Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2241 0 пікір 14 Маусым, 2013 сағат 09:59

Ерімбетов мырза, сандырақтамасаңыз қайтеді?

Қазақтың  «ит қорыған жерге өш»  дейтін  мақалы бар. Әдетте, кереғар  әрекет жасайтындарға  қарата айтылатын болса керек.  Мұны біз неге айтып отырмыз? Себебі,  соңғы кездері  қазақстандықтардың арасында Ресейді мақтап,  тіпті солтүстіктегі көршінің құрамына  қайта қосылуды да жақтап сөйлейтіндердің қарасы көбейді.  Интернетті пайдаланып  аузына  келгенін айта беретіндерді қойшы,  көптің бірі ғой. Ал, кәдімгідей елге танылған, саясаттанушы  ретінде белгілі тұлғалар  қазақтың «жалғыз досы» Ресей деген  пікірде болса һәм сол  ойын  бұқараға жария қылса жетіскен екенбіз. Біз өткен аптада Олжас Сүлейменовтың бір пікіріне  келіспейтіндігімізді айтқанбыз. Осы жолы Ресеймен достықтың әлеуметтік-мәдени  сипатын саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов «тәпсірлепті».  10 маусымда.  «Ресей-Қазақстан эксперттік клубы» дейтіннің жиынында. 

Қазақтың  «ит қорыған жерге өш»  дейтін  мақалы бар. Әдетте, кереғар  әрекет жасайтындарға  қарата айтылатын болса керек.  Мұны біз неге айтып отырмыз? Себебі,  соңғы кездері  қазақстандықтардың арасында Ресейді мақтап,  тіпті солтүстіктегі көршінің құрамына  қайта қосылуды да жақтап сөйлейтіндердің қарасы көбейді.  Интернетті пайдаланып  аузына  келгенін айта беретіндерді қойшы,  көптің бірі ғой. Ал, кәдімгідей елге танылған, саясаттанушы  ретінде белгілі тұлғалар  қазақтың «жалғыз досы» Ресей деген  пікірде болса һәм сол  ойын  бұқараға жария қылса жетіскен екенбіз. Біз өткен аптада Олжас Сүлейменовтың бір пікіріне  келіспейтіндігімізді айтқанбыз. Осы жолы Ресеймен достықтың әлеуметтік-мәдени  сипатын саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов «тәпсірлепті».  10 маусымда.  «Ресей-Қазақстан эксперттік клубы» дейтіннің жиынында. 

