Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 2654 13 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 12:27

Бауыржан Байбектің әкесі соттала ма?..

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбек Астанада сотталып жатыр. Сот кабинеті порталы оның үстінен екі істің ашылғанын хабарлады.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Ал сот процесі 11 шілдеде бейнебайланыс арқылы өтуі керек еді.

Қыдырғали Байбекке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша айып тағылды. Осы бапта тиісті жерге құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу анықталған. Баптың санкциясы заңсыз салынған және құрылысты мәжбүрлеп бұзумен немесе айыппұл салуды қарастырады.

Байбектің әкесінің үстінен қозғалып жатқан екінші іс ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша қаралмақ. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұл бап тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыруды қарастырады.

Айта кетейік, Қыдырғали Байбек Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі және Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы. Бірнеше жыл бойы теміржол саласында жұмыс істеген.

Оның ұлы Бауыржан Байбек 2015 жылдан 2019 жылға дейін Алматыны басқарды, «Nur Otan» партиясында экс-президенттің бірінші орынбасары болды. Қаңтар оқиғасынан кейін кенет қоғамдық қызметін бәсеңдетіп, жұрт көзінен тасаланды. Әлеуметтік желілерде Байбектің Алматы әкімі болып жұмыс істеген жылдары сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деп күдіктелгені туралы ақпарат шықты. Ресми органдар оны растамады. Кейін Байбектің бірде Түркияда, тағы бірде Меккеде, енді бірде Германияда жүрген суреттері басылымдарда жарияланды.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394