа бөліп, оқытып жатырмын. Тыңдаушылар бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген деңгей бойынша дәріс алады. Ең басты мақсат- қызметкерлер хат алмасу жүйесін қазақ тілінде сауатты жүргізе алатындай деңгейге жеткізу.

Динара Кенжебекқызының айтуынша, «Медикер» компаниясы қазақ тілін тек бас кеңсе қызметкерлері үшін ғана емес аймақтардағы медициналық орталықтар мен бөлімшелердің мамандарын да оқытуға ниетті. Өйткені мемлекеттік тіл күнделікті хат-хабар алмасу жүйесін жетілдіруден тыс, сапалы қызмет көрсетуге де қажет.

Компанияға артылған жауапкершілік көп. Ең бастысы, заңның орындалуын бас директор - Гүлжан Садырбаеваның өзі үнемі қадағалап отырады. «Тіл туралы» заңға құрмет ерекше. Өйткені, мемлекеттік тілге жасалған жәрдем, қоғамның дамуына таптырмайтын шипалы ем.

Айсамал Абильхан

«Медикер» медициналық сервистік компаниясының баспасөз хатшысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371