Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4400 0 пікір 28 Мамыр, 2013 сағат 05:52

Құл-Керім Елемес. Жалған тәрбие

Бисмилләһир-Рахманир-Рахим

Болашақ ел иелерін – сәбилерімізді ана сүтінен арылар-арылмастан жалған нәрселермен тәрбиелеп келеміз. Бұл құдайсыздық, адамдардағы надандық емей не? Мұндай өтірікпен көзін ашқан ұрпақтан қандай парасат, жақсылық күтуге болады?

«Ол қандай жамандық, ол қандай өтірік» дейтін шығарсыздар. Ол – сәбилерімізге өмірге келе сала-ақ қуыршақ ұстатамыз. Бұл қуыршақ  шын ба? Жоқ, жалған! Мультфильмдерді көрсетеміз. Ол шын ба? Жоқ, өтірік! Балабақшаларда тіпті де өтірікке көміліп ойнайды. Ал, мектепке барғанда, әсіресе бастауыш сыныптарда тағы солай. «Жаңа жыл» келсе, «аяз ата, ақша қар» деп аталатын өтіріктің жеті атасымен балаларды алдап, оларды рухани жағынан бұзып, шыршаны айналдырып (Кағбадан басқа жер бетінде айналатын нәрсе жоқ), сол өтірікті бүркемелеп сыйлық беріп немесе өтірігімізді сыйлықпен мейлінше растап, әліде оң мен солын білмейтін бүлдіршін жүректерді шайтани істермен жаулап, қаралап тынамыз.

Одан қалса балаларға тән әдебиеттердің күллісі дерлік қайдағы бір өтіріктер. Мысал дейін десең мысал емес, ылғи да бір хайуандардың сұхбаты – «күшік пен мысық», «торғай мен тауық», «қасқыр мен түлкі»... Негізі біз осы аң-құс болып кеткеннен саумыз ба?

Бірде-бір өнегелі сөз, ақиқатқа бастар пайым жоқ дерлік. «Ондайларды балалар түсінбейді-мыс», «олар балаларға ауыр болады-мыс». Ой, айналайын-ау, Аллаһ тағаланың сөзін, Пайғамбардың (с.ғ.с) хадистерін, даналардың даналықтарын түсінбейтін бала, өзі сөйлей алмайтын, сөйлеу нәсіп етілмеген қайдағы бір адам тәлімі үшін өнегесіз хайуандарды «түсінеді» деп кім айтты? Бала тұрмақ хайуандардың не дейтінін сен өзің түсінесің бе? Адамды, сәбиді жаратқан Аллаһ тағала емес пе, Ол оған Өз сөзін түсінетін, одан тәлім алатын етіп жаратқан жоқ па екен сонда? Тағы келіп адамдай асыл-саф жаратылысын хайуанан өнеге алдырмақ па? Қасиетті Құранның еш жерінде «сендер  хайуаннан үйреніңдер, балаларыңа соларды үлгі тұтыңдар, олар (балалар) Менің сөзім Құранды түсінбейді» деген аят жоқ. Керісінше өмірге бала әкелгелі тұрған екі жас әуелі ақ некелі болу, сосын балаға ана құрсағынан бастып Жаратушы Аллаһ тағала жайлы айту, таныту, оны дәретсіз емізбеу, бес жастан Құран үйрету, жеті жастан намаз оқыту бұйырылады. Оларға біз сонда нені зорлап таңып отыр екенбіз?

Адамның көзқарасы он жасқа дейінгі көрген-білгендеріне, естіген, ұққандарына қарап қалыптасатыны рас болса, қайдағы бір күшік пен мысық сияқты өтіріктерден жалған, өтірік тәлім алған балалардың көзқарасы қалай оң болып жетілмек? Ит пен мысықта, бақа мен шаянда өнегелі ұрпақ тәрбие аларлық қандай өнеге болмақ? Тіпті болған күннің өзінде хайуанды адаммен тәрбиелеуге болатын шығар, ал адамды хайуанмен тәрбиелеу қалай болар екен?! «Мұның өтірік, қаралау» дей алмайсыз, себебі мен соңғы тоғыз жылдан бері «Балдырған» журналында қызмет істеп келемін...

Біздің замандастарымыздың басым көпшілігі еш нәрсеге сенбейді, еш нәрседен үміттенбейді. Мұның сыры неде? Бізше мұның сыры міне осы сәби кезде алған өнегесіз тәрбиеде. Өтірік үлгі көріп, жалған тәрбие алған ұрпақ еш нәрсеге де сенбейді, еш нәрседен де үміт күтпейді, әрі өздері де еш нәтижеге жетпейді.

Бұл істі біз өзімізден кеткен қателік қана емес, ұрпақ алдындағы қылмыс ретінде қарағанымыз жөн. «Жетпіс жыл» демей-ақ қой, ол өшкелі де жиырма жыл болды. Абай дәуіріндегі «оқымаған» қазақ та ұрпағын мұндай өтірікпен тәрбиелемеген. Қайта олар өтірік, жалған атаулыдан мейлінше қашқан. Ұрпақты сақтандырған. Оның дәлелі олар рухтарына тоқыған ауыз әдебиетінде өте көп. Мәселен, «Тазша бала»... Онда өтіріктің өтірік екені айтылады да, тыңдаушысын одан жиіркендіреді. Ал, біз болсақ: «Аю отыр партада, екі қолы қалтада...» деп тарта береміз...

Ойланайық, ағайын!

Демек, жалған тәрбие ұрпақтың сенімін жоғалтады, рухын бұзады, көзқарасын жояды, танымын баянсыздайды, кісілігін өшіреді, өтірік айтуды ар санатпайды, алдауды әдеттетеді. Өйткені, олардың алған тәрбиесі сондай.

2007.01.07

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338