Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Билік 3254 29 пікір 18 Тамыз, 2023 сағат 13:21

The Diplomat: Транскаспий бағыты Қазақстанның Еуропаға ашқан есігі

Қазақтың маңдайына жазған жалғыз теңізі бұл – Каспий! Бұл жолда әлемге жақпай қалған Иран мен Ресей және күлшелі балаға айналған Әзербайжан бар. Еуро Одаққа өзінің сыртқа шағаратын 70% мұнайын сатады. Бұл Еуропа елдері тұтынатын мұнайдың 6%-ы болып табылады. Еліміз ОПЕК-ке кірмейтін елдердің ішінде 3 орынды иеленеді.

Бұрын қазақ экономистері Ресейсіз баламалы жол керектігін талай қақсады. Пайдасы мен зиянын алға тартты. Нәтижесінде сол кездегі биліктің таңдауы ЕАЭО-ға түсіп, екі баламалы жол: бірі – Иран, екіншісі – Әзербайжан бағытты ұсынылған еді. Бірінші бағытты АҚШ пен Батыс, екіншісін Ресей құптамады. Нәтижесінде орыс-украин соғысы салдарынан қазақтар Ресей құптамаған бағытты таңдауға мәжбүр болды. Өйткені Ресей бізді «транзиттік қақпанға» түсірді.

Соның нәтижесінде Ресей бағытты алмастыратын «Аралық дәліз» жобасы қолға алынып, осы бағытта алғашқы қадамдар жасала бастады. Біз енді орыстың емес, қанша жерден бауырлас десек те әзербайжандардың ауызына қарамаймыз.

Мәселе болашақта не оңға, неге солға шешілсе де, ең дұрысы мұнайды өзімізде жартылай шикізат күйінде өңдеп одан кейін сыртқа шығару үшін елмізде оны өндіріп жатқан инвесторлармен әйтеуір ұлтымызға тиімді келісімге келу ғана бізді бұл тығырықтан шығара алады деген сеніммен күн кешуге тиіспіз.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6196