Сенбі, 23 Қараша 2024
1655 0 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 12:47

Министр: «Шүменов өз ісіне жауап береді»

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға қатысты түсінік берді.

«Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты», - деді Асхат Оралов.

Ведомство басшысы заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.

«Бұл – құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді», - деді министр.

«Бейбіт Шүменовке осы жағдайдан кейін Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?», - деп сұрады журналист.

Асхат Оралов қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатқандықтан әзірге киліге алмайтындарын айтты.

«Құқық қорғау орандарының жұмысынан кейін, қорытындысы шыққаннан кейін пікір білдірейік. Соттың тиісті шешімі шығады, содан кейін ғана түсінік бере аламын. Қазір біз киліге алмаймыз», - деді министр.

Еске салайық, спортшы Бейбіт Шүменов мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Ол биылғы 18 маусымда Астанадағы «Mega Silkway» сауда, ойын-сауық орталығында қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соқты деп айыпталып отыр. Елорданың Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Кінәсі дәлелденсе ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы өз әрекетін түсіндірмек те болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371