Әрине, кез-келген азамат қоғамдағы  түрлі оқиғаларға  өз көзқарасын  білдіруге  құқылы. Егер Ерімбетов Қазақстан мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастардан  тонның ішкі бауындай аралас-құраластықты көргісі келсе өз еркі.  Бірақ,  екі елдің арасындағы интеграцияны, дәлірек айтқанда қазаққа тиімсіздеу экономикалық қарым-қатынастарды  «халықтар достығы» деңгейіне  шығарғысы келсе, онымен  келіскіміз жоқ. Өйткені,  ең алдымен Ерімбетов  мырза  былай депті: «Қазақстандықтар мен ресейліктер КТК (КВН) ойындарында,  дөңгелек үстел  отырыстары мен түрлі гала-концерттерде  кездеседі. Ал, біз қайда кездесуіміз керек?  Біз, бәлкім, бір-біріміздің үйлерімізде кездесіп, тойлар мен мерекелерде араласып, қайғы-мұңымызды  бөлісуіміз керек шығар.  Азаматтық қоғам дәл осы  күрделі  міндетті орындау үшін тер төгуі керек».  Сонда  қалай, қазақ өз тойына  Ресейден орыстарды шақыруы керек пе?  Қазақтың жақыны жан тапсырса  ресейліктер келіп, дұға оқуы керек пе? Ұқпадық.  Бұл дегеніңіз аралас-құраластықтың мән-маңызын түсінбеудің көрінісі ғой. Екі елдің  арасында саяси-экономикалық  қарым-қатынастар болды екен деп,  бұқара да  жаппай саясилануы керек емес шығар бәлкім.  Қарапайым  қазақ өзіне жақын  тұтқан  атасы басқа  жұртты «тамыр» қылып алады. Бірақ,  оған азаматтық қоғам институттарын араластырып,  үгіт-насихат жасаудың қажеті жоқ. Ал, Ерімбетов мырза  болса жасанды ұрандарға сүйенген  халықтар достығын аңсайды екен. Біздіңше бұл  ресейліктерге  жақсы болып көрінудің амалы. Әдетте,  табанының  бүрі жоқ,   өмірлік ұстанымы қалыптаса  қоймаған адам өзгеге  жалтақтайды. Әйтпесе, кәсіби саясаттанушы  мұндай пікір айтпаса керек-ті. 
Нұрлан Ерімбетов  одан әрмен «Ресей мен Қазақстан халқы  ұлтаралық неке деген ұғымды бірте-бірте ұмытып барады. Екі елдің де азаматы   ретінде бойында  өзгенің  қаны бар көптеген адамдар,  жүздеген мың адамдар бүгінде  балаларын тәрбиелеп отыр. Бұл адамдарға  Ресейдің де,  Қазақстанның да тарихы бірдей  маңызды»- дейді. Қысқасы,  аралас некені насихаттап отыр саясаттанушымыз. Оның ойынша біздің елде  аралас неке назардан тыс қалғанға ұқсайды.  Сонымен бірге, бәрімізге  Ресейдің де, Қазақстанның да тарихы ортақ болуы керек  сияқты. Содан соң,  біз қазақтың тарихындағы қанқұйлы кезеңдерге Ресейді айыптамауға тиіс екенбіз. Ерімбетовтың қисыны сондай. Рас, ол  қазақ өз тарихындағы ашаршылыққа, қуғын-сүргінге орыс  халқын айыптайды дегенге саятын пікір айтыпты. Нақтырақ айтсақ былай депті: «Өз кезегінде  Қазақстанда қазіргі таңда  қазақ  даласына  орыс халқы әкелген  қасіретті  зұлматтар мен өзге де мәселелер туралы көп айтады. Бірақ,  шын мәнінде   бұлардың барлығын орыс халқы әкелген жоқ,  ұлт ұғымын білмейтін саясаткерлер әкелді.  Халықтар ешқашан кінәлі  болған емес, демек  біздің барлығымыз ГУЛАГ-та  бірге отырдық,  алайда  бұл ақиқат қазір әдейі бұрмаланып жатыр. Қазақстан жастары қазір өте қатты радикалданып кетті,  өйткені Кеңес одағының не екенін  білмейтін,      Ресеймен, Кавказбен  тарихи немесе туысқандық  байланыстары жоқ  ұрпақ өсіп шықты». Міне, қисын!  Өзін білдей саясаттанушы санап һәм көптің назарында жүрген Нұрлан Ерімбетов мырза  қарапайым  шындықты  білмесе, өзгеден не сұрауға болады?!  Біріншіден, Ерімбетов  қазақ халқының  өз тарихындағы  зұлматтарға орыс жұртын кінәлаған сәтін  дәлелдеп берсін! Егер ашаршылық, қуғын-сүргін,   дініміз бен тілімізге қарсы жасалған  қысым туралы айтсақ, біз ешқашан  «орыс халқы» демедік.  «Ресей империясы, Кеңес одағы» дедік.  Атын атап, түсін түстесек Николай патшаны,  Ленин мен Сталинді, Голощекинді айттық. Ал, Ерімбетов мырза «орысқа жағатсудың  жөні осы» деген болуы керек,  жауырды жаба тоқып,  тұтас қауымның атынан  пікір білдіріпті.  Екіншіден, қазақ өз тарихындағы зұлматтар туралы деректерді  бұрмалап отырған жоқ, керісінше біздің ғалымдар ақиқатты толық ашқысы келеді. 1921-1922 және 1932-1933 жылдары  қазақ 4,5 млн-ға жуық адамынан айырылды. Осыны айтады қазақ зерттеушілері. Үшіншіден, қазіргі қазақ жастары үшін Кеңес одағының қандай құндылығы бар? Қазақтың түбіне жету үшін барын салған империяны  ардақтауымыз керек пе? Түсінбедік сізді Ерімбетов мырза. Рас, Кеңес одағы кезінде де бірқатар игі істердің атқарылғандығын жоққа  шығармақ емеспіз. Бірақ,  қазақ жастары үшін «Ұлы Отан»– Кеңес одағы емес, Қазақстан!  9 мамыр да  «Ұлы жеңіс күні» емес, қатардағы  Жеңіс күні. Адамзаттың  екінші дүниежүзілік соғыста  фашизмді жеңген күні. Болды. Ресейлік көзқарас тұрғысынан емес, адамзаттық ұғыммен қарауымыз керек осындай атаулы күндерге. Әйтпесе, ресейліктердің өзінде  «Отан соғысы» екеу. Біріншісі, 1812 жылғы Наполеонға қарсы соғыс. Екіншісі, 1941-1945 жылғы  соғыс. Мұны Ерімбетовтың  білмеуі мүмкін емес еді. Бірақ, бәрібір ресейліктерге жағымпазданып отыр.  Содан соң, не себепті біз Ресеймен, Кавказбен тарихи һәм туысқандық  байланыс іздеуіміз керек? Бірінші кезекте,  қазақ ең алдымен  өзінің жақын-туғандарын жанына тартады. Қазақ қазақты жақсы көруі керек, одан соң түбі бір түрік халықтары жақын бізге. Қазақ ұлтшылдарының айтып  жүргені де осы. Ал, ұлттың мүддесін айту,  есесі кеткен  тұстарымыздың бар екендігін айту,  түрлі интеграциялардың халық үшін қауіпті  тұстарын көрсету  популистік ұран болса, онда  «ұлтаралық некені ұмытып бара жатырмыз»  деп байбалам салып отырған саясаттанушының пікіріне қандай баға беру керектігін  түсінбедік. Әлі күнге Алматыны «Алма-Ата» деп езеурейтін,  өзінен басқаны  «үйден қырық қадам ұзап шықпағандардың»  қатарына  қосатын Ерімбетов шамасы өткен аптада интернетті  шуылдатқан  тағы бір сатқынның сөзінен кейін Қазақстанның  шынымен де Ресейге қосылатындығына сенетін  сияқты. Бірақ,  бір мәселені естен шығарып алды бұл саясаттанушы. Ол қазақтың енді ешқашан  бодан болмайтындығын  ұмытып кетті. Билік  қанша сипай қамшылағанмен,   20 жылда  мүлдем жаңа сипаттағы  ұрпақ өсіп шықты. Кеңес одағын «Отаным» деп санамайтын, аралас некені құп көрмейтін,  «ұлттар достығы» деген ұранның жалған екендігін білетін, еркін пікір айта алатын ұрпақ келді. Бұл үлкен  өзгеріс.  Сондықтан,  қара орман қазақтың тағдырын шешетін Ерімбетов мырза, Сіз емессіз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434