Мүгедектер мәселесі
Әрбір әкімнің мүгедектігі бар адамдар қатарынан кеңесшісі болады.
Әрбір әкімнің мүгедектігі бар адамдар қатарынан кеңесшісі болады.
Министрлер кабинеті 29 мамыр күні 2012-2018 жылдарға арналған «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының» бірінші кезеңінің орындалу барысын қараған болатын. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ляззат Қалтаеваның айтуынша, «мүгедектер мәселесі жоғарғы үкіметтік деңгейде тұңғыш рет көтеріліп отыр». Төрайым мүгедектерге қатысты мемлекеттік қамқордың әлемдік тәжірибесіне ерекше тоқталып өтті. «Жапонияда бірінші топтағы мүгедек мемлекеттің қандай жәрдемақысын алуы мүмкін, әрине жұмыс!» Себебі Жапонияда мүгедектігі бар адамның қоғамның мойнындағы жүкке айналмауы, масыл болмауы үшін, керісінше, өз күшін ел экономикасын дамытуға жұмсауы үшін барлық жағдай жасалған екен. Қазақ қоғамы дені сау адам ғана ел дамуына үлес қоса алады. Алайда, қазір мұндай, мемлекеттік көзқарас біртіндеп сейіліп келеді. Бұл ретте, қауымдастық басшысы Ләззат Қалтаева Үкіметке тың ұсыныспен шықты: «Егер әрбір әкімнің мүгедектігі бар адамдар қатарынан кеңесшісі болса, ол адам әр өңір бойынша мүгедектер жағдайын жақсы біліп, олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасар еді» , - деді. Премьер Серік Ахметов бұл мәселені қарау туралы сол сәтінде тапсырма берді: « Тек облыстардың ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдер осы тәжірибені ендіруі қажет, – деді ол. «Бұл бағыттағы жұмыс барынша ашық болуға тиіс. Егер әкімнің қасында осындай белсенді кеңесшісі болса, онда облыс әкімі жанындағы үйлестіруші кеңес те дұрыс жұмыс жасайтын болады, әзірге олардың жұмыстары формалды сипатта, – дей келе, Премьер облыс басшыларына барлық деңгейдегі әкімдердің кеңесшілері институтын құру мәселесін қарастыруды жүктеді.