Еуразиялық экономикалық одақта халықаралық тасымалдарға салық салу
448-бап.Еуразиялық экономикалық одақта халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 387-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар.
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС
әкімшілендіру бөлімі
Abai.kz