Сенбі, 23 Қараша 2024
1265 0 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 13:46

Белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды

Сурет: Азаттық радиосы

Алматы әкімшілік соты тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ өкілі, белсенді Әсет Әбішевті 15 тәулікке қамады.

Бұл жөнінде #БелсенділерЭкстремистЕмес тобы хабарлады. Бұған дейін аталған топ полицияның белсендіні ұстап әкеткенін хабарлаған. Жақтастарының айтуынша, полиция ұстау кезінде оған күш қолданған. Полиция оның ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді.

Ақпаратқа қарағанда, белсендіге биыл 5 мамырда Алматыдағы әділет департаментінің алдында "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деген айып тағылған. Жақтастарының айтуынша, ол сол күні әділет департаментіне "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ мүшесі ретінде қол қойғанын дәлелдеу үшін барған. Онда ешқандай рұқсат етілмеген митинг болмаған.

Әзірге sud.kz сайтында оған шығарылған шешім жарияланбады. Бірақ онда әкімшілік істі судья Рауза Әлиева қарағаны жазылған.

Бір күн бұрын сот дәл осындай айыппен аталған бастама топ мүшесі Бибігүл Иманғалиеваны 20 тәулікке қамаған еді. "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ Телеграм-арнасында белсенділерді ұстауды 9 тамызға белгіленген "Алға Қазақстан" партиясының конференциямен және Еуропа депутаттарының Қазақстанға сапарымен байланыстырады.

"Аталған баспасөз жиынында қазақстандықтар үшін өткір мәселелер талқыланады" деп жазды бастама топ өкілдері.

Аталған белсенділер мүшелері болып саналатын тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясы айлар бойы әділет министрлігіне құжат тапсырып, саяси ұйымды тіркей алмай келеді. Министрлік бастамашыл топтың құжаттары партияларды тіркеу туралы заңға сай еместігін айтып, тіркемеген. Ал белсенділер өздерін "саяси себеппен тіркемей отыр" деп есептейді. Олар бұған дейін биліктен партияны тіркеуді талай талап еткен.

Билік елде саяси қудалау барын мойындамайды және партияны "саяси себеппен тіркемей отырғандарын" жоққа шығарады.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394