Сенбі, 23 Қараша 2024
1521 0 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 11:12

Қарағанды шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ: ТЖМ жауап берді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстан шахтасындағы өртті сөндіру қиынға түсіп жатқанын айтты. 

«Шахтаға қатысты айтсақ, ол жерде транспортерлік лента жанған. Осының салдарынан от сол жердегі көмірге түскен, сондықтан ол ұзақ уақыт бойы жанады. Өртті сөндіру қиынға түсіп жатыр. Ол жерде құтқарушылардың тыныс алуына қиын болып тұр және көру мүмкіндігі шектеулі. Ол жерде температура да тым жоғары. Шахтада өрт сөндіру өте қиын екенін білесіздер. Сондықтан тиісті технологияларды ескере отырып, жұмысты орындау қажет», - деді С. Шәріпханов Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр өрт нақты қашан сөндірілетінін айта алмады.

«Болжам айта алмаймыз. Менің ойымша, жақын арада өртті ауыздықтаймыз», - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

Шахтаның астында қалып қойған бесінші кеншінің денесі табылды.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388