Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3158 3 пікір 20 Шілде, 2023 сағат 13:47

Ресейдің астық бопсасы. Ердоған Путинді көндіре ме?

Ресей өзінің бұрыннан көрсетіп келе жатқан қоқан-лоқысын орындап, Украинамен бірге астық мәмілесіне қатысудан бас тартты.

Бірақ түрік көшбасшысының Ресей Федерациясына келісімді орындатуға күші жетеді. Тамыз айында Ердоған мен Путин кездеседі, сол кезде астық мәмілесі талқылануы мүмкін.

Америкалық Carnegie басылымының хабарлауынша, Қара теңіз бастамасы астықтың, яғни азық-түліктің әлемдік бағасын ұстап тұрады. Астық мәмілесі іске асып тұрған бір жылда азық-түлік бағасының индексі 11,3% - ға төмендеген.

Астық мәмілесін жасасқаннан кейін Ресейдің Қытай мен Түркияға тәуелділігі арта түскен. Қара теңіз бастамасы аясында негізгі астық алушысы бола отырып, Қытай келісімді өзінің бейбіт жоспарының жеке тармағына көшірді. Мәскеу Ресейлік көмірсутектің ең ірі сатып алушысы Қытаймен ара-қатынасын шиеленістіргісі келмейді. Сондай-ақ Ресей санкцияға түскен көп тауарды Қытайда алып отыр.

Түркияның Ресейге экспорты қаңтар-маусым айларында өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен, шамамен 5 миллиард долларға жетті. Ресей, өз кезегінде, алты айда Түркияға 27,7 миллиард долларға тауар жеткізді.

«Анкара Мәскеу үшін маңызды логистикалық хаб, сонымен қатар Ресеймен жоғары деңгейде диалог орнатқан санаулы елдердің бірі», - деді Кремльде.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321