Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3011 6 пікір 6 Шілде, 2023 сағат 17:01

АҚШ Назарбаева мен Өтемұратовқа санкция салмақ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей мен Қазақстанның олигархтарын «посткеңестік мафия» деген санатқа жатқызып, енді осы мафиямен белсене айналыспақ, - деп жазады
DALA INSIDE.

"Посткеңестік мафия" клубына АҚШ пен Ұлыбританияда құны 10 миллион доллардан асатын пентхаустар мен үйлері бар, Қазақстан, Ресей, Украинадан шыққан және билік кландарымен сыбайласқан олигархтар енді.

АҚШ бұл бастаманы Ұлыбританиямен алдын-ала келісіп алған. Ресми Лондон Дариға Назарбаеваның Британиядағы мүлкін бұғаттау процесін бастауы тиіс. Ал АҚШ алдымен Болат Өтемұратовпен айналысатын болады. Одан кейінгі кезек Владимир Ким, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Әлия Назарбаева, Ахметжан Есімов, Ғалымжан Есенов, Болат Назарбаевтарға келмек.

АҚШ Мемлекеттік департаменті болжамы бойынша, қазақ және Ресей олигархтары өз елдерінен орташа есеппен 200 миллиард доллар ұрлап кеткен. АҚШ бұған бей-жай қарап отырғысы келмейді.

"Жаңа Қазақстан" үшін сын сәті туды. АҚШ пен Еуропа олигархтар активтерін оңай бұғаттайтыны мәлім. Бірақ олар Қазақстанға қайта ма? Әлде біз АҚШ тарапынан жасалған интеллегентті рэкетке тап боламыз ба?

Біздің Әділет министрлігін "Стати кейсінен" кейін халықаралық келіссөздерге жіберудің өзі ұят. Тек Бас прокуратураға сенім арта аламыз.

Назарбаевшылардың ендігі өмірі бал болмайды. Ол туралы әлі айтамыз.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364