Сенбі, 23 Қараша 2024
2048 0 пікір 3 Шілде, 2023 сағат 14:59

Қырғызстанда «Күдебаев ісіне» қатысты 5 адамға үкім шықты

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың ісі бойынша 5 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

«Қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық істің бес қатысушысы сотталды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін барлық айыпталушылар кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойғаны нақтыланған.

«Іс бойынша төрт айыпталушы – қарапайым тұрғындар, тағы бірі – ҰҚКД Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері екені белгілі. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық айыпталушыларға 350 мың сом айыппұл салынды», – деп хабарлады редакция.

Еске салайық, биыл сәуірде Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.

Сот үкімі шықпай тұрып, Қырғызстан арқылы Түркия асқан бұрынғы генерал ақыры түрік елінде жүрген жерінен ұсталып, елге әкелінді.

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде  «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі» үшін айыпталған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366