Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 2705 4 пікір 22 Шілде, 2023 сағат 12:09

АҚШ пен Қытай: Кезекті келіссөз...

2001 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болған Қытайдың ондаған жыл ішінде өзге алпауыт елдерді басып озып, Америкамен иық теңестіретін деңгейге жеткені белгілі.

Қазір экономикасы қуатты екі ел әлемдік геосаясат, сауда-саттықтан тартып экологиялық мәселелерге дейін өз ықпалын көрсетіп келеді. Өзара бәсекелес екі елдің арасында тұралап қалған келіссөздер соңғы уақытта қайта жалғасты.

Әлемдік климаттың жылынуы жалпы адамзат баласын ерекше алаңдатып отырғаны айдай ақиқат. Әсіресе биыл ерекше білінді. Ресей президенті Путин Украинаға жосықсыз соғыс ашқан соң, әлемде энергия дағдарысы орын алды. Энергия тапшылығын шешу үшін әлем елдері ормандарды жаппай отап, көмір жағуға қайта ден қойды. Мұның бәрі біреуі Ресейге, біреуі Украинаға жақтас болып отырған Қытай мен АҚШ-ты саяси себептерге байланысты бір жылдан бері үзіліп қалған жаһандық климат туралы келісімдерді қайта жалғауға мәжбүрлегені анық.

Президент Байденнің жаһандық климат мәселелері жөніндегі ерекше елшісі Жон Керри осы аптада Бейжіңде Қытай басшыларымен кездесу өткізді.

Қытайдың қазіргі әлемде ауаны ластаушы елдердің көшбасында тұрғаны, Американың да қалыспайтыны белгілі. Қытайда ауаға тарайтын көміртегі мөлшері жылына 12.7 миллиард тонна болса, Америкада 5.9 миллиард тонна екен. Әрине мәселенің түп төркіні онда емес. 1850 жылдан бері Америка өнеркәсіп орындары ауаға 509 миллиард көміртегі таратса, Қытайда одан екі есе аз 284 миллиард болған. Қытай өзінің дамушы ел екенін алға тартып, мұны табиғи үрдіс ретінде көрсетуде. Мұның бәрі екі елдің ортақ шешімге келуіне басты кедергі болуда.

Кезінде Барак Обама 2025 жылға қарай көміртегі мөлшерін 26 пайызға төмендетуге уәде берсе, президент Байден оны 50-52 пайызға түсіруге, 2050 жылға қарай көміртегінен бүтіндей бас тартуға шешім шыарды. Ал Қытай жағы «Париж келісімі» аясында 2030 жылдан ары қарай жел, күн, атом энергиясына басымдық беріп, олардың үлесін 25 пайызға жеткізетіндерін, 2060 жылға қарай көміртегінен бас тартатынын айтып отыр.

Бұл жолы да АҚШ өкілі Қытайды климаттың өзгерісіне нақты әрекет көрсетуге үндегенімен Қытай басшысы өз жоспарларына, алға қойған мақсаттарына өздерінің ритімімен жететіндерін қадап айтты.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394