Сенбі, 23 Қараша 2024
1216 0 пікір 14 Тамыз, 2023 сағат 16:36

"Қазақмыс" кеншілері наразылыққа шықты!

Сурет: Әлеуметтік желіден

Ұлытау облысында "Қазақмыс" корпорациясының жүзден астам кеншісі ереуілге шықты.

Наразы жұмысшылардың хабарлауынша, кеншілердің жартысы шахтаның ішінде қалған, қалғандары жоғарыда ереуілдеп тұр. Ереуіл болып жатқанын дәлелдейтін видео да бар. Кеншілер 15 талап қойған.

Белсенділердің айтуынша, әуелі Сәтбаев қаласындағы № 65 шахта жұмысы тоқтаған. Мұнда 13 тамызда түнгі ауысымға түскен жұмысшылар ереуілдеп тұр. Кеншілердің мәлімдеуінше, қазір наразылық акциясына корпорацияның басқа да кәсіпорындарындағы жұмысшылар қосылып жатыр. Ереуілдеушілер саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін.

- Әріптестер шахтадағыларды қолдау мақсатында азық-түлік жеткізді. Кеншілердің бәрі жиналып жатыр, шахталарда жұмыс тоқтап тұр, - дейді Азаттыққа ереуілдегі кеншілердің бірі. Ол зіне қысым жасалмас үшін аты-жөнін атамауды өтінді.

Кеншілер еңбек жағдайын жақсартуды, бір жылдық жұмысты бір жарым жыл деп есептеуді, ескі құрылғыларды жаңартуды, шахтаға жұмысшы қабылдау орындарын ашуды, жұмыс күші неге жетіспейтінін түсіндіруді, жақында қайтыс болған жұмысшы Е. Ербосыновтың ұлын жұмысқа қабылдауды, сыйақыларды айлыққа қосып есептеуді, демалысты созуды талап етті.

Бұған қоса, жұмысшылар ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды, Кенші күнінде "100 мың теңге" сыйақы тағайындап, Кенші күнін атап өтуді алып тастауды сұраған.

Түскі сағат 13-те кеншілер ереуілі жалғасып жатты. Ол жерге билік пен органдар өкілдері бара жатқаны мәлім болды.

31 шілдеде компания өзінің ресми парағында өндіріс нәтижелері мен болашағы туралы хабар таратты. "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Олек Копытовтың айтуынша, 2023 жылдың алғашқы жартысындағы өндірістік жоспарлар "сәтті орындалып жатыр". Корпорацияны алдағы 20 жылда дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар дайындалып жатқаны хабарланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498