Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1886 0 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 13:47

Шекаралық аумақтар қалпына келтіріледі

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда алдағы екі жыл ішінде шекаралық аумақтар: Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарының қайта қалпына келтірілетінін айтты.

««Аманат» партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтергенін білесіздер. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз», - деді президент.

Осы ретте Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров үш ауданның халқын құттықтады.

«Бүгін бүкіл түркі дүниесіне қасиетті Түркістан қаласында Ұлттық құрылтай өтті. Құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралық аумақтар мәселесін қозғады. Шекаралық аумақта орналасқан Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншы аймақтары қайта қалпына келтірілетін болды. Бұл халықтың көкейінде жүрген күпті мәселе еді. Бүгін президент мәселенің нүктесін қойып, осы аудандардың ашылатынын мәлімдеді. Бұл - алмағайып кезеңде Қазақстанның территориялық тұтастығын нығайтуға бағытталған ең негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондықтан «Аманат» партиясының атынан Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарының халқын шын жүректен құттықтаймын»,-деді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435