Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 2138 0 пікір 23 Тамыз, 2023 сағат 12:33

«Бабалар аманаты»: Анкарадағы алқалы жиын...

Анадолы елінің астанасы Анкара қаласында Түрік Республикасының 100 жылдығы, ТүрікСОИ ұйымының 30 жылдығына орай Қазақ халқының біртуар азаматы, тау тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына арналған «Бабалар аманаты» кітабының тұсаукесер шарасы өтті.

Оны Түркиядағы Қазақ елшісі Еркебұлан Сәпиев, ТүрікСОИ басшысы Сұлтан Раев ұйымдастырды.

Шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер және кәсіби сүретшілердің өзіндік туындылары жарық көрген «Бабалар аманаты» ұлттық жобасы төрт тілде: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шықты.

Жиында сөз алған ТүрікСОИ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақ елшілігінің кеңесшісі Мерей Мұқажан, Республиканың үздік ұстазы Қанағат Көдеков, Д.Қонаев заманында Қазақ телевизиясының тілшісі болған, Қазақстанның Ыстанбұлдағы алғашқы Бас консулы қызметін атқарған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Д.Қонаев ата туралы естеліктермен бөлісті.

«Ұлы дала» РҚБ төрағасы Ғабиден Әділбекұлы Жәкей қор атынан бір топ қатысушыларға Д.Қонаев медалі төс белгісін тапсырды.

Сұлтан Раев мырза ұстаз Қанағат Көдековты А.Байтұрсынов медалімен марапаттады. Халықаралық Д.Қонаев қорының алқа мүшесі, Түркиядағы уәкілі Ержан Уәйіс қор президенті Елдар Қонаевтың атынан ТүрікСОИ басшысының орынбасары Сайд Юсуп мырзаға қазақ шапанын кигізді. Кеш соңында елшілік Д.Қонаев атамыздың рухына арнап ас берді. Ержан Уәйіс құран бағыштады.

Қазақ TV тілшісі Айдос Әшім, Хабар 24 тілшісі Меруерт бейне таспаға түсіріп, Қазақстан әуе толқынынан берілді.

Анкарадағы «Көк Ту» Қазақ мәдени орталығының төрайымы Ләззәт Мизалімогулына «Ұлы Дала» республикалық қорының естелік медальі табысталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366