Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Мұны қалай түсінуге болады?
Азғана уақытта ақпарат айдынынан өз орнын алған, жақында ғана 1001-санына жарыққа шыққан «Алаш айнасы» газетінен Тілеу Көлбаевтың «Ғабит Мүсіреповтің үш ерлігі» атты мақаласын (31.05.2013 жыл) оқып, аң-таң болдым.
Оның мәнісі мынау: Ғабеңнің үш ерлігі жайлы мен ертеректе жазған едім. Бір тақырыпты бірнеше қаламгердің жарыса жазуында оғаштық жоқ, егер автор сол тақырыпқа жаңа бір қырынан келіп жаңалық ашып жатса нұр үстіне нұр. Мақала авторы Т.Көлбаев мырза тарих ғылымының докторы, профессор болғандықтан сондай бір жаңалық күтіп едім. Ол үмітім ақталмады. Оның орнына автор менің «Ана тілі» газетінде 2012 жылдың 1-7 наурызында жарияланған «Аты аңызға айналған суреткер» атты мақаламның бірер тұсынан сөзбе-сөз көшіріпті. Мен жоғарыда аталған мақаламда былай деп жазып едім: 1. «Шілденің шіліңгір ыстығы – тәнді, саясаттың аңызақ аптабы жанды шыжғырып тұрған әйгілі 1932 жыл. Күнмен бірге Ғабит Мүсіреповтің де жүрегі жанып тұр. Көңіл нала, жаны жара жазушы көп ойланып, көп толғанды. Аштықтың қатты шеңгелі бүріп, қан қақсаған халқына ара түсуге бекінген ол жазу үстеліне отырды. Сол күні шілде айының бірінші жұлдызында дүниеге келген «Бесеудің хаты» араға бірер күн салып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекиннің алдынан бір-ақ шықты. Оның бір данасы Кремльдегі күн көсем атанған Мәскеудегі Сталинге де жеткен еді».

2. «... жазушы Ғабит Мүсіреповті қыстың көзі қырауда қиян шеттегі Қостанайдың алыс бір түкпіріндегі Амангелді ауданына ұзақ мерзімді іссапарға жіберген биліктің ойы бесенеден белгілі болатын. Оның берісі «аштан қырылып жатқан халықтың ортасына айдап салып, «тентек жазушыны» тезге салып, тәубесіне келтірсін», әрісі «өзі де сол аштармен бірге өлмесе өрем қапсын» еді. Құдай сақтап, бұл азапты да ауыр, қиын да қатерлі сапардан Алматыға аман-сау оралды.
Бұл – жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзінің саналы ғұмырындағы халқы үшін жасаған бірінші ерлігі еді».
3. Бұл оқиға 1985 жылдың 28 желтоқсанында болған еді. Ғабең «қалам ұстауға халі болмағандықтан көңілін сұрауға ауруханаға келе қалған Әлжаппар Әбішев пен Мұхтар Мағауинге айтып жаздырған» сол соңғы хат – соңғы ерліктегі сом алтын сөз. Ақирет сапарына аттанып бара жатқан сәттегі ақырғы тілек мынау:»
Міне, осы жоғарыда келтірілген үш үзік үзіндіні Тілеу Көлбаев сөзбе-сөз көшіріпті. Ең болмаса менің бір сөзімді өзгертпеген, тым құрыса тырнақшаға да алмаған, авторға сілтеме де жасамаған. Сонда мұны қалай түсінуге болады?
Бүкіл өмірім жазумен, оқумен өтіп келе жатқан менің бос сөзге, даңғаза дауға уақытым да, зауқымда жоқ. Уақыт бағасын бір кісідей білетiн, менің әр сағатым ғана емес, әр минутым есептеулі. Көркем шығарма жазатын алтын уақытымды ала берді-ау, «оқыс оқиғалар»...
"Айқын" газеті