Сенбі, 23 Қараша 2024
Жағымды жаңалық 3502 1 пікір 6 Маусым, 2023 сағат 14:49

«Ата жолы» картасы деген не және оны кім қолдана алады?

Биыл шілдеден бастап шет елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады»,-деп түсіндірді министрлік.

«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақтар басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие болуымен ерекшеленеді.

Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде әлеуметтік төлемдер мен қызмет көрсетуді алуға; ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР аумағында жұмысқа орналасуға; Қазақстан аумағында Кәсіпкерлік кодекске және ҚР өзге де құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға; ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім, мемлекеттік орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта арнаулы және/немесе жоғары білім алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алуға; «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға; Қазақстан Республикасының азаматтығы саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар.

Сондай-ақ картаға ие болған этникалық қазақтар еңбек ету немесе бизнес жүргізу үшін қайда қоныстанатынын өзі таңдайды.

«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.

Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алса, онда карта жарамсыз болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359