Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Анық-қанығы 2281 4 пікір 4 Шілде, 2023 сағат 13:23

Атыраудағы апат: Басты себеп - бюрократия мен бос жүріс!

Сурет: Әлеуметтік желіден

Кеше, 3-ші шілде, Атыраудың бірнеше ықшам ауданында электр жарығы сөніп, ауыз су тоқтады. Бұған Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат себеп болғаны айтылды. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталында жазған едік.

Аталған апатқа қатысты ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пікір білдіріпті.

«Бюрократия мен бос жүріс – елдері болып жатқан қиындықтың басты себептері». Осылай деп мәлімдеді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, сәуір айында, тіпті одан да ертерек MAEC-ті шұғыл түрде жаңарту қажет екені белгілі болған.

Бірақ біздің Үкіметтің қаражат бөлу туралы шешім қабылдап, оған жабдық сатып алып, мердігерді анықталғанша бір жылдан көп уақыт өтеді.

Осыдан үш күн бұрын премьер-министр жиын өткізіп, энергетикалық кәсіпорындарды, оның ішінде Маңғыстау облысында жөндеу жұмыстарының мерзімінен кешігіп жатқанын айтқан.

Ал бүгін премьер-министр қазіргі жағдайға алып келген кінәлі адамдарды жазалауды тапсырды.

Abai.kz

4 пікір