Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзім... 1792 8 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 13:29

Абайдан Пушкин артық па?

Кеше орыстың талантты ақыны А.С.Пушкиннің туған күні әрі «Халықаралық орыс тілі күні» аталып өтті. Мінекей орыстардың өз ақындарына деген құрметі осындай. Бұлар үшін Пушкин де ұлы, тілі де ұлы (орысша айтқанда "великий и могучий"). Өкінішке қарай, біз де осы уақытқа дейін «соқыр көргенінен жазбайды» дегендей мұны ешбір талғамсыз, жағымыз талмай қайталап келдік. Ал шындығында, Пушкин біз үшін ешқандай да ұлы емес. Біздің өзіміздің ұлы Абайымыз тұрғанда онымен теңдестіре алмаймыз.

Енді осы арада «Орыстар оны неге ұлы тұтады?» деген сұраққа келейік. Олар неге ана Лермонтовты немесе Толстойды ұлы тұтпайды? Өйткені бұл Сергейдің баласы орыстың ұлы державалық шовинизміне әбден уланып, оны үнемі насихаттап отырған. Мәселен, орыс әскері Қап тауындағы халықтарды қыруға бет алғанда, бұл екі бұтын шапалақтап «Покорись Кавказ, Ермолов идет!» деп бөркін аспанға атып қуанған. Сірә, жауыздығымен аты шыққан патша генералы Ермоловтың «бұл ерлігіне» ерекше сүйсінсе керек.

Ал мұны да аз десеңіз, сол кезде Ресей империясының қол астында болған Польша елінде поляк жастары азаттық талап етіп, көшеге шыққанда, оны орыс әскері қанға бөктірген. Мұндай айуандықты тоқтатуды талап еткен Франция мемлекетінің әрекеті Пушкиннің қатты ызасын тудырған. Ол бірден шабыт шақырып, сол сәтте-ақ «Клеветникам Россией!» деген шимай-шатпағын шығара салған. Бұл өлеңсымақтың мазмұны «Польша біздің жеріміз, сендердің мұнда шаруаларың болмасын, не істейміз десек, өзіміз білеміз!» деген шовинизм сандырағына саяды. Бұл енді ана Украинаны да біздің жеріміз деп санайтын бүгінгі басқыншы Ресейді анық көрсетіп тұр емес пе? Мүмкін, Пушкиннің «ұлылығы» да осында шығар.

Ал енді патшалық Ресей Лермонтов пен Толстойды неге Пушкиннен төмен санайтындығына келелік. Өйткені бұлар Пушкин секілді шовинизм ауруымен ауырмаған, орыстың ары таза жазушыларынан қатарынан еді. Лермонтов, мәселен, «Прощай, неумытая Россия, страна рабов, страна господь», деп ойындағысын ашық айтса, Толстойдың атақты «Хаджымұраты» неге тұрады? Мұндайды қай патша ұнатсын?!

Айтпақшы, Пушкин әйелін қызғанамын деп, дуэлге түсіп, қаза тапқанда патша қатты уайымдапты деседі. Сол арада ол Пушкиннің құмар ойындарға ұтқызған қарыз ақшаларының барлығын қазына есебінен өтеуге жарлық береді. Ал Лермонтов дәл осылай қаза тапқанда бейнебір қыбы қанғандай «Итке – ит өлім» (Собакам –собачья смерт!) деп теріс айналды деседі.
Мінекей Сергейдің ұлының туған күніндегі ойларым осындай. Ал мынау біздің Қостанайдың қақ ортасындағы, қалалық әкімдіктің қарсы алдындағы сәулетті ескерткіші. Оны Ресей жазушылар бізге сыйға тартқан көрінеді.
Айтпақшы, бізде өзіміздің хакім Абайға деген ескерткіш мүлдем жоқ. Оны еске алып отырған ешкім де байқалмайды. Сірә, қостанайлықтарға Абайдан гөрі Пушкин жақын секілді.

 

Жайберген Болатов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364