Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1582 2 пікір 15 Маусым, 2023 сағат 19:35

Абайдағы өрт: Орманшылардың отбасыларына пәтер берілді

Президент тапсырмасына сәйкес Абай облысындағы алапат өрт кезінде жапа шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қара жамылған әр отбасы 7 млн теңге көмек алады, бұдан бөлек әр балаға 2 млн теңгеден беріледі. Бүгін Семейдегі өрт кезінде қаза болған орманшылардың жанұясына пәтер кілттері тапсырылды. Жаңа әрі жайлы баспаналар шаһардың Қарағайлы ауданында орналасқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жасаған жұмыс сапарында өршіген өртті сөндіремін деп өмірін қиғандарддың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев тілсіз жаумен күресуде қаһармандықтың үлгісін көрсеткен 15 орман шаруашылығы қызметкерінің туған-туыстарымен кездесіп, баспана кілтін табыс етті.

«Саяттың еңбегін елеп-ескеріп, артында қалған отбасына үй беріп жатқан Үкіметке ризашылығымызды білдіреміз. Бұл Саят елін-жерін, отбасын қорғаймын деп отқа өз кеудесін төсегеннен кейін көрсетіліп жатқан құрмет»,-деді өртте қаза тапқан орманшы Саят Нұржігіттің ағасы Роман Нұржанұлы.

 

Abai.kz

2 пікір